Құжат мәтініне өту

О снятии карантина

Өзге акт · № 1-р · қабылданған 29.05.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-122176/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О снятии карантина Қолданыста Өзге акт ·№ 1-р ·29.05.2018
29.05.2018 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.05.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О снятии карантина

Қолданыста Өзге акт ·№ 1-р · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О снятии карантина
Атауы (қаз.)
Карантинді алу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1-р
Қабылданған күні
29.05.2018
Көрсетілген редакция
29.05.2018 122176_327971.kaz
Соңғы өзгеріс
29.05.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18KKN04799
ЭКБ идентификаторы
122176
Редакция идентификаторы
122176_327971
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:18

0 Карантинді алу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңдарына сәйкес және 2018 жылғы 11 мамырдағы №06-3-02-27/149 «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Бұқар жырау аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының ұсынысының негізінде, Қарақұдық ауылының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Қарақұдық ауылы аумағында жылқылар арасында эпизоотикалық лимфангоит ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық – санитарлы іс– шараларды жүргізуіне байланысты Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Қарақұдық ауылының аумағынан белгіленген карантин алынсын.

2

2. Бұқар жырау ауданы Қарақұдық ауылы әкімінің 2017 жылғы 28 желтоқсандағы №1-ш «Карантин белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4515 болып тіркелген, 2018 жылғы 6 қаңтардағы № 1 (1242) «Бұқар жырау жаршысы» аудандық газетінде, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылы 9 қаңтарда жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4 4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
«Қазақстан Республикасы
ауыл шаруашылығы Министрлігі
ветеринариялық бақылау және
қадағалау Комитетінің
Бұқар жырау аудандық аумақтық
инспекциясы» басшысы
Е. Садиров
2018 жылдың 30 мамыр

Қолданыстағы