Об утверждении Правил проведения государственной экспертизы геологического отчета
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил проведения государственной экспертизы геологического отчета
- Атауы (қаз.)
- Геологиялық есептің мемлекеттік сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 334
- Қабылданған күні
- 16.05.2018
- Көрсетілген редакция
- 16.05.2018 122147_327687.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.05.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1800016958
- ЭКБ идентификаторы
- 122147
- Редакция идентификаторы
- 122147_327687
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:29
0 Геологиялық есептің мемлекеттік сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 252-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Геологиялық есептің мемлекеттік сараптамасын жүргізу қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3 3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
9 Геологиялық есептің мемлекеттік сараптамасын жүргізу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 16 мамырдағы
№ 334 бұйрығымен
бекітілген
Геологиялық есептің мемлекеттік сараптамасын жүргізу қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Геологиялық есептің мемлекеттік сараптамасын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 252-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген және геологиялық есептің мемлекеттік сараптама жүргізу тәртібін айқындайды.
2 2-тарау. Геологиялық есептің мемлекеттік сараптамасын жүргізу тәртібі
2
2. Геологиялық есеп (бұдан әрі – есеп) жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) берілген жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны беру туралы өтінішке (бұдан әрі – өтініш) қоса беріледі. Есеп қағаз және электрондық тасығыштарда бір данада ұсынылады.