Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Еңбек жағдайларын сараптау зертханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.04.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Еңбек жағдайларын сараптау зертханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 27 бабына сәйкес және қолайсыз еңбек жағдайларында еңбек ететін еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Еңбек жағдайларын сараптау зертханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (әрі қарай - кәсіпорын) құрылсын.
Тармақ 2
2. Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы кәсіпорынның уәкілетті органы болып анықталсын.
Тармақ 3
3. Уәкілетті орган - облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы (Мәселеева М.):
Тармақша 1
1) Кәсіпорынның Жарғысын бекітсін және оны облыстық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) Жалақы қорын және кәсіпорынның директорын тағайындасын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Б. Қуандықовқа жүктелсін.