Құжат мәтініне өту

Об утверждении формы заявления на заключение соглашения о переработке твердых полезных ископаемых и требований по составлению бизнес-плана проекта переработки

Бұйрық · № 324 · қабылданған 11.05.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-122064/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении формы заявления на заключение соглашения о переработке твердых полезных ископаемых и требований по составлению бизнес-плана проекта переработки Қолданыста Бұйрық ·№ 324 ·11.05.2018
11.05.2018 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.05.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении формы заявления на заключение соглашения о переработке твердых полезных ископаемых и требований по составлению бизнес-плана проекта переработки

Қолданыста Бұйрық ·№ 324 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении формы заявления на заключение соглашения о переработке твердых полезных ископаемых и требований по составлению бизнес-плана проекта переработки
Атауы (қаз.)
Пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімді жасасуға өтініш нысанын және қайта өңдеу жобасының бизнес-жоспарын жасау талаптарын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
324
Қабылданған күні
11.05.2018
Көрсетілген редакция
11.05.2018 122064_326926.kaz
Соңғы өзгеріс
11.05.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800016962
ЭКБ идентификаторы
122064
Редакция идентификаторы
122064_326926
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:33

0 Пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімді жасасуға өтініш нысанын және қайта өңдеу жобасының бизнес-жоспарын жасау талаптарын бекіту туралы

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 243-бабының 1-тармағына және 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Мыналар:

1 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімді жасасуға өтініш нысаны;

2 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қайта өңдеу жобасының бизнес-жоспарын жасау талаптары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

6 6. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

1 Пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімді жасасуға өтініш

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2018 жылғы 11 мамырдағы
№ 324 бұйрығына
1-қосымша
Нысан
Пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімді жасасуға өтініш
1. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­ды тұл­ға­сы ту­ра­лы мә­лі­мет
1.
Заң­ды тұл­ға­ның ата­уы
2.
Заң­ды тұл­ға­ның тір­ке­уден (қай­та тір­ке­уден) өтуі ту­ра­лы ақ­па­рат (кү­ні, негі­зі)
3.
Ор­на­лас­қан же­рі:
Заң­ды ме­кен­жайы
нақ­ты ор­на­лас­қан же­рі
4.
Биз­нес-сәй­кестен­дi­ру нө­мiрi
5.
Заң­ды тұл­ға­ның бас­шы­сы
_________________________________
(те­гі, аты, әке­сі­нің аты (болған жағ­дай­да)
_________________________________
(те­ле­фон, факс, элек­трон­дық поч­та)
6.
«Жер қой­на­уы және жер қой­на­уын пай­да­ла­ну ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ко­дек­сі­нің 47-ба­бы­на сәй­кес жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­шы­лар­ды ба­қы­лай­тын тұ­лға­лар мен ұй­ым­дар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
2. Пай­да­лы қат­ты қаз­ба­лар­ды (бұ­дан әрі-ПҚҚ) қай­та өң­деу жо­ба­сы ту­ра­лы
мә­лі­мет
7.
ПҚҚ қа­ты­сты жо­ба­ны қай­та өң­де­уді си­паттау (пай­да­лы қаз­ба­ның бо­лжал­ды ши­кі­зат кө­зі), ши­кі­зат тү­рі (пай­да­лы қаз­ба­ның), кен ор­ны­ның ата­уы, ор­на­лас­қан ор­ны, үлес сал­ма­ғы )
8.
ПҚҚ қай­та өң­деу жо­ба­сын іс­ке асы­ру ор­ны
9.
Ин­ве­сти­ци­я­лау үшін таң­дал­ған қыз­мет­тің ба­сым түр­ле­рі (эко­но­ми­ка­лық қыз­мет түр­ле­рі­нің жал­пы жік­те­у­ші кла­стың дең­гей­ін­де)
10.
Қо­сы­л­ған құн­ға са­лық­тың есе­бін­сіз заң­ды тұл­ға­ның бел­гі­лен­ген ак­ти­він­де­гі ин­ве­сти­ци­я­лар кө­ле­мі (ал­да­ғы ке­зең­де пай­да­ла­ну­ға бел­гі­лен­ген ак­тив­тің ен­гі­зі­ле­тін кү­ніне дей­ін­гі, бі­рақ ПҚҚ қай­та өң­деу ту­ра­лы ке­лі­сім жа­са­су жө­нін­де­гі қол қою өті­нім­ді бе­ру­ден 24 ай бұ­рын және (неме­се) қол­да­ну­ға бе­рі­л­ген­ге дей­ін­гі ал­да­ғы ке­зең­дер­дің шы­ғын­да­ры ес­ке­рі­ле­ді)
__________________________________
(тең­ге)
11.
Жо­ба­ны қар­жы­лан­ды­ру көз­де­рі, бар:
1) мен­шік қа­ра­жат­та­ры
2) қарыз қа­ра­жат­та­ры
3) бюд­жет­тік қа­ра­жат­тар
1)________________________________
(ауди­тор­лық қо­ры­тынды­мен бір­ге соң­ғы есеп­тік ке­зең­нің қар­жы­лық есеп­ті­лі­гі неме­се соң­ғы ал­ты ай ішін­де­гі ақ­ша­ның ай­на­лы­мы және қал­ға­ны ту­ра­лы үзін­ді неме­се мен­шік­ті қа­ра­жат­тың бо­луын рас­тай­тын құ­жат­тың бас­қа да түр­ле­рі)
2)________________________________
(қарыз шар­та­ның кө­шір­ме­сі не банк қары­зы­ның кө­шір­ме­сі неме­се жо­ба­ны қар­жы­лан­ды­ру көз­де­рін рас­тай­тын құ­жат­тар­дың бас­қа да түр­ле­рі)
3)________________________________
(бюд­жет­тен қар­жы­лан­ды­ру­ды рас­тай­тын шарт кө­шір­ме­сі неме­се бюд­жет қа­ра­жа­ты­нан қар­жы­лан­ды­ру­ды рас­тай­тын құ­жат­тар­дың бас­қа да түр­ле­рі)
3. Жер қой­на­уын пай­да­ла­ну құқы­ғы ту­ра­лы мә­лі­мет
12.
1) ли­цен­зи­я­ны бер­ген нө­мі­рі мен кү­ні (ке­лі­сім­шарт)
2) ли­цен­зи­я­ның қол­да­ны­лу мер­зі­мі (ке­лі­сім­шарт)
3) жер қой­на­уын пай­да­ла­ну құқы­ғы­ның тү­рі
4. Ин­ве­сти­ци­я­лық пре­фе­рен­ци­я­лар жо­ба­сын іс­ке асы­ру үшін та­лап еті­ле­т­ін­дер
13.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Кә­сіп­кер­лік ко­дек­сіне сәй­кес ин­ве­сти­ци­я­лық пре­фе­рен­ци­я­лар­дың түр­ле­рі
14.
Та­лап еті­ле­тін ин­ве­сти­ци­я­лық пре­фе­рен­ци­я­лар­дың мер­зі­мі мен кө­ле­мі
Өтініш иесі :_________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Қолы:___________________
Толтыру күні: 20__ жыл «__» __________

