Құжат мәтініне өту

Об утверждении условий по минимальному индивидуальному кредитному рейтингу в иностранной валюте

Бұйрық · № 293 · қабылданған 02.05.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-122328/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении условий по минимальному индивидуальному кредитному рейтингу в иностранной валюте Қолданыста Бұйрық ·№ 293 ·02.05.2018
21.04.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.04.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении условий по минимальному индивидуальному кредитному рейтингу в иностранной валюте

Қолданыста Бұйрық ·№ 293 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении условий по минимальному индивидуальному кредитному рейтингу в иностранной валюте
Атауы (қаз.)
Шетелдік валютадағы ең төмен жеке кредиттік рейтинг бойынша шарттарды бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
293
Қабылданған күні
02.05.2018
Көрсетілген редакция
21.04.2023 122328_629580.kaz
Соңғы өзгеріс
21.04.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017015
ЭКБ идентификаторы
122328
Редакция идентификаторы
122328_629580
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:38

0 Шетелдік валютадағы ең төмен жеке кредиттік рейтинг бойынша шарттарды бекіту туралы

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 56-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған шетелдік валютадағы ең төмен жеке кредиттік рейтинг бойынша шарттар бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________ Т. Сүлейменов
2018 жылғы 22 мамыр
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
________________ Б. Сұлтанов
2018 жылғы 23 мамыр

0 Шетелдік валютадағы ең төмен жеке кредиттік рейтинг бойынша шарттар

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2018 жылғы 2 мамырдағы
№ 293 бұйрығымен
бекітілді
Шетелдік валютадағы ең төмен жеке кредиттік рейтинг бойынша шарттар
Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету бойынша кепілгер акциялары ұйымдастырылған құнды қағаздар нарығында айналыстағы ұйым немесе шетел банкі болады (бұдан әрі - Кепілгер). Кепілгер келесі шарттың біріне сәйкес болу қажет:

1 1) Fitch, Сapital Intelligence, Dominion Bond Rating Service, JСR немесе Rating & Investment Information рейтингілік агенттіктерімен берілген рейтингілердің ұқсас деңгейінен не Standard & Poors рейтингілік агенттігінің «ВВ+» деңгейінен төмен емес жеке кредиттік рейтингінің болуы.

2 2) Moody's Investors Service рейтингілік агенттігімен берілген «Вa1» деңгейінен төмен емес жеке кредиттік рейтингінің болуы.

Қолданыстағы