Қорқыт - Ата» Аэропорты» ААҚ жарғылық капиталы туралы Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.04.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қорқыт - Ата» Аэропорты» ААҚ жарғылық капиталы туралы Облыс әкiмiнiң 2001 жылғы 17 ақпандағы № 417 «Аэропорт «Қызылорда» ашық акционерлiк қоғамы туралы» шешiмiне сәйкес және «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңының негiзiнде облыс әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қоғамның балансына берiлген сағатына 150 жолаушы өткiзу қабiлеттiгi бар аэровокзал ғимараты «Қорқыт - Ата» Аэропорты» ААҚ жарғылық капиталына енгiзiлсiн.
Тармақ 2
2. «Қорқыт - Ата» Аэропорты» ААҚ басқарма төрағасы /Қ. Дөнсебаев/:
Тармақша 1
1) «Қорқыт - Ата» Аэропорты» ААҚ құрылтай құжаттарына тиiстi өзгерiстер енгiзсiн;
Тармақша 2
2) заңнамада белгiленген тәртiппен облыстық әдiлет басқармасына енгiзiлген өзгерiстер туралы хабарласын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары Б. Қуандықовқа жүктелсiн.