Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил извещения с использованием информационных систем

Бұйрық · № 170 · қабылданған 11.05.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-122342/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил извещения с использованием информационных систем Қолданыста Бұйрық ·№ 170 ·11.05.2018
24.03.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.03.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил извещения с использованием информационных систем

Қолданыста Бұйрық ·№ 170 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил извещения с использованием информационных систем
Атауы (қаз.)
Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып хабарлау қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
170
Қабылданған күні
11.05.2018
Көрсетілген редакция
24.03.2023 122342_623187.kaz
Соңғы өзгеріс
24.03.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017012
ЭКБ идентификаторы
122342
Редакция идентификаторы
122342_623187
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:33

0 Ақпараттық жүйелерді пайдалана

отырып хабарлау қағидаларын
бекіту туралы
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 68-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып хабарлау қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

4 4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

5

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
______________Д. Абаев
2018 жылғы «_____» __________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
______________Ж. Қасымбек
2018 жылғы «_____» __________

0 Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып хабарлау қағидалары

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 11 мамырдағы
№ 170 бұйрығымен бекітілген
Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып
хабарлау қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып хабарлау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 68-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және Кодексте реттелетін қатынастардың қатысушыларын (бұдан әрі – қатысушылар) «Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі» (бұдан әрі – ББМЖ) интеграцияланған ақпараттық жүйесін пайдалана отырып хабарлау тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

2 2-тарау. Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып хабарлау тәртібі

3 3. Құзыретті орган ББМЖ-ны пайдалана отырып қатысушыларға хабарламаларды жібереді.

4 4. Хабарламалар қатысушыларға электрондық құжат нысанында жіберіледі және хабарлама жіберілген қатысушы туралы мәліметтерді, хабарлама жіберу үшін негіздемені, оның мазмұнын, жіберуші туралы ақпаратты және оның электрондық цифрлық қолтаңбасын қамтиды.

5 5. Электрондық құжат нысанындағы хабарламалар ББМЖ-да тіркелу рәсімінен өткен қатысушыларға жолданады.

6 6. Қатысушылар ББМЖ-ға тіркелу арқылы хабарламаларды алуға келісім білдіреді.

7 7. Қатысушылар хабарлама бойынша қосымша түсіндірулер алу үшін жеке кабинетті пайдаланады.

Қолданыстағы