Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об установлении норматива отчисления части чистого дохода городских коммунальных государственных предприятий

Қаулы · № 588 · қабылданған 04.05.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-122080/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об установлении норматива отчисления части чистого дохода городских коммунальных государственных предприятий Күшін жойған 20.03.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об установлении норматива отчисления части чистого дохода городских коммунальных государственных предприятий

Күшін жойған Қаулы № 588 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении норматива отчисления части чистого дохода городских коммунальных государственных предприятий
Атауы (қаз.)
Қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсiпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
588
Қабылданған күні
04.05.2018
Көрсетілген редакция
20.03.2026 122080_813230.kaz
Соңғы өзгеріс
20.03.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18NB007802
ЭКБ идентификаторы
122080
Редакция идентификаторы
122080_813230
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:37
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсiпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабына және «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 140-бабының 2-тармағына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2. Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Рудный қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 Қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсiпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі

Әкімдіктің
2018 жылғы «4» мамырдағы
№ 588 қаулысына
қосымша
Қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсiпорындардың
таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі
Қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін қалалық бюджетке аудару нормативі былайша айқындалады:
таза кіріс 3000000 теңгеге дейін
таза кіріс сомасынан 5 пайыз
таза кіріс 3000001 теңгеден 50000000 теңгеге дейін
150000 теңге + 3000000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 10 пайыз