Об утверждении Правил поступлений от передачи в конкурентную среду активов национальных управляющих холдингов, национальных холдингов, национальных компаний и их дочерних, зависимых и иных юридических лиц, являющихся аффилированными с ними, в Национальный фонд Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил поступлений от передачи в конкурентную среду активов национальных управляющих холдингов, национальных холдингов, национальных компаний и их дочерних, зависимых и иных юридических лиц, являющихся аффилированными с ними, в Национальный фонд Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдердің қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 323
- Қабылданған күні
- 04.06.2018
- Көрсетілген редакция
- 11.07.2023 122139_642370.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.07.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1800000323
- ЭКБ идентификаторы
- 122139
- Редакция идентификаторы
- 122139_642370
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:13
0 Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін
түсімдердің қағидаларын бекіту туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 22-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдердің қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдердің қағидалары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 4 маусымдағы
№ 323 қаулысымен
бекітілген
Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдердің қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдердің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 22-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 және 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулыларымен бекітілген тізбелер (бұдан әрі – тізбе) бойынша ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына (бұдан әрі – Ұлттық қор) түсетін түсімдердің тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
компаниялардың активтері – тізбеде көрсетілген ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтері;
мемлекет тікелей қатысатын компаниялар – Қазақстан Республикасының Үкіметі не Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік орган, жергілікті атқарушы орган мемлекеттің атынан жалғыз акционері болып табылатын компаниялар;
мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган – стратегиялық және экономикалық жоспарлау, бюджет саясатын әзірлеу және қалыптастыру саласындағы, сондай-ақ өңірлік даму саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
2-тарау. Компаниялардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Ұлттық қорға түсетін қаражат түсімдерінің тәртібі
3. Мемлекет тікелей қатысатын компаниялардың активтерін бәсекелес ортаға беруден түсетін қаражатты Ұлттық қорға жіберу мемлекет тікелей қатысатын компания акционерінің шешімі негізінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қор) тобының активтерін бәсекелес ортаға беруден және (немесе) жария орналастыру шеңберінде компаниялар акцияларының қосымша эмиссиясы нәтижесінде түскен қаражатты қоспағанда, мемлекет тікелей қатысатын компаниялардың таза кірісін бөлу түрінде және 100 % (жүз пайыз) мөлшерде жүзеге асырылады.
4
5. Қор тобы борыштық міндеттемелерді өтеуге (Ұлттық қор алдындағы міндеттемелерді өтеуді есепке алмағанда) және (немесе) «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген міндеттерді іске асыруға жіберетін, Қорға келіп түскен қаражаттың 50 % (елу пайызынан) аспауға тиіс қаражатты қоспағанда, Қор тобының активтерін бәсекелес ортаға беруден түскен қаражат 100 % (жүз пайыз) мөлшерде таза кірісті бөлу түрінде Ұлттық қорға аударылады.
Бәсекелес ортаға беруден түскен және борыштық міндеттемелерді өтеуге және (немесе) «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына көрсетілген міндеттерді іске асыруға жұмсалатын қаражаттың мөлшері мен нысаналы пайдаланылуы Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес айқындалады.
«Қазақстан инжиниринг» (Kazakhstan Еngineering) ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының активтерін бәсекелес ортаға беруден түсетін қаражат есебінен Ұлттық қорға аударылатын қаражат мөлшері Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясының шешіміне сәйкес ішкі борышты өтеу үшін қажетті сомаға түзетіледі.
5-1. Ұлттық қорға Қор тобы жіберетін қаражат акционерлердің жалпы жиналысы қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдаған күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде аударылады.Активтерді бәсекелес ортаға беруден түскен, ұлттық басқарушы холдингтер (Қорды қоспағанда), ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалар Ұлттық қорға жіберетін қаражат сатушының шотына түскен күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде аударылады.
6. Мемлекет тікелей қатысатын компаниялар тиісті қаржы жылы аяқталғаннан кейінгі бесінші айдан кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға:
1) әрбір ұйым бөлінісінде, оның ішінде мемлекет тікелей қатысатын компаниялардың өздерінің активтерін сатудан түскен іс жүзіндегі түсімдерінің мөлшері туралы есепті кезеңдегі ақпаратты;
2) егер актив қаражатты бөліп төлеу шартымен сатылған болса, тізбеде көрсетілген компаниялардың активтерін бәсекелес ортаға беруден түсетін қаражат түсімдерінің кестелерін ұсынады.
7. Мемлекет тікелей қатысатын компаниялар мемлекет тікелей қатысатын компаниялардың таза кірісі есебінен түсетін түсімдер ретінде Ұлттық қорға аударатын қаражат Бірыңғай бюджеттік сыныптаманың тиісті коды бойынша жалғыз акционердің шешімі негізінде қолма қол ақшасыз нысанда аударылады.
8. Мемлекет тікелей қатысатын компаниялар Ұлттық қор алдындағы міндеттемелерді өтеуге жолдайтын қаражат мемлекет тікелей қатысатын компаниялардың директорлар кеңесінің шешімі негізінде облигацияларды шығару проспекттісінің шарттарына сәйкес аударылады.
____________________________