2 Қайта өңдеу жобасының бизнес-жоспарын құру бойынша талаптар

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2018 жылғы 11 мамырдағы
№ 324 бұйрығына
2-қосымша
Нысан
Қайта өңдеу жобасының бизнес-жоспарын құру бойынша талаптар

1 1. Қайта өңдеу жобасының бизнес-жоспары мынадай бөлімдерден тұрады:

1 1) жобаның түйіндемесі;

2 2) технологиялық бөлім;

3 3) коммерциялық бөлім;

4 4) әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсері;

5 5) қаржылық бөлім.

2 2. Жобаның түйіндемесі мыналарды:

1 1) заңды тұлға туралы ақпаратты:

Заңды тұлғаның атауын;
Заңды тұлғаның басшысын (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда));
заңды және нақты мекенжайын, телефонын, факсын, электрондық почтасын;

2 2) жоба бойынша ақпаратты:

жобаның атауын;
жобаның мақсатын;
қайта өндеу жобасын іске асыру орнын (облыс, аудан);
болжалды қайта өңдеу жобасының сипаттамасын (қолданыстағы жаңа өндірістерді құру, кеңейту және жаңарту);
құрылатын жұмыс орындарының санын (уақытша және тұрақты);

3 3. Технологиялық бөлім мыналарды:

1 1) сатып алынатын пайдаланылатын және белгіленген активтерді көрсете отырып, қайта өңдеу жобасының технологиясын, сондай-ақ технологиялық процесте импортталатын шикізаттарды және материалдарды сипаттауды;

2 2) қайта өңдеу жобасында қазіргі заманғы технологияларды қолдануды;

3 3) осы Талаптарға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық және құндық сипаттамалар бойынша баламалы шешімдердің салыстырмалы талдауын;

4 4) осы Талаптарға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаны іске асыру кестесін қамтиды.

