Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил продажи и выкупа Национальным Банком Республики Казахстан банкнот и монет национальной валюты Республики Казахстан, в том числе в специальной упаковке

Қаулы · № 70 · қабылданған 27.04.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-121989/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил продажи и выкупа Национальным Банком Республики Казахстан банкнот и монет национальной валюты Республики Казахстан, в том числе в специальной упаковке Қолданыста Қаулы ·№ 70 ·27.04.2018
25.08.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.08.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил продажи и выкупа Национальным Банком Республики Казахстан банкнот и монет национальной валюты Республики Казахстан, в том числе в специальной упаковке

Қолданыста Қаулы ·№ 70 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил продажи и выкупа Национальным Банком Республики Казахстан банкнот и монет национальной валюты Республики Казахстан, в том числе в специальной упаковке
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
70
Қабылданған күні
27.04.2018
Көрсетілген редакция
25.08.2025 121989_780910.kaz
Соңғы өзгеріс
25.08.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800016922
ЭКБ идентификаторы
121989
Редакция идентификаторы
121989_780910
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:40

0 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын, оның ішінде арнаулы қаптамалардағы банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын, оның ішінде арнаулы қаптамалардағы банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидалары бекітілсін.

2 2. Мына:

1

1) «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сату және сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 255 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7925 болып тіркелген, 2012 жылғы 24 қазанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 696-701 (27773) жарияланған);

2

2) «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сату және сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 255 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 229 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12950 болып тіркелген, 2016 жылғы 11 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасы (Әбішева Т.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

3 3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

4 4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және

4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.

6 6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын, оның ішінде арнаулы қаптамалардағы банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы «27» сәуірдегі
№ 70 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын, оның ішінде арнаулы қаптамалардағы банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын, оның ішінде арнаулы қаптамалардағы банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 43-1-бабына (бұдан әрі – Ұлттық Банк туралы заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын, оның ішінде арнаулы қаптамалардағы банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу тәртібін айқындайды.

2 2. Қағидалар Ұлттық Банктің банкноттарды және айналыстағы монеталарды ұсақтау, тозған банкноттар мен ақаулы (бүлінген) монеталарды, сондай-ақ заңды төлем құралы ретінде күшін жойған банкноттар мен монеталарды айырбастау бойынша операциялар жүргізуіне байланысты қатынастарға қолданылмайды.

2 2-тарау. Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

3 3. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) айналыстағы монеталар – бағалы емес металдардан жасалған және қолма-қол ақша айналысына арналған монеталар;

2 2) арнаулы қаптама – банкноттар мен монеталарды зақымданудан қорғауды қамтамасыз ететін қаптама;

3 3) банкноттар және монеталар – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгенің Қазақстан Республикасының аумағында заңды төлем құралы болып табылатын ақша белгілері;

4 4) белгіленген құн – банкноттардың, монеталардың номиналы бойынша құны;

5 5) инвестициялық монеталар – бағалы металдардан жасалған, инвестициялау және жинақтау объектісі болып табылатын монеталар;

6 6) коллекциялық монеталар – коллекциялау және жинақтау объектісі болып табылатын, бағалы металдардан, сол сияқты бағалы емес металдардан жасалған, шектеулі таралыммен дайындалған мерекелік, естелік және өзге де арнайы соғылған монеталар;

7 7) құрамдас бөліктері бар коллекциялық монеталар – түрлі материалдардан жеке-жеке жасалған және бір монетаның бірыңғай композициясына өзара біріктірілген екі және одан да көп бөліктен тұратын коллекциялық монеталар;

8 8) сауда алаңы – инвестициялық монеталарды, оның ішінде бөліктер (үлестер) бойынша сату және сатып алу жүзеге асырылатын онлайн платформа;

9 9) Ұлттық Банктің интернет-дүкені және (немесе) мобильді қосымша – Ұлттық Банктің жеке және (немесе) заңды тұлғаларға Ұлттық Банк шығаратын инвестициялық, коллекциялық монеталарды, арнаулы қаптамалардағы банкноттар мен айналыстағы монеталарды сатуға арналған Ұлттық Банктің интернет ресурстары;

10 10) Ұлттық Банктің Орталығы – ұлттық валютаның банкноттары мен монеталарын, оның ішінде арнаулы қаптамалардағы банкноттары мен монеталарын сатуды және сатып алуды жүзеге асыратын Ұлттық Банктің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы (филиал);

11 11) Ұлттық Банктің филиалы – Ұлттық Банктің ұлттық валютаның банкноттары мен монеталарын, оның ішінде арнаулы қаптамалардағы банкноттары мен монеталарын сатуды және сатып алуды жүзеге асыратын аумақтық филиалы.

3 3-тарау. Банкноттар мен айналыстағы монеталарды, оның ішінде арнаулы қаптамалардағы банкноттар мен айналыстағы монеталарды сату және сатып алу

4 4. Ұлттық Банктің филиалдары, Ұлттық Банктің Орталығы белгіленген құны бойынша банкноттар мен айналыстағы монеталарды жеке және заңды тұлғаларға сатады, сондай-ақ оларды жеке және заңды тұлғалардан сатып алады.

