Құжат мәтініне өту

О запрещении пребывания физических лиц на территории государственного лесного фонда

Қаулы · № 85 · қабылданған 14.05.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-122082/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О запрещении пребывания физических лиц на территории государственного лесного фонда Қолданыста Қаулы ·№ 85 ·14.05.2018
14.05.2018 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.05.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О запрещении пребывания физических лиц на территории государственного лесного фонда

Қолданыста Қаулы ·№ 85 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О запрещении пребывания физических лиц на территории государственного лесного фонда
Атауы (қаз.)
Жеке тұлғалардың мемлекеттiк орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
85
Қабылданған күні
14.05.2018
Қолданысқа енгізілген күні
15.06.2018
Көрсетілген редакция
14.05.2018 122082_326830.kaz
Соңғы өзгеріс
14.05.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18G0003833
ЭКБ идентификаторы
122082
Редакция идентификаторы
122082_326830
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:32

0 Жеке тұлғалардың мемлекеттiк

орман қоры аумағында болуына
тыйым салу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы
Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Орманда өрт қаупi жоғары болып тұрған кезеңдерде (ағымдағы жылдың 1 маусымынан 20 қыркүйегіне дейін) жеке тұлғалардың мемлекеттiк орман қоры аумағында болуына тыйым салынсын.

2 2. Аудан әкімдері және «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) өз құзыреті шегінде:

1 1) халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы да;

2 2) мемлекеттiк орман қоры аумағына кіреберістерді шлагбаумдармен жабдықтауды, тәулік бойы аумақтардың периметрі бойынша патрульдеуді ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Басқарма заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.Мұсаевқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы