«Қорқыт - Ата» Аэропорты» ААҚ жарғылық капиталы туралы
Облыс әкiмiнiң 2001 жылғы 17 ақпандағы № 417 «Аэропорт «Қызылорда» ашық акционерлiк қоғамы туралы» шешiмiне сәйкес және «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңының негiзiнде облыс әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Қорқыт - Ата» Аэропорты» ААҚ жарғылық капиталы туралы от 22.04.2002 г. № 222 (Қорқыт - Ата» Аэропорты» ААҚ жарғылық капиталы туралы)
0
1
1. Қоғамның балансына берiлген сағатына 150 жолаушы өткiзу қабiлеттiгi бар аэровокзал ғимараты «Қорқыт - Ата» Аэропорты» ААҚ жарғылық капиталына енгiзiлсiн.
2
2. «Қорқыт - Ата» Аэропорты» ААҚ басқарма төрағасы /Қ. Дөнсебаев/:
1
1) «Қорқыт - Ата» Аэропорты» ААҚ құрылтай құжаттарына тиiстi өзгерiстер енгiзсiн;
2
2) заңнамада белгiленген тәртiппен облыстық әдiлет басқармасына енгiзiлген өзгерiстер туралы хабарласын.
3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары Б. Қуандықовқа жүктелсiн.