Құжат мәтініне өту

Об утверждении формы отчета о выполнении программы развития переработки сырого газа и срока его направления

Бұйрық · № 166 · қабылданған 05.05.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-122193/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении формы отчета о выполнении программы развития переработки сырого газа и срока его направления Қолданыста Бұйрық ·№ 166 ·05.05.2018
21.06.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении формы отчета о выполнении программы развития переработки сырого газа и срока его направления

Қолданыста Бұйрық ·№ 166 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении формы отчета о выполнении программы развития переработки сырого газа и срока его направления
Атауы (қаз.)
Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасының орындалуы туралы есептің нысанын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
166
Қабылданған күні
05.05.2018
Көрсетілген редакция
21.06.2024 122193_708328.kaz
Соңғы өзгеріс
21.06.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800016953
ЭКБ идентификаторы
122193
Редакция идентификаторы
122193_708328
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:35

0 Шикі газды қайта өндеуді дамыту бағдарламасының орындалуы туралы есептің нысанын және оны жіберу мерзімін бекіту туралы

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы
27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі 147-бабының
3-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы
19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2)тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Мыналар:

1 1) қоса беріліп отырған шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасының орындалуы туралы есептің нысаны;

2

2) осы тармақтың 1) тармақшасында бекітілген нысан бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың жиырма бесінші қаңтарынан кешіктірілмей (есепті жыл ішінде шикі газды қайта өндеуді дамыту бағдарламасының қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда, есеп аяқталған және қолданыстағы шикі газды қайта өндеуді дамыту бағдарламалары бойынша да ұсынылады) шикі газды қайта өндеуді дамыту бағдарламасын орындау туралы есептердің көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға жер қойнауын пайдаланушылардың жіберу мерзімі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау қорына енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

4 4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

5

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы
___________ Н. Айдапкелов
2018 жылғы 5 мамырдағы

