Об установлении норматива отчисления части чистого дохода коммунальных государственных предприятий Бурабайского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении норматива отчисления части чистого дохода коммунальных государственных предприятий Бурабайского района
- Атауы (қаз.)
- Бурабай ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- а-6/215
- Қабылданған күні
- 06.06.2018
- Көрсетілген редакция
- 06.06.2018 122238_334570.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.06.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18BS006697
- ЭКБ идентификаторы
- 122238
- Редакция идентификаторы
- 122238_334570
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:11
0 Бурабай ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес, Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Бурабай ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі белгіленсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Е.Қ. Мұратовқа жүктелсiн.
3 3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 Бурабай ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі
Бурабай ауданы әкімдігінің
2018 жылғы «06» 06 № а-6/215
қаулысына қосымша
Бурабай ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі
Таза кіріс 50 000 000 теңгеге дейін
Таза кіріс сомасынан 3 пайыз
Таза кіріс 50 000 001 теңгеден 70 000 000 теңгеге дейін
1 500 000 теңге + 50 000 000 теңге мөлшеріндегі таза кірістен асқан сомадан 10 пайыз
Таза кіріс 70 000 001 теңгеден 100 000 000 теңгеге дейін
2 100 000 теңге + 70 000 000 теңге мөлшеріндегі таза кірістен асқан сомадан 15 пайыз
Таза кіріс 100 000 001 теңгеден 150 000 000 теңгеге дейін
3 000 000 теңге + 100 000 000 теңге мөлшеріндегі таза кірістен асқан сомадан 25 пайыз