4 4. Коммерциялық бөлім мыналарды:

1 1) шикізат, материалдар және жабдықтарды жеткізу туралы мәліметтерді:

Пайдаланатын шикізат пен материалдардың түрлерінің тізбесін;
Қазақстан Республикасы аумақтарында және Еуразиялық елдердің экономикалық одақ елдерінде өндірістің болуын ескере отырып, шикізат пен материалдардың (отандық және импорттық) нарығын талдауды (аталған шикізат пен материалдарды импорттау кезінде толтырылады);
пайдаланылатын шикізат пен материалдардың атауы мен көлемін көрсете отырып, инвестициялық жоба шеңберінде жабдыққа арнап шығарылатын, дайын өнімнің бірліктерін өндіруге импортталатын шикізат пен материалдардың шығыстардың орташаландырылған нормаларын;
қажетті технологиялық жабдықтардың тізімін;
пайдалынылатын технологиялық жабдықтардың сипаттамасы және жаңалығы (жабдықтың шыққан күні мен моделі);
инвестициялық артықшылықты ұсынуға өтініш берген заңды тұлғамен шарттық қатынастардың болуын көрсете отырып технологиялық жабдықтарды және шикізатты жеткізушілер;
көліктік шығыстарды, монтаждау және іске қосу жұмыстарын есепке ала отырып технологиялық жабдықтардың құнын;

2

2) маркетингті: өнімді өткізу – қандай өңірлерде, қандай тұтынушыларға, қандай шетел елдерге жеткізу болжанады, нарықта ұқсас, бірін бірі алмастыратын немесе бірін бірі толықтыратын тауарлар, көрсетілетін қызметтер, болашақта олардың өндірісінің өсуін бағалау, соңғы бірнеше жылдарда импорттың динамикасы және/ немесе тауарлардың экспортын, көлем мен бағасы, негізгі бәсекелестерін көрсетуді қамтиды.

5 5. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсері мыналарды:

1

1) қайта өндеу жобасының тікелей қатысушылары туралы мәліметтерді: жобаны жасаушы, бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе сәулет, қала құрлысы және құрылыс қызметі салаларындағы көрсететін қызметті орындаушы (іздеу және жобалық қызметті, инжинирингтік қызметтерді қоса алғанда) жабдықтарды жеткізушіні, шикізат пен материалдарды жеткізушілерді, делдалдарды;

2 2) осы Талаптарға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еңбек ресурстардағы (саны) жобаның қажеттілігін;

3 3) осы Талаптарға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша олардың саны шетелдік жұмыс күштерін тарту туралы мәліметтерді;

4 4) шетелдік жұмыс күштерін тартатын функционалдық міндеттемелерді таратуды;

5 5) осы Талаптарға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірісті пайдалануға енгізгеннен кейін жұмыскерлердің қажеттілігін;

6 6) инвестициялық жобаны іске асыру кезінде күтілетін әлеуметтік нәтижені;

7 7) шетелдік жұмыс күштерін кейіннен ауыстыру үшін жергілікті кадрлардың біліктілік деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар жоспарын;

8 8) зиянды әсерді азайту бойынша жобаны қоршаған ортаның жағдайына және іс шаралар жоспарына әсерін тигізуді;

9 9) жобаның технологиясының халықаралық стандарттарға және қоршаған ортаға әсерін тигізу бойынша нормативтерге сәйкестігін қамтиды.

6 6. Қаржылық бөлім мыналарды:

1 1) инвестицияларды бағалауды: толық инвестициялық шығындарды (инвестицияда негізгі және айналым капиталы);

2 2) инвестициялық жобаны іске асыру құнын, қаржыландыру көздерін:

жеке қаражаттарды;
қарыздық қаражаттарды (несиелер немесе шаруашылық субъектілерге тартылған қаражаттар) және\ немесе грантты;
бюджеттік қаражаттарды;

3 3) қаржылық талдауды:

тиісті инвестициялық артықшылықты есебінен және инвестициялық артықшылықтың есебінсіз үлгінің есебін кіргізетін жобаның қаржылық үлгісін;
жобаның тіршілік кезеңі үшін таза дисконтталған кірісті;
жобаның тіршілік кезеңі үшін ішкі кіріс нормасын;
жобаның өтелімділік мерзімін (жеңіл және дисконтталған);
жеңіл кіріс нормасын (табыстылық);
осы Талаптарға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша республикалық және жергілікті бюджеттер үшін шартты жою және кіріс есебін қамтиды.
Ескертпе: Қайта өңдеу жобасының бизнес жоспарын тігу және нөмірлеу, бірінші басшысының қолымен растау және заңды тұлғаның мөрімен (болған жағдайда) растау қажет.