1 Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің
2018 жылғы 5 мамырдағы
№ 166 бұйрығымен бекітілген
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан*
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне
Әкімшілік деректердің нысаны интернет-ресурста орналастырылған:
https://www.gov.kz/memleket/entities/energo?lang=kk.
Әкімшілік деректер нысанының атауы: Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасының орындалуы туралы есеп.
Әкімшілік деректер нысанының индексі: № 1-БЕН нысаны.
Кезеңділік: жыл сайынғы.
Есепті кезең: 20___ жыл
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: Қазақстан Республикасының көмірсутектер саласындағы жер қойнауын пайдаланушылары.
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті жылдан кейінгі жылдың жиырма бесінші қаңтарынан кешіктірмей (есепті жыл ішінде шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасының қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда, есеп шикі газды қайта өңдеуді дамытудың аяқталған және қолданыстағы бағдарламалары бойынша ұсынылады)
№ р/н
Жер қой­на­ун пай­да­ла­ну­шы­ның ата­уы
Ке­лі­сім
шарт нө­мі­рі көр­се­ті­л­ген кен ор­ны­ның ата­уы
Ши­кі га­з­ды қай­та өң­де­уді да­мы­ту­дың есеп­ті бағ­дар­ла­ма­сы­ның қол­да­ны­лу ке­зе­ңі
Ши­кі га­з­ды өн­ді­ру (мил­ли­он метр3 (бұ­дан әрі – млн. м3)
Ши­кі га­з­ды қай­та өң­де­уді да­мы­ту бағ­дар­ла
ма­сы­на сәй­кес ши­кі газ өн­ді­ру­дің жос­пар­лы көр­сет­кі
ші
Нақ­ты өн­ді­ру, со­ның ішін­де:
Ши­кі га­з­ды қай­та өң­де­уді да­мы­ту бағ­дар­ла­ма­сын­да көр­се­ті­л­ген ши­кі газ өн­ді­ру­дің жос­пар­лы көр­сет­кі­ші­нен ши­кі га­з­ды нақ­ты өн­ді­ру­де­гі ай­ыр­ма­шы­лық се­беп­те­рі
Ши­кі га­з­ды өнер­к­ә­сіп­тік өн­ді­ру
Кен орын­ды сы­на­ма­лап пай­да­ла­ну ке­зін­де ши­кі газ өн­ді­ру
Ұң­ғы
ма­ны сы­нау ке­зін
де ши­кі газ өн­ді­ру
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Кестенің жалғасы
Қай­та өң­де­у­ге және (неме­се) кә­де­ге жа­ра­ту­ға жұм­сал­ған ши­кі газ кө­ле­мі,
со­ның ішін­де (млн.м³):
Та­у­ар­лық және сұй­ы­ты­л­ған газ­ға дей­ін өң­деу үшін
Электр энер­ги­я­сын өн­ді­ру үшін
Қа­бат­қа ке­рі ай­дау үшін (ай­да­удың мақ­са­тын көр­се­те оты­рып)
Же­ке тех­но­ло­ги­я­лық қа­жет­ті­лік­ке пай­да­ла­ну үшін
Газ құ­бы­ры­на тап­сы­ру үшін (алушы­лар бө­лі­ні­сін­де көр­се­те оты­рып)
Өзге­ле­рі (жа­зу)
10
11
12
13
14
15
Кестенің жалғасы
Ши­кі га­з­дың тех­но­ло­ги­я­лық ысы­рап­та­ры
Жа­ғы­л­ған ши­кі газ кө­ле­мі (млн.м³)
Жа­ғу­ға рұқ­сат еті­л­ген ши­кі газ кө­ле­мі, со­ның ішін­де:
Ши­кі га­з­ды тех­но­ло­ги­я­лық ерік­сіз жа­ғу ке­зін­де:
Кен орын­ды сы­на­ма­лап пай­да­ла­ну ке­зін­де
Ұң­ғы­ма­ның объ­ек­ті­ле­рін сы­нау ке­зін­де
Тех­но­ло­ги­я­лық жаб­дық­ты іс­ке қо­су-бап­тау ке­зін­де
Тех­но­ло­ги­я­лық жаб­дық­ты пай­да­ла­ну ке­зін­де
Тех­но­ло­ги­я­лық жаб­дық­қа тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту және жөн­деу жұ­мыста­ры ке­зін­де
Тех­но­ло­ги­я­лық жаб­дық жұ­мысын­да­ғы тех­но­ло­ги­я­лық ір­кі­лі­стер, іс­тен шы­ғу мен ауыт­қу­лар ке­зін­де
16
17
18
19
20
21
22
Кестенің жалғасы
Жа­ғы­л­ған ши­кі газ кө­ле­мі (млн.м³)
Нақ­ты жа­ғы­л­ған ши­кі газ кө­ле­мі, со­ның ішін­де:
Ши­кі га­з­ды тех­но­ло­ги­я­лық ерік­сіз жа­ғу ке­зін­де:
Кен орын­ды
сы­на­ма­лап пай­да­ла­ну ке­зін­де
Ұң­ғы­ма
ның объ­ек­ті­ле­рін сы­нау ке­зін­де
Бас­қа­ла­ры (со­ның ішін­де ава­ри­я­лық)
Тех­но­ло­ги­я­лық жаб­дық­ты іс­ке қо­су-бап­тау ке­зін­де
Тех­но­ло­ги­я­лық жаб­дық­ты пай­да­ла­ну ке­зін­де
Тех­но­ло­ги­я­лық жаб­дық­ты тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту және жөн­деу жұ­мыста­ры ке­зін­де
Тех­но­ло­ги­я­лық жаб­дық жұ­мысын­да­ғы тех­но­ло­ги­я­лық ір­кі­лі­стер, іс­тен шы­ғу мен ауыт­қу­лар ке­зін­де
23
24
25
26
27
28
29
Кестенің жалғасы
Ши­кі га­з­ды кә­де­ге жа­ра­ту объ­ек­ті­сі­нің ата­уы (құ­быр­ды са­лу, газ ге­не­ра­то­рын ор­на­ту, га­з­пор­шень­ді электр стан­ци­я­сын ор­на­ту, газ ке­шен­ді дай­ын­дау қон­дыр­ғы­сын са­лу және т. б.)