Арнаулы қаптамалардағы банкноттар мен айналыстағы монеталарды жеке және заңды тұлғаларға Ұлттық Банктің филиалдары, Ұлттық Банктің Орталығы сатады және Ұлттық Банктің интернет-дүкені арқылы сатылады.
Арнаулы қаптамалардағы банкноттар мен айналыстағы монеталарды сату бағасын Ұлттық Банктің Директорлар кеңесі белгілейді, ол банкноттар мен айналыстағы монеталардың белгіленген құнынан, арнаулы қаптаманың құнынан тұрады және тіркелген құн болып табылады.
Ұлттық Банктің интернет-дүкені арқылы арнаулы қаптамалардағы банкноттар мен айналыстағы монеталарды сатып алған кезде жеке және заңды тұлғалар сатып алынған арнаулы қаптамалардағы банкноттар мен айналыстағы монеталарды жеткізу құнын және оларды жеткізу жөніндегі шартта айқындалған сақтандыру алымының сомасын қосымша төлейді.

5

5. Ұлттық Банктің филиалдары, Ұлттық Банктің Орталығы «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 29 қарашадағы № 230 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16120 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 230 қағидалар) белгіленген тәртіппен банкноттар мен монеталардың төлемділігін айқындай отырып, жеке және заңды тұлғалардан арнаулы қаптамалардағы банкноттар мен айналыстағы монеталарды белгіленген құны бойынша сатып алады.

6

6. Банкноттарды және айналыстағы монеталарды сату және сатып алу кезінде кассалық операцияларды жасау Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21299 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 120 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

4 4-тарау. Инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сату және сатып алу

7 7. Инвестициялық және коллекциялық монеталарды сатуды және сатып алуды Ұлттық Банктің филиалдары және Ұлттық Банктің Орталығы жүзеге асырады.

Инвестициялық және коллекциялық монеталарды сату Ұлттық Банктің интернет-дүкені арқылы да жүзеге асырылады.
Инвестициялық монеталарды сату және сатып алу да сауда алаңы арқылы жүзеге асырылады.

8 8. Инвестициялық және коллекциялық монеталарды сату бағасы Ұлттық Банктің Директорлар кеңесінің қаулысымен белгіленеді.

Бағалы емес металдардан жасалған коллекциялық монеталарды сату бағасы белгіленген болып табылады.
Бағалы металдардан жасалған инвестициялық және коллекциялық монеталарды сату бағасы монета дайындалған, бағалы металдың бір трой унциясы үшін Лондон бағалы металдар нарығына қатысушылар қауымдастығы (LBMA) белгілеген таңертеңгі фиксинг (бағаны белгілеу) бойынша және сату күнінің алдындағы жұмыс күні ұлттық валютаның АҚШ долларына қатысты ресми бағамы бойынша айқындалған бағалы металдың құнына байланысты өзгереді.
Ұлттық Банктің интернет-дүкені арқылы инвестициялық және коллекциялық монеталарды сатып алған кезде жеке және заңды тұлғалар сатып алынған инвестициялық және коллекциялық монеталарды жеткізу құнын және оларды жеткізу жөніндегі шартта айқындалған сақтандыру алымының сомасын қосымша төлейді.

9

9. Заңды тұлғалардың инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Төлемдер туралы заң) 25-бабының 9-тармағында белгіленген сомаға сатуына және сатып алуына байланысты операциялар бойынша төлемдер қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.

10

10. Ұлттық Банктің филиалы және (немесе) Ұлттық Банктің Орталығы инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сатқан және (немесе) сатып алған жағдайда, инвестициялық және (немесе) коллекциялық монетаны сатып алатын немесе сатып алуға тапсыратын жеке, заңды тұлғаларды (олардың өкілдерін) сәйкестендіреді, сондай-ақ оларды «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 18-бабының 2-тармағы 1-1) тармақшасының талабына сәйкес тексереді.

11

11. Инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сату кезінде жеке, заңды тұлғалар (олардың өкілдері) Ұлттық Банктің филиалына немесе Ұлттық Банктің Орталығына жеке басын куәландыратын құжатты не цифрлық құжаттар сервисі арқылы алынған, олардың жеке басын растайтын (сәйкестендіретін) цифрлық құжатты, инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сатып алуға өкілеттігін растайтын құжаттың түпнұсқасын немесе цифрлық құжаттар сервисі арқылы алынған цифрлық нұсқасын (жеке немесе заңды тұлғаның атынан өкілдік еткен жағдайда) ұсынады.
Жеке, заңды тұлғалар (олардың өкілдері) инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сатып алған кезде:

1

1) Қағидаларға 1, 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сатып алу өтінішін (бұдан әрі – Өтініш) 2 (екі) данада толтырады, оның біреуі Ұлттық Банктің филиалында немесе Ұлттық Банктің Орталығында қалады, ал екіншісі жеке, заңды тұлғаларға (олардың өкілдеріне) беріледі;

2

2) Ұлттық Банктің филиалына немесе Ұлттық Банктің Орталығына жеке басын куәландыратын құжатты не цифрлық құжаттар сервисі арқылы алынған, олардың жеке басын растайтын (сәйкестендіретін) цифрлық құжатты, инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сатып алу үшін тапсыруға өкілеттігін растайтын құжаттың түпнұсқасын немесе цифрлық құжаттар сервисі арқылы алынған цифрлық нұсқасын (жеке немесе заңды тұлғаның атынан өкілдік еткен жағдайда) ұсынады.

