Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил формирования и ведения реестра товаров, работ и услуг, используемых при проведении операций по недропользованию по углеводородам и добыче урана, и их производителей, включая критерии их оценки для внесения в данный реестр

Бұйрық · № 159 · қабылданған 04.05.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-122101/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил формирования и ведения реестра товаров, работ и услуг, используемых при проведении операций по недропользованию по углеводородам и добыче урана, и их производителей, включая критерии их оценки для внесения в данный реестр Қолданыста Бұйрық ·№ 159 ·04.05.2018
02.10.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил формирования и ведения реестра товаров, работ и услуг, используемых при проведении операций по недропользованию по углеводородам и добыче урана, и их производителей, включая критерии их оценки для внесения в данный реестр

Қолданыста Бұйрық ·№ 159 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил формирования и ведения реестра товаров, работ и услуг, используемых при проведении операций по недропользованию по углеводородам и добыче урана, и их производителей, включая критерии их оценки для внесения в данный реестр
Атауы (қаз.)
Көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін, осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалау өлшемшарттарын қоса алғанда, қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
159
Қабылданған күні
04.05.2018
Көрсетілген редакция
02.10.2023 122101_659843.kaz
Соңғы өзгеріс
02.10.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800016966
ЭКБ идентификаторы
122101
Редакция идентификаторы
122101_659843
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:36

0 Көмірсутектер және уран өндіру бойынша

жер қойнауын пайдалану жөніндегі
операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын
тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің
және оларды өндірушілердің тізілімін, осы тізілімге енгізу үшін
оларды бағалау өлшемшарттарын
қоса алғанда, қалыптастыру
және жүргізу қағидаларын бекіту туралы
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі 62-бабының 3-2) тармақшасына және 63-бабының 3-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Қоса беріліп отырған Көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін, осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалау өлшемшарттарын қоса алғанда, қалыптастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

4 4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

5

5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
______________Ж. Қасымбек
14 мамыр 2018 жыл

0 Көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін, осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалау өлшемшарттарын қоса алғанда, қалыптастыру және жүргізу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
міндетін атқарушы
2018 жылғы 4 мамырдағы № 159
бұйрығымен бекітілген
Көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін, осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалау өлшемшарттарын қоса алғанда, қалыптастыру және жүргізу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін, осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалау өлшемшарттарын қоса алғанда, қалыптастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 62-бабының 3-2) тармақшасына және 63-бабының 3-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін осы тізілімге (бұдан әрі – Тізілім) енгізу үшін оларды бағалау өлшемшарттарын қоса алғанда, қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.

2 2. Қағидаларда Кодексте белгіленген ұғымдар мен анықтамалар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті орган – көмірсутектер және уран өндіру саласында мемлекеттік саясатты іске асыратын уәкілетті орган.

2 2) өндіруші - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды өндіретін және (немесе) жеткізетін және (немесе) жұмыстарды орындайтын және (немесе) қызметтерді көрсететін жеке немесе заңды тұлға.

3 3. Тізілімді көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті орган қалыптастырады және жүргізеді.

2 2-тарау. Тізілімді қалыптастыру және жүргізу тәртібі

4

4. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерді Тізілімде қалыптастыру Кодекстің 131-бабының 6-тармағына және 179-бабының 6-тармағына сәйкес бекітілетін нысан және қағидалар бойынша жер қойнауын пайдаланушылар көмірсутегі шикізаты және уран өндіру саласындағы уәкілетті органға ұсынатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық және орта мерзімді бағдарламаларының мәліметтері негізінде жүзеге асырылады.

5 5. Тізілімді қалыптастыру және жүргізу деп:

1 1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер туралы мәліметтерді Тізілімге енгізу;

2 2) өндірушілер ұсынған мәліметтер өзгерген кезде, сондай-ақ өндірушілер Тізілімнен шығарылған кезде Тізілімді жаңарту;

3 3) жер қойнауын пайдаланушылар ұсынған мәліметтер өзгерген кезде Тізілімді жаңарту;

4 4) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Тізілімді «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесіне орналастыру түсініледі.

6

6. Жергілікті (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдар облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізбесін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті органға ұсынады.

7

7. Көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті орган Тізілімді қалыптастыру және жүргізу мақсатында жергілікті (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдар ұсынған мәліметтерде көрсетілген өндірушілерге оларды және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын, олар ұсынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерді Тізілімге енгізу мүмкіндігі туралы хабарламаны электрондық түрде жібереді.

