Құжат мәтініне өту

Об утверждении формы программы развития переработки сырого газа

Бұйрық · № 165 · қабылданған 05.05.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-122194/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении формы программы развития переработки сырого газа Қолданыста Бұйрық ·№ 165 ·05.05.2018
14.05.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении формы программы развития переработки сырого газа

Қолданыста Бұйрық ·№ 165 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении формы программы развития переработки сырого газа
Атауы (қаз.)
Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасының нысанын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
165
Қабылданған күні
05.05.2018
Көрсетілген редакция
14.05.2025 122194_762244.kaz
Соңғы өзгеріс
14.05.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800016956
ЭКБ идентификаторы
122194
Редакция идентификаторы
122194_762244
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:35

0 Шикі газды қайта өңдеуді дамыту

бағдарламасының нысанын
бекіту туралы
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 147-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасының нысаны бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау қорына енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

4 4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

5

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

0 Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасы*

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 05 мамырдағы
№ 165 бұйрығымен
бекітілген
Нысан
«БЕКІТЕМІН»
көмірсутектер саласындағы
уәкілетті органның бірінші басшысы
___________________________
(тегі, аты-жөні)
күні _______________________
қолы ____________________
Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасы*

1 1. Мазмұны.

2 2. Кіріспе.

3 3. Жалпы бөлім:

1 1) кен орны туралы жалпы мәліметтер: кен орны туралы қысқаша ақпарат, географиялық орналасуы, қолдағы бар инфрақұрылымы;

2 2) әзірлеуге негіздеме: жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген оң қорытынды алынған базалық жобалау құжатының сараптамалары немесе әзірлеменің талдауы»;

3 3) мұнай және газ қорлары (бағаланған және барланған);

4 4) мұнай және газ кен орнының физикалық, химиялық қасиеттері;

5 5) кен орындарын игерудің қазіргі жағдайы;

6 6) игерудің технологиялық жобалау көрсеткіштері;

7 7) газ факторы (жобалық, нақты және соңғы 5 жылдағы газ факторының өзгеру динамикасы);

8 8) бекітілген жобалық құжаттар шеңберіндегі мұнай және газ өндіруді болжау;

9 9) мұнай мен газды жинау және дайындаудың қолданыстағы жүйесі;

10 10) шикі газды өңдеудегі/кәдеге жаратудағы өзгерістердің динамикасы (соңғы

5 жыл ішінде).

4 4. Шикі газды жағу көлемін негіздеу:

1 1) ұңғыма объектілерін сынау кезінде (VIII);

2 2) кен орнын сынамалап пайдалану кезеңінде (VIV);

3 3) шикі газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу кезінде (VV);

4 4) технологиялық жабдықты іске қосу-баптау кезінде (V6);

5 5) технологиялық жабдықты пайдалану кезінде (V7);

6 6) технологиялық жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде (V8);

7 7) технологиялық жабдықтың жұмысындағы технологиялық іркілістер, істен шығу мен ауытқулар кезінде (V9).

5 5. Өңдеу / кәдеге жарату технологиясы және кен орнында шикі газды пайдалану / кәдеге жарату объектілерінің тізбесі.

6 6. Кен орнындағы газ балансы.

7 7. Шикі газды қайта өңдеуді әрі қарай дамыту жоспарлары;

8 8. Қорытынды:

А Қосымшасы - Шикі газды қайта өңдеуді дамыту жөніндегі бағдарламаны орындау туралы есеп және рұқсат құжаттарының көшірмелері;
Б Қосымшасы – Технологиялық жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарының ерекшелігі, паспорты және жоспар-графиктері;
B Қосымшасы - шикі газды жағу көлемін есептеу.
Ескертпе*:
Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасы шикі газды қайта өңдеуді дамыту мәселелері жөніндегі жұмыс тобының ұсынымдарын ескере отырып, көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның бекітуіне жатады және «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 147-бабының 3-тармағына сәйкес әр үш жыл сайын жаңартылып отыруға тиіс.

Қолданыстағы