12

12. Инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сату кезінде жеке, заңды тұлғаларды (олардың өкілдерін) сәйкестендіру инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сатып алу өкілеттігін растайтын құжатта (жеке немесе заңды тұлға атынан өкілдік еткен жағдайда) көрсетілген мәліметтерді жеке басын куәландыратын құжаттың деректерімен не цифрлық құжаттар сервисі арқылы алынған олардың жеке басын растайтын (сәйкестендіретін) деректермен салыстырып тексеру арқылы жүзеге асырылады.
Инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сатып алу кезінде жеке, заңды тұлғаларды (олардың өкілдерін) сәйкестендіру Өтініште және сатып алу үшін инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды тапсыру өкілеттігін растайтын құжатта (жеке немесе заңды тұлға атынан өкілдік еткен жағдайда) көрсетілген мәліметтерді жеке басын куәландыратын құжаттың деректерімен не цифрлық құжаттар сервисі арқылы алынған, олардың жеке басын растайтын (сәйкестендіретін) деректермен салыстырып тексеру жолымен жүзеге асырылады.
Жеке басын куәландыратын құжатта не цифрлық құжаттар сервисі арқылы алынған, олардың жеке басын растайтын (сәйкестендіретін) деректерде орналастырылған фотосуретті ұсынушының жеке басымен көзбен шолып салыстыру да жүргізіледі.
Қағидалардың 10 және 11-тармақтарында көзделген талаптар екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Ұлттық пошта операторына және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылмайды.

13 13. Жеке, заңды тұлғалардың (олардың өкілдерінің) Өтініште көрсеткен мәліметтері дәйексіз болған жағдайда, Ұлттық Банктің филиалы және (немесе) Ұлттық Банктің Орталығы инвестициялық және коллекциялық монеталарды сату және сатып алу бойынша кассалық операцияларды жүргізуден бас тартады.

Егер жеке, заңды тұлғалар (олардың өкілдері) жаппай қырып-жоятын қаруды таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде және (немесе) терроризм мен экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде болса, Ұлттық Банктің филиалы және (немесе) Ұлттық Банктің Орталығы инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сату және сатып алу бойынша кассалық операцияларды жүргізуді тоқтата тұру және бас тарту бойынша шаралар қабылдайды.

14

14. Бағалы металдан жасалған инвестициялық және (немесе) коллекциялық монетаны қабылдайтын Ұлттық Банк филиалының немесе Ұлттық Банк Орталығының қызметкері Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алу үшін монеталарды қабылдау-өткізу актісін 2 (екі) данада жасайды, олардың біреуі Ұлттық Банктің филиалында немесе Ұлттық Банктің Орталығында қалады, ал екіншісі жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаға (олардың өкілдеріне) беріледі.

15 15. Бағалы емес металдардан жасалған коллекциялық монеталар олардың белгіленген құны бойынша сатып алынады.

Бағалы емес металдардан жасалған коллекциялық монеталарды сатып алу кезінде Ұлттық Банк филиалының немесе Ұлттық Банк Орталығының қызметкері № 230 қағидаларда белгіленген тәртіппен монеталардың төлемділігін айқындайды.

5 5-тарау. Бағалы металдардан жасалған инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сатып алған кездегі сараптама, олардың сомасын есептеу және оны төлеу мерзімі

16 16. Сатып алу үшін қабылданған бағалы металдан жасалған инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарға монетаның жасалған металын, металдың сынамын және монетадағы бағалы металдың таза химиялық салмағын граммен анықтау үшін сараптама жүргізіледі.

17

17. Ұлттық Банктің филиалы сатып алу үшін қабылданған құрамдас бөліктері бар коллекциялық монеталарды қоспағанда, және (немесе) Ұлттық Банктің Орталығы сатып алу үшін қабылданған бағалы металдан жасалған инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталардың сараптамасын осындай сараптаманы жүргізуге арналған жабдықта жүргізеді.
Ұлттық Банктің филиалы сатып алу үшін қабылданған құрамдас бөліктері бар коллекциялық монеталарды сараптама жүргізу үшін Ұлттық Банктің Орталығына береді. Сатып алу үшін қабылданған құрамдас бөліктері бар коллекциялық монеталарға сараптаманы Ұлттық Банктің Орталығы осындай сараптама жүргізуге арналған жабдықта жүргізеді.
Ұлттық Банктің филиалы сараптаманы жүргізуге арналған жабдықтың болмауы немесе істен шығуы себебімен сатып алу үшін қабылдаған инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарға сараптама жүргізе алмаған жағдайда, сараптаманы Ұлттық Банктің Орталығы жүргізеді.

18 18. Сатып алу үшін қабылданған бағалы металдан жасалған инвестициялық және (немесе) коллекциялық монета сараптамасының қорытындысы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.

Сатып алу үшін қабылданған құрамдас бөліктері бар коллекциялық монета сараптамасының қорытындысы Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.

19 19. Сараптаманың қорытындысы негізінде:

Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалы металдан жасалған инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталардың;
Қағидаларға 5-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрамдас бөліктері бар коллекциялық монеталардың сатып алу сомасын есептеу жүргізіледі.
Бағалы металдың химиялық таза бір трой унциясы үшін Лондон бағалы металдар нарығына қатысушылар қауымдастығы (LBMA) АҚШ долларымен белгілеген таңертеңгі фиксинг (бағаны белгілеу) инвестициялық немесе коллекциялық монетаны Ұлттық Банктің филиалы, Ұлттық Банктің Орталығы жеке немесе заңды тұлғадан (олардың өкілдерінен) сатып алуы үшін қабылдау күнінің алдындағы Қазақстан Республикасындағы жұмыс күні айқындалады.
Ұлттық валютаның АҚШ долларына қатысты ресми бағамы Ұлттық Банктің филиалы, Ұлттық Банктің Орталығы жеке немесе заңды тұлғадан (олардың өкілдерінен) инвестициялық немесе коллекциялық монетаны сатып алу үшін қабылдау күнінің алдындағы Қазақстан Республикасындағы жұмыс күні айқындалады.
Бағалы металдан жасалған, теңгемен тұтас белгіге дейін дөңгелектенген инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сатып алу сомасы инвестициялық немесе коллекциялық монетаның дизайнында пайдаланылған, салынған теңбілдер, қондырмалар, жалатулар және басқа да декоративтік бөлшектер құнын қоспағанда, монетадағы бағалы металдың граммен химиялық таза салмағының құнына тең болады.
Теңгемен тұтас белгіге дейін дөңгелектенген құрамдас бөліктері бар коллекциялық монеталардың сатып алу сомасы құрамдас бөліктері бар коллекциялық монеталардың дизайнында пайдаланылған, салынған теңбілдер, қондырмалар, жалатулар және басқа да декоративтік бөлшектер құнын қоспағанда, коллекциялық монетаның әрбір құрамдас бөлігінің химиялық таза бағалы металдың граммен салмағының құнына тең болады.
Егер сараптама нәтижелері бойынша бағалы металдардан жасалған бір коллекциялық монетаны сатып алудың есептелген сомасы Қағидалардың 8-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес белгіленген сату бағасынан асып кетсе, онда сатып алу сомасы Қағидалардың 8-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес белгіленген оны сату бағасына тең болады.
Егер сараптама нәтижелері бойынша бағалы металдардан жасалған бір инвестициялық немесе коллекциялық монетаны сатып алудың есептелген сомасы оның белгіленген құнынан аз болса, онда сатып алу сомасы бағалы металдан жасалған инвестициялық немесе коллекциялық монетаның белгіленген құнына тең болады.

20

20. Ұлттық Банктің филиалы және (немесе) Ұлттық Банктің Орталығы инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмейтін мерзімде оларды сатып алу үшін тапсырған жеке, заңды тұлғаларға (олардың өкілдеріне) сараптаманың қорытындысын жібереді және бағалы металдан жасалған инвестициялық және (немесе) коллекциялық монетаны сатып алу сомасын төлейді.

21

21. Орталық Қағидалардың 17-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде көзделген жағдайларда сараптама жүргізген кезде Ұлттық Банктің филиалы инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмейтін мерзімде оларды сатып алуға тапсырған жеке, заңды тұлғаларға (олардың өкілдеріне) Ұлттық Банктің Орталығы дайындаған сараптаманың қорытындысын жібереді және бағалы металдан жасалған инвестициялық және (немесе) коллекциялық монетаны сатып алу сомасын төлейді.

22 22. Жеке тұлғалар үшін – 10000000 (он миллионнан) теңге, заңды тұлғалар үшін Төлемдер туралы заңның 25-бабының 9-тармағында белгіленген сомадан асатын сатып алу сомасы Өтініште көрсетілген шотқа ақшаны аударғаны үшін алынатын комиссия сомасын шегергенде қолма-қол ақшасыз нысанда төленеді.

23 23. Қолдан жасалу белгісі бар монета ретінде бағалы металдың Ұлттық Банк органының Ұлттық Банк туралы заңның 15-бабының үшінші бөлігіне сәйкес қабылданған шешімдерінде айқындалған құрамы мен сынамасына сәйкес келмейтін түпнұсқа монетаның сыртқы түрін көрсететін монета танылады.

Сараптаманың нәтижелері бойынша анықталған қолдан жасалған белгілері бар монеталар оларды сатып алуға тапсырған жеке, заңды тұлғаларға (олардың өкілдеріне) қайтарылмайды және Ұлттық Банктің филиалы және (немесе) Ұлттық Банктің Орталығы оларды құқық қорғау органдарына береді. Қолдан жасалған белгілері бар монеталардың сатып алу сомасы есептелмейді және төленбейді.

6 6-тарау. Инвестициялық монеталарды сауда алаңы арқылы сату

24

24. Ұлттық Банктің инвестициялық монеталарды, оның ішінде инвестициялық монета дайындалған бағалы металдың химиялық таза салмағының грамында (унцияларда) айқындалатын бөліктер (үлестер) бойынша сауда алаңы арқылы сатуы және сатып алуы Қағидалардың 8-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес айқындалатын сату бағасы бойынша жүзеге асырылады.

25

25. Жеке және заңды тұлғалардың (олардың өкілдерінің) Ұлттық Банктің филиалында сауда алаңы арқылы сатып алынған инвестициялық монеталарды алуы Ұлттық Банк Басқармасының инвестициялық монеталарды айналысқа шығару туралы қаулысында айқындалған олардың толық салмағын сатып алу (төлеу) шартымен жүзеге асырылады.

26 26. Ұлттық Банктің филиалында жеке және заңды тұлғалар (олардың өкілдері) алған инвестициялық монеталарды Ұлттық Банктің сатып алуы Қағидалардың 4 және 5-тарауларында көзделген тәртіппен жүргізіледі.