8

9

9. Тізілімде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің өндірушілері туралы мәліметтерді қалыптастыру үшін өндіруші заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті органға ұсынады. Бейрезиденттер сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді көшірмені немесе шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын басқа заңдастырылған, қазақ және орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар құжатты ұсынады.

10 10. Көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті орган:

1 1) өндірушіден құжаттарды алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес өндірушінің осы Қағидалардың 11-тармағының 1) тармақшасында келтірілген өлшемшартқа сәйкес келуін тексереді;

2 2) жергілікті атқарушы органдар осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес мәліметтерді ұсынғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде өндірушінің осы Қағидалардың 11-тармағының 2) тармақшасында келтірілген өлшемшартқа сәйкес келуін тексереді;

3 3) өндіруші осы Қағидалардың 11-тармағында келтірілген өлшемшартқа сәйкес келген жағдайда, өндірушіні Тізілімге енгізеді.

11 11. Мыналар тізілімге енгізу үшін жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндірушіні бағалаудың өлшемшарттары болып табылады:

1 1) заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелу;

2 2) жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық және орта мерзімді бағдарламаларында тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің болуы.

12 12. Көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті орган өндірушіні Тізілімнен алып тастауды мынадай:

1 1) өндіруші таратылған;

2 2) өндірушінің бастамасы бойынша;

3 3) өндірушінің осы Қағидалардың 11-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген өлшемшартқа сәйкес келмеуіне әкелетін, өндірушілер, жер қойнауын пайдаланушылар ұсынған мәліметтер өзгерген жағдайда жүзеге асырады.

13 13. Осы Қағидалардың 12-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген негіздер бойынша Тізілімнен алып тастау үшін өндіруші көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті органға оны Тізілімнен алып тастау туралы өтінішті еркін нысанда ұсынады.

Көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті орган Тізілімнен алып тастау туралы өтінішті алғаннан кейін және (немесе) осы Қағидалардың 12-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайлар туындаған кезде үш жұмыс күні ішінде өндірушіні Тізілімнен алып тастайды.

1 Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі

Көмірсутектер және уран өндіру
бойынша жер қойнауын пайдалану
жөніндегі операцияларды жүргізу
кезінде пайдаланылатын тауарлардың,
жұмыстардың және көрсетілетін
қызметтердің және оларды
өндірушілердің тізілімін, осы
тізілімге енгізу үшін оларды
бағалау өлшемшарттарын қоса
алғанда, қалыптастыру және
жүргізу қағидаларына
1-қосымша
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын
тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі
№ р/с
Та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің бі­рың­ғай но­мен­кла­ту­ра­лық анық­та­ма­лы­ғы бой­ын­ша та­у­ар­дың, жұ­мыстың және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ко­ды мен ата­уы
Та­у­ар­дың, жұ­мыстың және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің қо­сым­ша си­патта­ма­сы
СТ-KZ* сер­ти­фи­ка­ты­ның бар бо­луы (та­у­ар­лар­ды тір­кеу ке­зін­де)
*СT-KZ - Қазақстан Республикасының аумағында тауарлардың шығу тегі туралы куәландыратын құжат

2 Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізбесі

Көмірсутектер және уран өндіру
бойынша жер қойнауын пайдалану
жөніндегі операцияларды жүргізу
кезінде пайдаланылатын тауарлардың,
жұмыстардың және көрсетілетін
қызметтердің және оларды
өндірушілердің тізілімін, осы
тізілімге енгізу үшін оларды
бағалау өлшемшарттарын қоса
алғанда, қалыптастыру және
жүргізу қағидаларына
2-қосымша
Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)
аумағында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің
және оларды өндірушілердің тізбесі
№ р/с
Өн­ді­ру­ші ата­уы
Об­лыс, қа­ла (ел­ді ме­кен), ме­кен­жайы
Те­ле­фон, элек­трон­дық ме­кен­жай, ин­тер­нет-ре­сурс
Пер­со­нал­дың жал­пы са­ны
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ре­зи­ден­ті
СТ-KZ* сер­ти­фи­ка­ты­ның бар бо­луы (та­у­ар­лар­ды тір­кеу ке­зін­де)
Та­у­ар­дың, жұ­мыстың және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ата­уы және Та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің бі­рың­ғай но­мен­кла­ту­ра­лық анық­та­ма­лы­ғы бой­ын­ша ко­ды
*СT-KZ - Қазақстан Республикасының аумағында тауарлардың шығу тегі туралы куәландыратын құжат

Қолданыстағы