Ши­кі га­з­ды кә­де­ге жа­ра­ту объ­ек­ті­ле­рін са­лу кү­ні
Орын­да
луы, %
Орын­дал
мау се­беп­те­рі
Ес­керт­пе
Ба­ста­луы
Аяқ­та­луы
Ши­кі га­з­ды қай­та өң­де­уді да­мы­ту бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша
Нақ­ты
Ши­кі га­з­ды қай­та өң­де­уді да­мы­ту бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша
Нақ­ты
30
31
32
33
34
35
36
37
Орындаушы:
_______________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған
жағдайда) қолы және телефон)
Мекенжайы
______________________________
Басшы:
_______________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған
жағдайда) қолы және телефон)
Электрондық
______________________________
Бас бухгалтер:
_______________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған
жағдайда) қолы және телефон)
Ескертпе:* - нысанды толтыру бойынша түсініктеме осы нысанға қосымшада көрсетілген.
Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасының орындалуы туралы есеп нысанына қосымша
«Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасының орындалуы туралы есеп» нысаны былай толтырылады:
«№ р/н» деген 1-бағанда үдемелі реттік нөмір көрсетіледі;
«Жер қойнауын пайдаланушының атауы» деген 2-бағанда жер қойнауын пайдаланушының толық атауы көрсетіледі;
«Келісімшарт нөмірі көрсетілген кен орнының атауы» деген 3-бағанда келісімшарт нөмірі көрсетілген кен орнының атауы көрсетіледі;
«Шикі газды қайта өңдеуді дамытудың есепті бағдарламасының қолданылу кезеңі» деген 4-бағанда есепті шикі газды өңдеуді дамыту бағдарламасының қолданылу нақты кезеңі көрсетіледі;
«Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасына сәйкес шикі газ өндірудің жоспарлы көрсеткіші» деген 5-бағанда шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасына сәйкес шикі газ өндірудің жоспарлы көрсеткіші көрсетіледі;
«Шикі газды өнеркәсіптік өндіру» деген 6-бағанда шикі газды өнеркәсіптік өндірудің көлемі сандық мәнде көрсетіледі;
«Кен орынды сынамалап пайдалану кезінде шикі газ өндіру» деген 7-бағанда кен орынды сынамалап пайдалану кезінде шикі газ өндірудің көлемі сандық мәнде көрсетіледі;
«Ұңғыманы сынау кезінде шикі газ өндіру» деген 8-бағанда ұңғыманы сынау кезінде шикі газ өндірудің көлемі сандық мәнде көрсетіледі;
«Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасында көрсетілген шикі газ өндірудің жоспарлы көрсеткішінен шикі газды нақты өндірудегі айырмашылық себептері» деген 9-бағанда шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасында көрсетілген шикі газ өндірудің жоспарлы көрсеткішінен газды нақты өндірудегі айырмашылық себептері туралы ақпарат көрсетіледі;
«Тауарлық және сұйытылған газға дейін өңдеу үшін» деген 10-бағанда тауарлық және сұйытылған газға дейін өңдеу үшін жұмсалған шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;
«Электр энергиясын өндіру үшін» деген 11-бағанда электр энергиясын өндіру үшін жұмсалған шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;
«Қабатқа кері айдау үшін (айдаудың мақсатын көрсете отырып)» деген 12-бағанда қабатқа кері айдау үшін (айдаудың мақсаты көрсете отырып) жұмсалған шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;
«Жеке технологиялық қажеттілікке пайдалану үшін» деген 13-бағанда жеке технологиялық қажеттілікке пайдалану үшін жұмсалған шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;
«Газ құбырына тапсыру үшін (алушылар бөлінісінде көрсете отырып)» деген 14-бағанда газ құбырына тапсыру үшін (алушылар бөлінісінде көрсете отырып) жұмсалған шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;
«Өзгелері (жазу)» деген 15-бағанда қайта өңдеуге және (немесе) кәдеге жаратуға жұмсалған өзге шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;
«Шикі газдың технологиялық ысыраптары» деген 16-бағанда шикі газдың технологиялық ысыраптары көлемі сандық мәнде көрсетіледі;
«Технологиялық жабдықты іске қосу-баптау кезінде» деген 17-бағанда технологиялық жабдықты іске қосу-баптау кезінде жағуға рұқсат етілген шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;