1 Жеке тұлғаның инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сатып алу үшін тапсыруға арналған өтініші

Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкiнiң Қазақстан Республикасы
ұлттық валютасының банкноттары
мен монеталарын сату және
сатып алу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Жеке тұлғаның инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды
сатып алу үшін тапсыруға арналған өтініші
_____қаласы
20___ жылғы «___» ________
Мен,____________________________________________________________________________________,
(жеке тұлғаның не оның инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сатып алу үшін
тапсыруға өкілеттігін растайтын құжат бойынша оның өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса))
осы арқылы өз атымнан (сенімгердің атынан) мәміле жасайтынымды растаймын және
_____________________________________________________________________________________________
(Ұлттық Банк филиалының немесе Орталығының атауы)
осы өтініштің 1-кестесінде көрсетілген деректер бойынша монетаны (монеталарды) сатып алуға қабылдауды
сұраймын, сондай-ақ:
1) салдарынан монета (монеталар) қайтарылуға жатпайтын, бұзу әдісімен сараптама жүргізуге;
2) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес менің дербес деректерімді (сенімгердің дербес деректерін) жинауға, өңдеуге және таратуға;
3) Қағидалардың 19-тармағына сәйкес есептелген сатып алу сомасын алуға;
4) ақшаны қолма-қол ақшасыз нысанда алуға және егер монетадағы химиялық таза бағалы металл салмағының құны үшін төлем сомасы ақша аудару үшін комиссия сомасын шегергенде 10000000 (он миллион) теңгеден асқан жағдайда, ақшаны осы өтініштің 2-кестесінде көрсетілген шотқа аударуға келісім беремін.
1-кесте

Мо­не­та­ның ата­уы
Мо­не­та­ның тү­рі (ин­ве­сти­ци­я­лық неме­се кол­лек­ци­я­лық)
Но­ми­на­лы тең­ге­мен (цифр­мен және жа­зу­мен)
Са­ны, да­на­сы (цифр­мен және жа­зу­мен)
Мо­не­та­да көр­се­ті­л­ген ме­тал­дың тү­рі
Мо­не­та­да грам­мен (ун­ци­я­мен) көр­се­ті­л­ген сал­ма­ғы
1
2
3
4
5
6
7
1
2
3
Бар­лы­ғы
х
х
х
2-кесте

Та­лап еті­ле­тін мә­лі­мет­тер
мәмі­ле жа­сай­тын же­ке тұл­ға ту­ра­лы
ин­ве­сти­ци­я­лық және (неме­се) кол­лек­ци­я­лық мо­не­та­лар­ды са­тып алу үшін тап­сы­ру­ға өкі­лет­ті­гін рас­тай­тын құ­жат бой­ын­ша же­ке тұл­ға­ның өкі­лі
ту­ра­лы
1
Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол бар бол­са)
2
Ту­ған кү­ні мен же­рі
3
Аза­мат­тығы
4
Же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (ол бар бол­са)
5
Же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың тү­рі, нө­мі­рі, се­ри­я­сы (ол бар бол­са) кім және қа­шан бер­ген, қол­да­ны­лу мер­зі­мі не цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі ар­қы­лы алын­ған, кли­ент­тің же­ке ба­сын рас­тай­тын (сәй­кестен­ді­ре­тін) де­ректер
6
Тұр­ғы­лық­ты же­рі­нің ме­кен­жайы.
Тір­кел­ген же­рі­нің неме­се кел­ген же­рі­нің ме­кен­жайы (мем­ле­ке­ті, об­лы­сы, ауда­ны, ел­ді ме­ке­ні (қа­ла­сы, кен­ті, ауы­лы), кө­ше­нің, даң­ғыл­дың, ша­ғын аудан­ның ата­уы, үй­дің нө­мі­рі, пәтер­дің нө­мі­рі (олар бар бол­са) көр­се­ті­ле­ді
7
Бай­ла­ныс те­ле­фон нө­мі­рі
8
Элек­трон­дық по­шта ме­кен­жайы (ол бар бол­са)
9
Шот­тың нө­мі­рі, банк­тің то­лық ата­уы
х
Жеке тұлғаның (оның өкілінің)
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
_________________________________________ ______________
(қолы)

2 Заңды тұлғаның инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сатып алу үшін тапсыруға арналған өтініші

Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкiнiң Қазақстан Республикасы
ұлттық валютасының банкноттары
мен монеталарын сату және
сатып алу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Заңды тұлғаның инвестициялық және (немесе) коллекциялық
монеталарды сатып алу үшін тапсыруға арналған өтініші
_____қаласы
20___ жылғы «___» ________
______________________________________________________________________________________________,
(заңды тұлғаның атауы)
___________________________________________ негізінде іс-қимыл жасайтын
______________________________________________________________________________________ арқылы,
(заңды тұлға өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

______________________________________________________________________________________________
(Ұлттық Банк филиалының немесе Орталығының атауы)
осы өтініштің 1-кестесінде көрсетілген деректер бойынша монетаны (монеталарды) сатып алуға қабылдауды
сұрайды, сондай-ақ:
1) салдарынан монета (монеталар) қайтарылуға жатпайтын, бұзу әдісімен сараптама жүргізуге;
2) Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес заңды тұлға өкілінің ________________________ дербес деректерін жинауға, өңдеуге және таратуға;
3) Қағидалардың 19-тармағына сәйкес есептелген сатып ау сомасын алуға келісімін береді.
1-кесте

Мо­не­та­ның ата­уы
Мо­не­та­ның тү­рі (ин­ве­сти­ци­я­лық неме­се кол­лек­ци­я­лық)
Но­ми­на­лы тең­ге­мен (цифр­мен және жа­зу­мен)
Са­ны, да­на­сы (цифр­мен және жа­зу­мен)
Мо­не­та­да көр­се­ті­л­ген ме­тал­дың тү­рі
Мо­не­та­да грам­мен (ун­ци­я­мен) көр­се­ті­л­ген сал­ма­ғы
1
2
3
4
5
6
7
1
2
3
Бар­лы­ғы
х
х
х
2-кесте