2-1 Техникалық және құндық сипаттамалар бойынша балама шешімдердің салыстырмалы талдауы

Қайта өңдеу жобасының
бизнес-жоспарын
жасау талаптарына
1-қосымша
Нысан
Техникалық және құндық сипаттамалар бойынша балама шешімдердің салыстырмалы талдауы
Көр­сет­кіш­тер­дің ата­уы
Көр­сет­кіш­тер­дің мәні
ұсы­ны­ла­тын үл­гі
ұқса­стық­тар
1.
2.

2-2 Жобаны іске асыру кестесі

Қайта өңдеу жобасының
бизнес-жоспарын
жасасу талаптарына
2-қосымша
Нысан
Жобаны іске асыру кестесі
Жұ­мыстың ата­уы
Күн­тіз­бе­лік жыл
Қо­ры­тын­ды
1 жар­ты­жыл­дық
2 жар­ты­жыл­дық
Ин­ве­сти­ци­яда бел­гі­лен­ген ак­тив­тер (мың тең­ге)
1.
2.
3.
Ши­кі­зат пен ма­те­ри­ал­дар­ға ин­ве­сти­ци­я­лар (мың тең­ге)
1.
2.
3.
Құ­ры­ла­тын және/неме­се сақ­та­ла­тын жұ­мыс орын­да­ры­ның са­ны

2-3 Жобаның еңбек ресурсындағы қажеттілігі (саны)

Қайта өңдеу жобасының
бизнес-жоспарын
жасасу талаптарына
3-қосымша
Нысан
Жобаның еңбек ресурсындағы қажеттілігі (саны)
Құ­ры­лыс ке­зе­ңіне
Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген­нен кей­ін (1 жыл)
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­та­ры
Ше­тел­дік жұ­мыс кү­ші
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­та­ры
Ше­тел­дік жұ­мыс кү­ші

2-4 Шетелдік жұмыс күштерін тарту және олардың саны туралы мәліметтер

Қайта өңдеу жобасының
бизнес-жоспарын
жасасу талаптарына
4-қосымша
Нысан
Шетелдік жұмыс күштерін тарту және олардың саны туралы мәліметтер
Ма­ман­дық­тың ата­уы (та­риф­тік раз­ряд, са­нат)
Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (болған кез­де оның ішін­де ла­тын әріп­те­рі­мен)
Ту­ған кү­ні
Аза­мат­тығы/Тұ­рақ­ты өмір сү­ре­тін елі
Тар­ту ке­зе­ңі (ай, жыл)
1. Бас­шы­лар:
2. Жо­ға­ры бі­лі­мі бар ма­ман­дар:
3. Бі­лік­ті жұ­мыс­кер­лер:
Қо­ры­тын­ды (адам):

2-5 Өндірісті пайдалануға енгізгеннен кейін қызметкерлердің қажеттілігі

Қайта өңдеу жобасының
бизнес-жоспарын
жасасу талаптарына
5-қосымша
Нысан
Өндірісті пайдалануға енгізгеннен кейін қызметкерлердің қажеттілігі
т/б

Ма­ман­дық­тар­дың ата­уы
Бі­лік­ті­лік дең­гейі (та­риф­тік раз­ряд, са­на­ты)
Са­ны

2-6 Республикалық және жергілікті бюджеттер үшін шартты шығындар және кірістер есебі

Қайта өңдеу жобасының
бизнес-жоспарын
жасасу талаптарына
6-қосымша
Нысан
Республикалық және жергілікті бюджеттер үшін шартты шығындар және кірістер есебі
Са­лық және өзге де бюд­жет­ке мін­дет­ті тө­лем түр­ле­рі
Күн­тіз­бе­лік жыл
Күн­тіз­бе­лік жыл
Жиы­ны
Пре­фе­рен­ци­я­лар­ды есеп­ке алу­сыз бюд­жет­ке тү­сім­дер
Пре­фе­рен­ци­я­лар­ды есеп­ке алу­сыз бюд­жет­ке тү­сім­дер
Пре­фе­рен­ци­я­лар­ды есеп­ке алу­сыз бюд­жет­ке тү­сім­дер
Пре­фе­рен­ци­я­лар­ды есеп­ке алу­сыз бюд­жет­ке тү­сім­дер
Пре­фе­рен­ци­я­лар­ды есеп­ке алу­сыз бюд­жет­ке тү­сім­дер
Пре­фе­рен­ци­я­лар­ды есеп­ке алу­сыз бюд­жет­ке тү­сім­дер
Кор­по­ра­тив­тік та­быс са­лы­ғы
Мү­лік­ке са­лық
Жер са­лы­ғы
Ке­ден­дік баж са­лы­ғы
Әле­умет­тік са­лық
Зей­не­та­қы ауда­ры­мы

Қолданыстағы