Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил подачи и рассмотрения заявлений на выдачу лицензий на геологическое изучение недр

Бұйрық · № 317 · қабылданған 11.05.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-122267/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил подачи и рассмотрения заявлений на выдачу лицензий на геологическое изучение недр Қолданыста Бұйрық ·№ 317 ·11.05.2018
19.04.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.04.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил подачи и рассмотрения заявлений на выдачу лицензий на геологическое изучение недр

Қолданыста Бұйрық ·№ 317 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил подачи и рассмотрения заявлений на выдачу лицензий на геологическое изучение недр
Атауы (қаз.)
Жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияны беруге өтініш беру және оны қарау қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
317
Қабылданған күні
11.05.2018
Көрсетілген редакция
19.04.2019 122267_403436.kaz
Соңғы өзгеріс
19.04.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800016986
ЭКБ идентификаторы
122267
Редакция идентификаторы
122267_403436
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:33

0 Жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияны беруге өтініш беру және оны қарау қағидаларын бекіту туралы

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 87-бабының
6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияны беруге өтініш беру және оны қарау қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
________________ Қ. Бозымбаев
2018 жылғы «___» ___________

0 Жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияны беруге өтініш беру және оны қарау қағидалары

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2018 жылғы 11 мамырдағы
№ 317 бұйрығымен
бекітілген
Жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған
лицензияны беруге өтініш беру және оны қарау
қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияны беруге өтініш беру және оны қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 87-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияны (бұдан әрі – лицензия) беруге өтініш беру және оны қарау тәртібін айқындайды.

2 2-тарау. Жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияны беруге өтініш беру тәртібі

2 2. Жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензия алуға мүдделі тұлға (бұдан әрі - өтініш иесі) жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) Кодекстің 29-бабының 4-тармағына сәйкес бекітілетін тиісті нысанда жазбаша түрде өтініш береді.

3 3. Өтінішке Кодекстің 86-бабының 4-тармағында көрсетілген талаптарын ескере отырып жасалған, Кодекстің 86-бабының 3-тармағында көзделген құжаттар қоса беріледі.

4 4. Өтініштің уәкілетті органға түскен күні мен уақыты өтініш беру кезі деп айқындалады және уәкілетті органның кеңсесінде сақталатын, тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында (бұдан әрі – журнал) есепке алынады.

5 5. Уәкілетті органының кеңсесі өтінішті қабылдау кезінде журналында тіркеу күні мен уақытын (сағатын, минутын) көрсете отырып өтінішті тіркеп және бірегей есептік нөмірін береді.

Келіп түскен өтініш алынған сәтте тіркеледі.

6 6. Журнал мыналарды қамтиды:

1 1) өтініштің бірегей есептік нөмірін;

2 2) өтініш иесінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) немесе атауы;

3 3) өтiнiшті тiркеу күнi мен уақытын (сағат, минут).

3 3-тарау. Жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияны беруге өтініш қарау тәртібі

7 7. Уәкілетті орган өтінішті келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды және лицензия береді не оны беруден бас тартады.

8 8. Егер өтініш немесе оған қоса берілген құжаттар Кодекстің 86-бабында көзделген талаптарға сәйкес келмесе, уәкілетті орган лицензия беруден бас тартады, ол туралы өтініш иесіне уәжді жазбаша жауап жіберіледі.

9 9. Лицензия беруден бас тартылған жағдайда өтініш иесі осы Қағидалармен белгіленген тәртіппен уәкілетті органға өтінішті қайта береді.

10

11 11. Лицензияны беруден бас тартуға өтініш иесі бұл туралы хабарлама алған күннен бастап оған он жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағым жасайды.

Қолданыстағы