Заң­ды тұл­ға ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
1
То­лық, қы­сқар­ған ата­уы (ол бар бол­са), ұй­ым­дық-құқық­тық ны­са­ны
2
Биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (ол бар бол­са)
3
Заң­ды тұл­ға­ны тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы анық­та­ма бе­рі­л­ген кү­ні, тір­ке­у­ші ор­ган­ның ата­уы
4
Ор­на­лас­қан же­рі­нің ме­кен­жайы. Заң­ды ме­кен­жайы және нақ­ты ме­кен­жайы (мем­ле­ке­ті, об­лы­сы, ауда­ны, ел­ді ме­ке­ні (қа­ла­сы, кен­ті, ауы­лы), кө­ше­нің, даң­ғыл­дың, ша­ғын аудан­ның ата­уы, үй­дің нө­мі­рі, пәтер­дің нө­мі­рі, кең­се нө­мі­рі (бар бол­са) көр­се­ті­ле­ді
5
Бай­ла­ныс те­ле­фон нө­мі­рі
6
Элек­трон­дық по­шта ме­кен­жайы (бар бол­са)
7
Шот­тың нө­мі­рі, банк­тің то­лық ата­уы
8
Құ­ры­л­тай­шы­лар (қа­ты­су­шы­лар) ту­ра­лы де­ректер (құ­ры­л­тай­шы­ның (қа­ты­су­шы­ның) ата­уы көр­се­ті­ле­ді), егер құ­ры­л­тай­шы (қа­ты­су­шы) же­ке тұл­ға неме­се да­ра кә­сіп­кер бо­лып та­был­са, он­да те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол бар бол­са) көр­се­ті­ле­ді)
3-кесте

Заң­ды тұл­ға­ның өкі­лі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
1
Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол бар бол­са)
2
Ту­ған кү­ні мен же­рі
3
Аза­мат­тығы
4
Же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (ол бар бол­са)
5
Же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың тү­рі, нө­мі­рі, се­ри­я­сы (ол бар бол­са) кім және қа­шан бер­ген, қол­да­ны­лу мер­зі­мі не цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі ар­қы­лы алын­ған, кли­ент­тің же­ке ба­сын рас­тай­тын (сәй­кестен­ді­ре­тін) де­ректер
6
Тұр­ғы­лық­ты же­рі­нің ме­кен­жайы. Тір­кел­ген же­рі­нің неме­се кел­ген же­рі­нің ме­кен­жайы (мем­ле­ке­ті, об­лы­сы, ауда­ны, ел­ді ме­ке­ні (қа­ла­сы, кен­ті, ауы­лы), кө­ше­нің, даң­ғыл­дың, ша­ғын аудан­ның ата­уы, үй­дің нө­мі­рі, пәтер­дің нө­мі­рі (олар бар бол­са) көр­се­ті­ле­ді
7
Бай­ла­ныс те­ле­фон нө­мі­рі
8
Элек­трон­дық по­шта ме­кен­жайы (ол бар бол­са)
Заңды тұлға өкілінің
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
___________________________________ _________________
(қолы)

3 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң

Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының
банкноттары мен монеталарын сату және
сатып алу қағидаларына
3-қосымша
Нысан
______________ қаласы 20___ жылғы «___» ___________
Осы акт қызметкер
_________________________________________________________________________
(Ұлттық Банк филиалының немесе Ұлттық Банк Орталығының атауы)
_________________________________________________________________________
(қызметкердің лауазымы және тегі, аты, әкесінің атын (ол бар болса)
_____________________________________________ мына монетаны (монеталарды)
(жеке тұлғаның (оның өкілінің) тегі, аты,
әкесінің аты (ол бар болса) не заңды
тұлғаның атауы және оның өкілінің тегі,
аты, әкесінің аты (ол бар болса)
қабылдағаны туралы жазылады:

Монетаның атауы
Монетаның түрі (инвестициялық немесе коллекциялық)
Номиналы теңгемен (цифрмен және жазумен)
Саны, дана (цифрмен және жазумен)
Монетада көрсетілген металдың түрі
Монетада граммен (унциямен) көрсетіл-ген салмағы
1
2
3
4
5
6
7
1
2
Барлығы
х
х
х
Қабылдаған:
___________________________________________ _______________
(Ұлттық Банктің филиалы немесе (қолы)
Ұлттық Банк Орталығы қызметкерінің лауазымы
және тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
Өткізген:
___________________________________________ _______________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол (қолы)
бар болса) не заңды тұлғаның атауы және
оның өкілінің тегі, аты, әкесінің аты
(ол бар болса)

1.4 № ______ сатып алу үшін қабылданған бағалы металдардан жасалған инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сараптау қорытындысы

Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкiнiң
Қазақстан Республикасы
ұлттық валютасының банкноттары
мен монеталарын сату және
сатып алу қағидаларына
4-қосымша
Нысан
№ ______ сатып алу үшін қабылданған бағалы металдардан жасалған инвестициялық және
(немесе) коллекциялық монеталарды сараптау қорытындысы
_____қаласы                                                    20___ жылғы «___» ________
_______________________________________________________________
(бағалы металдан жасалған инвестициялық және (немесе) коллекциялық
монеталарға сараптама жүргізген Ұлттық Банк /
филиалының немесе Орталығының атауы)
Жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
Заңды тұлғаның атауы
Монетаны алу күні
Сараптама жүргізу күні
Монетаның сипаттамасы
Монетаның атауы
Номиналы (теңге)
Монетаның нақты салмағы (грамм)
Тұтастығы (иә/жоқ)
Монетаның салмағы (грамм)
Бағалы металдың түрі
Негізгі бағалы металдың сынамы
Химиялық таза бағалы металдың салмағы (грамм)
Қорытынды
Сатып алынатын монетаға сараптама
жүргізген Ұлттық Банктің
филиалы немесе Ұлттық Банктің
Орталығы қызметкерінің лауазымы
________________________ _____________ ________________________
(қолы) тегі, аты, әкесінің аты
(ол бар болса)
Сатып алынатын монетаға сараптама
жүргізуге бақылау жасаған
Ұлттық Банктің филиалы немесе
Ұлттық Банктің Орталығы
қызметкерінің лауазымы
________________________ _____________ ________________________
(қолы) тегі, аты, әкесінің аты
(ол бар болса)
Ескертпе: «Монетаның атауы» және «Монетаның салмағы» жолдарында инвестициялық және (немесе) коллекциялық монетаның Ұлттық Банк органының Ұлттық Банкі туралы заңның 15-бабының үшінші бөлігіне сәйкес қабылданған шешімдерінде айқындалған ақпаратқа сәйкес келетін атауы және салмағы көрсетіледі.

