Құжат мәтініне өту

Об утверждении категорий автостоянок (паркингов) в целях увеличения базовой ставки для исчисления налога на земли города Сарани, выделенные под автостоянки (паркинги)

Өзге акт · № 279 · қабылданған 17.05.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-122326/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об утверждении категорий автостоянок (паркингов) в целях увеличения базовой ставки для исчисления налога на земли города Сарани, выделенные под автостоянки (паркинги) Қолданыста Өзге акт ·№ 279 ·17.05.2018
17.05.2018 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.05.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении категорий автостоянок (паркингов) в целях увеличения базовой ставки для исчисления налога на земли города Сарани, выделенные под автостоянки (паркинги)

Қолданыста Өзге акт ·№ 279 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении категорий автостоянок (паркингов) в целях увеличения базовой ставки для исчисления налога на земли города Сарани, выделенные под автостоянки (паркинги)
Атауы (қаз.)
Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген Саран қаласының жерлеріне салықты есептеу үшін базалық мөлшерлемені өсіру мақсатында автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарын бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
279
Қабылданған күні
17.05.2018
Көрсетілген редакция
17.05.2018 122326_330024.kaz
Соңғы өзгеріс
17.05.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18KG004806
ЭКБ идентификаторы
122326
Редакция идентификаторы
122326_330024
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:28

0 Автотұрақтар (паркингтер)

үшін бөлінген Саран қаласының
жерлеріне салықты есептеу үшін
базалық мөлшерлемені өсіру мақсатында
автотұрақтардың (паркингтердің)
санаттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 505, 509 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген Саран қаласының жерлеріне салықты есептеу үшін базалық мөлшерлемені өсіру мөлшері және автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2

2. Саран қалалық мәслихатының 2011 жылғы 10 қарашадағы «Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген Саран қаласының жерлеріне салықты есептеу үшін базалық ставканы ұлғайту мақсатында автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарын бекіту туралы» № 646 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8 – 7 - 127 болып тіркелген, 2011 жылғы 16 желтоқсандағы № 51 «Саран газеті» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген Саран қаласының жерлеріне салықты есептеу үшін өсірілген базалық мөлшерлеме есепке алынған автотұрақтар (паркингтер) санаттары

Саран қалалық мәслихатының
2018 жылғы 17 мамырдағы
25 сессиясының № 279
шешіміне қосымша
Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген Саран қаласының жерлеріне салықты есептеу үшін өсірілген базалық мөлшерлеме
есепке алынған автотұрақтар (паркингтер) санаттары

Автотұрақтардың (паркингтің) типтері
Автотұрақтардың (паркингтің) санаты
Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, Саран қаласының жерлеріне бір шаршы метр үшін салынатын базалық салық мөлшерлемелері (теңге)
Базалық ставканың өсіру мөлшері
Өсіру мөлшерін есепке ала отырып (теңге), автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген Саран қаласының жерлеріне базалық салық мөлшерлемесі
1
Ашық типті, жабық типті жерүсті автотұрақтары
1
8,2
10
82
2
Басқа мақсаттағы ғимараттарға қатар салынған автотұрақтар, басқа мақсаттағы ғимараттарға жапсарлас салынған автотұрақтар
2
8,2
9
73,8
3
Жер астындағы, жертөлелердегі, астыңғы қабаттағы немесе жер үстіндегі төменгі қабаттағы ғимараттардың астына орналасқан автотұрақтар
3
8,2
8
65,6

Қолданыстағы