Об установлении публичного сервитута на земельные участки на территории Карагандинской области для размещения магистрального газопровода «САРЫ-АРКА»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута на земельные участки на территории Карагандинской области для размещения магистрального газопровода «САРЫ-АРКА»
- Атауы (қаз.)
- «САРЫ-АРҚА» магистральдық газ құбырының орналастыру үшін Қарағанды облысының аумағындағы жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 23/02
- Қабылданған күні
- 22.05.2018
- Көрсетілген редакция
- 26.03.2020 122219_450038.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.03.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18K0004800
- ЭКБ идентификаторы
- 122219
- Редакция идентификаторы
- 122219_450038
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:25
0 «САРЫ-АРҚА» магистральдық
газ құбырының
орналастыру үшін Қарағанды облысының
аумағындағы жер учаскелеріне қауымдық
сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», 2012 жылғы 22 маусымдағы «Магистральдық құбыр туралы» заңдарына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, «САРЫ-АРҚА» магистральдық газ құбырының орналастыру үшін, жеке меншік иелерінен және жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан, мерзімі төрт жылға қауымдық сервитут белгіленсін.
2 2. «АстанаГаз ҚМК» акционерлік қоғамы (келісім бойынша) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындарды толық көлемде өтеу, шығындардың мөлшері және оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен анықталсын.
3 3. «Қарағанды облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген, тәртіппен:
1 1) Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға осы қаулының жолдануын қамтамасыз етсін;
2 2) Қарағанды облысы әкімдігінің интернет-ресурсында осы қаулының орналастырылуын қамтамасыз етілсін;
3 3) осы қаулыдан туындайтын, өзге де шаралар қолданылсын.
4 4. «Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген тәртіппен Қарағанды облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға осы қаулының жолдануын қамтамасыз етсін.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің орынбасары С.Ж. Шайдаровқа жүктелсін.
6 6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
10 Қарағанды облысы әкімдігінің
2018 жылғы 22 мамырдағы
№ 23/02 қаулысына қосымша
№ р/н
Аудандардың атаулары
Қауымдық сервитут
белгілеу көлемі, гектар
1
Ұлытау ауданы
1381,8265
2
Жаңаарқа ауданы
867,3929
3
Шет ауданы
30,2
4
Абай ауданы
434,2266
5
Бұқар жырау ауданы
346,9562
6
Осакаров ауданы
176,0310
Барлығы
3236,6332