4-1 Қазақстан Республикасы Ұлттық

Банкiнiң Қазақстан Республикасы
ұлттық валютасының банкноттары
мен монеталарын сату және
сатып алу қағидаларына
4-1-қосымша
Нысан
________ қаласы
20___ жылғы «__» ________
Же­ке тұл­ға­ның неме­се заң­ды тұл­ға өкі­лі­нің те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол бар бол­са)
Заң­ды тұл­ға­ның ата­уы
Құ­рам­дас бө­лік­те­рі бар кол­лек­ци­я­лық мо­не­та­ны алу кү­ні
Са­рап­та­ма жүр­гі­зу кү­ні
Мо­не­та­ның си­патта­ма­сы
Құ­рам­дас бө­лік­те­рі бар кол­лек­ци­я­лық мо­не­та­ның ата­уы
Но­ми­на­лы (тең­ге)
Тұ­та­стығы (иә (жоқ)
Құ­рам­дас бө­лік­те­рі бар кол­лек­ци­я­лық мо­не­та­ның сал­ма­ғы (грамм)
Құ­рам­дас бө­лік­те­рі бар кол­лек­ци­я­лық мо­не­та­ның әр­бір бө­лі­гі­нің сал­ма­ғы (грамм)
Құ­рам­дас бө­лік­те­рі бар кол­лек­ци­я­лық мо­не­та­ның әр­бір бө­лі­гі­нің нақ­ты сал­ма­ғы (грамм)
Құ­рам­дас бө­лік­те­рі бар кол­лек­ци­я­лық мо­не­та­ның әр­бір бө­лі­гі­нің ба­ға­лы ме­та­лы­ның тү­рі
Құ­рам­дас бө­лік­те­рі бар кол­лек­ци­я­лық мо­не­та­ның әр­бір бө­лі­гі­нің ба­ға­лы ме­та­лы­ның сы­на­ма­сы
Құ­рам­дас бө­лік­те­рі бар кол­лек­ци­я­лық мо­не­та­ның әр­бір бө­лі­гі­нің хи­ми­я­лық та­за ба­ға­лы ме­та­лы­ның сал­ма­ғы (грамм)
Қо­ры­тын­ды
«Құрамдас бөліктері бар коллекциялық монетаның атауы», «Құрамдас бөліктері бар коллекциялық монетаның салмағы (грамм)» және «Құрамдас бөліктері бар коллекциялық монетаның әрбір бөлігінің салмағы (грамм)» жолдарында тиісті монетаны дайындау туралы шешім қабылданған Ұлттық Банк Басқармасының қаулысына сәйкес тұтасы монетаның атауы, салмағы және құрамдас бөліктері бар коллекциялық монетаның әрбір бөлігінің салмағы көрсетіледі.
Са­тып алы­на­тын мо­не­та­ға са­рап­та­ма жү­зе­ге асыр­ған Ұлт­тық Банк­тің Ор­та­лы­ғы қыз­мет­ке­рі­нің ла­у­а­зы­мы
______________________________
______________________________
________________
(қо­лы)
______________________
те­гі, аты, әке­сі­нің аты
(ол бар бол­са)
Са­тып алы­на­тын мо­не­та­ға са­рап­та­ма жү­зе­ге асыр­ған Ұлт­тық Банк­тің Ор­та­лы­ғы қыз­мет­ке­рі­нің ла­у­а­зы­мы
_______________________________
_______________________________
________________
(қо­лы)
_____________________
те­гі, аты, әке­сі­нің аты
(ол бар бол­са)

5 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң

Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының
банкноттары мен монеталарын сату және
сатып алу қағидаларына
5-қосымша
Нысан
20___ жылғы «___» ___________*
____________________________________________________________________
(Ұлттық Банктің филиалының немесе Орталығының атауы)
____________________________________________________________________
(инвестициялық немесе коллекциялық монетаны тапсырған жеке
тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты не заңды тұлғаның атауы және
оның өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса))