«Технологиялық жабдықты пайдалану кезінде» деген 18-бағанда технологиялық жабдықты пайдалану кезінде жағуға рұқсат етілген шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;
«Технологиялық жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде» деген 19-бағанда технологиялық жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде жағуға рұқсат етілген шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;
«Технологиялық жабдық жұмысындағы технологиялық іркілістер, істен шығу мен ауытқулар кезінде» деген 20-бағанда технологиялық жабдық жұмысындағы технологиялық іркілістер, істен шығу мен ауытқулар кезінде жағуға рұқсат етілген шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;
«Кен орынды сынамалап пайдалану кезінде» деген 21-бағанда кен орынды сынамалап пайдалану кезінде жағуға рұқсат етілген шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;
«Ұңғыманың объектілерін сынау кезінде» деген 22-бағанда ұңғыманың объектілерін сынау кезінде жағуға рұқсат етілген шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;
«Технологиялық жабдықты іске қосу-баптау кезінде» деген 23-бағанда технологиялық жабдықты іске қосу-баптау кезінде нақты жағылған шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;
«Технологиялық жабдықты пайдалану кезінде» деген 24-бағанда технологиялық жабдықты пайдалану кезінде нақты жағылған шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;
«Технологиялық жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде» деген 25-бағанда технологиялық жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде нақты жағылған шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;
«Технологиялық жабдық жұмысындағы технологиялық іркілістер, істен шығу мен ауытқулар кезінде» деген 26-бағанда технологиялық жабдық жұмысындағы технологиялық іркілістер, істен шығу мен ауытқулар кезінде нақты жағылған шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;
«Кен орынды сынамалап пайдалану кезінде» деген 27-бағанда кен орынды сынамалап пайдалану кезінде нақты жағылған шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;
«Ұңғыманың объектілерін сынау кезінде» деген 28-бағанда ұңғыманың объектілерін сынау кезінде нақты жағылған шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;
«Басқалары (соның ішінде авариялық)» деген 29-бағанда басқа технологиялық процестерге, соның ішінде авариялық нақты жағылған шикі газ көлемі сандық мәнде көрсетіледі;
«Шикі газды кәдеге жарату объектісінің атауы (құбырды салу, газ генераторын орнату, газпоршеньді электр станциясын орнату, газ кешенді дайындау қондырғысын салу және т. б.)» деген 30-бағанда шикі газды кәдеге жарату объектісінің атауы (құбырды салу, газ генераторын орнату, газпоршеньді электр станциясын орнату, газ кешенді дайындау қондырғысын салу және т. б.) көрсетіледі;
«Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасы бойынша» деген 31-бағанда шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасы бойынша шикі газды кәдеге жарату объектісін салудың басталу күні көрсетіледі;
«Нақты» деген 32-бағанда шикі газды кәдеге жарату объектісін салудың нақты күні көрсетіледі;
«Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасы бойынша» деген 33-бағанда шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасы бойынша шикі газды кәдеге жарату объектісін аяқтау күні көрсетіледі;
«Нақты» деген 34-бағанда шикі газды кәдеге жарату объектісін аяқтаудың нақты күні көрсетіледі;
«Орындалуы, %» деген 35-бағанда шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасы бойынша жоспарланған іс-шаралардың нақты орындалуы проценттік мәнде көрсетіледі;
«Орындалмау себептері» деген 36-бағанда шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасы бойынша жоспарланған іс-шаралардың нақты орындалмауы туралы ақпарат көрсетіледі;
«Ескертпе» деген 37-бағанда шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасын орындау туралы есепке қосымша ақпарат көрсетіледі.

Қолданыстағы