Об утверждении инструкции по составлению плана старательства
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении инструкции по составлению плана старательства
- Атауы (қаз.)
- Кен іздеушілік жоспарын жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 340
- Қабылданған күні
- 17.05.2018
- Көрсетілген редакция
- 17.05.2018 122332_330084.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.05.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1800016979
- ЭКБ идентификаторы
- 122332
- Редакция идентификаторы
- 122332_330084
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:28
0 Кен іздеушілік жоспарын жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 273-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Кен іздеушілік жоспарын жасау жөніндегі нұсқаулығы бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
______________Қ. Бозымбаев
2018 жылғы 21 мамыр
9 Кен іздеушілік жоспарын жасау жөніндегі нұсқаулық
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 17 мамырдағы
№ 340 бұйрығымен
бекітілген
Кен іздеушілік жоспарын жасау жөніндегі нұсқаулық
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Кен іздеушілік жоспарын жасау жөніндегі нұсқаулық «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» (бұдан әрі – Кодекс) 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 273-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және кен іздеушілік жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға арналған.