Бағалы металдың түрі
Монетаның атауы (инвестициялық, коллекциялық)
Номиналы
Химиялық таза бағалы металдың граммен салмағы (сараптама жасауға
сәйкес)
1 (бір) грамм үшін монетаның бағасы
(теңге, тиын)
1
2
3
4
5
6
7*8/31,1034768
Жиынтығы:
Барлығы:
кестенің жалғасы:
Бір трой унциясы үшін
Лондон бағалы металдар нарығына қатысушыларының қауымдастығы (LBMA) белгілеген бағалы металдардың химиялық таза бағалы металдардың таңғы фиксингі
(баға белгілеу)
Ұлттық валютаның АҚШ долларына ресми бағамы
Бір монета үшін сатып алу бағасы
(теңгемен тұтас белгіге дейін дөңгелектеу)
Дана саны (сатып алынғаны)
Сатып алудың жалпы сомасы
7
8
9
10
11
5*6
9*10
Сатып алынатын монетаның құнын
есептеуді жүзеге асырған Ұлттық Банк
филиалы немесе Ұлттық Банк Орталығы
қызметкерінің лауазымы
____________________________________ ___________ _______________________
____________________________________ (қолы) тегі, аты, әкесінің аты
(ол бар болса)
Сатып алынатын монетаға сараптама
жүргізуге бақылауды жүзеге асырған
Ұлттық Банк филиалы немесе Ұлттық
Банк Орталығы қызметкерінің лауазымы
____________________________________ ___________ _______________________
____________________________________ (қолы) тегі, аты, әкесінің аты
(ол бар болса)
Сатып алынатын монетаға сараптаманы
жүзеге асырған Ұлттық Банк филиалы
немесе Ұлттық Банк Орталығы
қызметкерінің лауазымы
____________________________________ ___________ _______________________
____________________________________ (қолы) тегі, аты, әкесінің аты
(ол бар болса)
*Ескертпе: Ұлттық Банктің Орталығы монеталарды сатып алуға қабылдаған Ұлттық Банктің филиалына монеталарды сатып алу сомасын аударған күні (сатып алынған монетаға Ұлттық Банктің Орталығы сараптама жүргізген жағдайда), немесе Ұлттық Банктің филиалы монетаны сатып алу сомасын жеке немесе заңды тұлғаға берген күні (сатып алынған монетаға Ұлттық Банктің филиалы сараптама жүргізген жағдайда) көрсетіледі.

5-1 Қазақстан Республикасы Ұлттық

Банкiнiң Қазақстан Республикасы
ұлттық валютасының банкноттары
мен монеталарын сату және
сатып алу қағидаларына
5-1-қосымша
Нысан
20___ жылғы «___» ___________
Р/с №
Құ­рам­дас бө­лік­те­рі бар кол­лек­ци­я­лық мо­не­та­лар­дың ата­уы
Но­ми­на­лы
Құ­рам­дас бө­лік­те­рі бар кол­лек­ци­я­лық мо­не­та­лар­дың әр­бір бө­лі­гі­нің ба­ға­лы ме­та­лы­ның тү­рі
Құ­рам­дас бө­лік­те­рі бар кол­лек­ци­я­лық мо­не­та­лар­дың әр­бір бө­лі­гі­нің хи­ми­я­лық та­за ба­ға­лы ме­та­лы­ның грам­мен сал­ма­ғы ( са­рап­та­ма қо­ры­тындыс­ы­на
сәй­кес )
Құ­рам­дас бө­лік­те­рі бар кол­лек­ци­я­лық мо­не­та­лар­дың әр­бір бө­лі­гі­нің хи­ми­я­лық та­за ба­ға­лы ме­та­лы­ның бір трой ун­ци­я­сы үшін Лон­дон ба­ға­лы ме­тал­дар на­ры­ғы­на қа­ты­су­шы­ла­ры­ның қа­уым­да­стығы (LBMA) бел­гі­ле­ген ба­ға­лы ме­тал­дар­дың таң­ғы фик­син­гі (ба­ға бел­гі­леу)
Ұлт­тық ва­лю­та­ның АҚШ дол­ла­ры­на ре­сми ба­ға­мы
Құ­рам­дас бө­лік­те­рі бар кол­лек­ци­я­лық мо­не­та­лар­дың әр­бір бө­лі­гі­нің 1 (бір) гра­мы үшін ба­ға­сы
(тең­ге, тиын)
Құ­рам­дас бө­лік­те­рі бар бір қол­лек­ци­я­лық мо­не­та үшін са­тып алу ба­ға­сы (тең­ге­мен тұ­тас бел­гі­ге дей­ін дөң­ге­лек­теу)
Да­на са­ны (са­тып алын­ға­ны )
Са­тып алу­дың жал­пы со­ма­сы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
Жиын­тығы
Жиын­тығы:
Бар­лы­ғы:
Са­тып алы­на­тын мо­не­та­ның құ­нын есеп­те­уді жү­зе­ге асыр­ған Ұлт­тық Банк Ор­та­лы­ғы қыз­мет­ке­рі­нің ла­у­а­зы­мы
___________________________________________________
___________
(қо­лы)
_______________________
Са­тып алы­на­тын мо­не­та­ға са­рап­та­ма жүр­гізу­ге ба­қы­ла­уды жү­зе­ге асыр­ған Ұлт­тық Банк Ор­та­лы­ғы қыз­мет­ке­рі­нің ла­у­а­зы­мы
______________________________________________________
___________
(қо­лы)
_____________________
Са­тып алы­на­тын мо­не­та­ға са­рап­та­ма­ны жү­зе­ге асыр­ған Ұлт­тық Банк Ор­та­лы­ғы қыз­мет­ке­рі­нің ла­у­а­зы­мы
____________________________________________________
___________
(қо­лы)
_____________________
📌 Ескертпе.
Ұлттық Банк орталығының монеталарды сатып алуға қабылдаған Ұлттық Банктің филиалына монеталарды сатып алу сомасын аударған күні (Ұлттық Банктің Орталығы сатып алған монетаға сараптама жүргізген жағдайда) немесе Ұлттық Банк филиалының монетаны жеке немесе заңды тұлғаға сатып алу сомасын берген күні (Ұлттық Банктің филиалы сатып алған монетаға сараптама жүргізген жағдайда) құжаттың күні болып көрсетіледі.

Қолданыстағы