Қолданыстағы ред. 23.04.2002 (Редакция 12206_293597.kaz)

Ауылшаруашылық ұйымдарының банкроттыққа ұшырау жағдайында уәкілетті органды белгілеу туралы от 23.04.2002 г. № 226 (Ауылшаруашылық ұйымдарының банкроттыққа ұшырау жағдайында уәкілетті органды белгілеу туралы)

0

Ауылшаруашылық ұйымдарының банкроттыққа ұшырау жағдайында уәкілетті органды белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 11 шілдесіндегі №239-11 "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес және дәрменсіз ауылшаруашылық борышкер ұйымдарды оңалту бойынша бақылау мен оларды таратуды жүзеге асыру мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Облыстағы ауылшаруашылық ұйымдарының (республикалық меншіктегі ұйымдарды қоспағанда) банкроттық рәсімдерінде уәкілетті органы болып облыстық ауылшаруашылығы басқармасы белгіленсін.

2

2. Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының құрылымы енгізілген өзгертулерімен бекітілсін (1 қосымша).

3

3. Облыстық ауылшаруашылығы басқармасы (Қ. Ахметов) мен Қазақстан Республикасының Кіріс Министрлігінің дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасымен (Хен В.А) бірге, ауылшаруашылық ұйымдарын тарату рәсімдеріне байланысты барлық материалдарына алыс-беріс бойынша қажетті жұмыстарын жүргізсін.

4

4. Облыс әкімінің 2002 жылдың 8 сәуіріндегі №208 "Ауылшаруашылық ұйымдарының банкроттыққа ұшырау жағдайында уәкілетті органды белгілеу туралы" қаулысы күшін жойған болып танылсын.

5

5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Б. Қуандықовқа жүктелсін.

6

Облыс әкімиятының
2002 жылғы 24 сәуірдегі
N 226 қаулысымен бекітілді
1 қосымша
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының
құрылымы
лауазым
Басшылық Бірлік
Басқарма бастығы 1
Өндіріс мәселелері жөніндегі орынбасар 1
Кадр мәселелері жөніндегі бас маман 1
Барлығы 3
Егіншілік, мал шаруашылығы және техникамен
қамтамасыз ету бөлімі
Бөлім бастығы 1
Егін шаруашылығы бас маманы 1
Техникамен қамтамасыз ету бас маманы 1
Мал шаруашылығы жетекші маманы 1
Егін шаруашылығы маманы 1
Барлығы 5
Болжамдау, маркетинг және мониторинг бөлімі
Бөлім бастығы 1
Болжамдау және талдау бас маманы 1
Маркетинг жетекші маманы 1
Мониторинг маманы 1
Барлығы 4
Өңдеуді ұйымдастыру және жаңа техника мен
технологияларды енгізу бөлімі
Бөлім бастығы 1
Жаңа технологиялар бас маманы 1
Өңдеу маманы 1
Барлығы 3
Банкроттық рәсімдер және есеп-қаржы бөлімі
Бөлім бастығы 1
Есеп-қаржы бас маманы 1
Жетекші маман есепші 1
Жетекші маман-заңгер 1
Дәрменсіз құрылымдардың аудиты маманы 1
Барлығы 5
Басқарма бойынша 20