Құжат мәтініне өту

О повышении базовых ставок земельного налога и ставок единого земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения

Өзге акт · № 16/176 · қабылданған 15.05.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-122121/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О повышении базовых ставок земельного налога и ставок единого земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения Күшін жойған Өзге акт ·№ 16/176 ·15.05.2018
20.03.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.03.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О повышении базовых ставок земельного налога и ставок единого земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения

Күшін жойған Өзге акт ·№ 16/176 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О повышении базовых ставок земельного налога и ставок единого земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения
Атауы (қаз.)
Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
16/176
Қабылданған күні
15.05.2018
Көрсетілген редакция
20.03.2020 122121_453139.kaz
Соңғы өзгеріс
20.03.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18ME003618
ЭКБ идентификаторы
122121
Редакция идентификаторы
122121_453139
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:31

0 Пайдаланылмайтын ауыл

шаруашылығы мақсатындағы
жерлерге жер салығының базалық
мөлшерлемелерін және бірыңғай
жер салығының мөлшерлемелерін
жоғарылату туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 509 бабының 5 тармағына, 704 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Маңғыстау ауданының аумағында Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.

2

2. Маңғыстау аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 қазандағы № 27/223 «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2887 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 желтоқсанында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) және Маңғыстау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 17 наурыздағы № 30/264 «Маңғыстау аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 қазандағы № 27/223 «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарлату туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3023 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3

3. «Маңғыстау аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (Е.Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер
комитеті Маңғыстау облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Маңғыстау ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасы»
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Сарбалаев Қайрат Бірғалиұлы
«15» 05 2018 жыл
«Маңғыстау аудандық жер
қатынастары, сәулет және қала
құрылысы бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Қожаев Еркін Егеубайұлы
«15» 05 2018 жыл

Қолданыстағы