Құжат мәтініне өту

Об установлении единого тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа по городу Риддеру

Қаулы · № 369 · қабылданған 15.05.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 31.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-122353/on/2026-08-31/
Басып шығарылды 2026-08-31 · adilet.kz
Об установлении единого тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа по городу Риддеру Күшін жойған Қаулы ·№ 369 ·15.05.2018
05.11.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
31.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.11.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении единого тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа по городу Риддеру

Күшін жойған Қаулы ·№ 369 · 31.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении единого тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа по городу Риддеру
Атауы (қаз.)
Риддер қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
369
Қабылданған күні
15.05.2018
Көрсетілген редакция
05.11.2024 122353_733275.kaz
Соңғы өзгеріс
05.11.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18VD000174
ЭКБ идентификаторы
122353
Редакция идентификаторы
122353_733275
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:32

0 Риддер қаласы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау бірыңғай тарифін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 19-бабына сәйкес, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Риддер қаласы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау бірыңғай тарифі 130 (жүз отыз) теңге мөлшерінде белгіленсін.

2 2. «Риддер қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулыны Шығыс Қазақстан облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;

3 3) осы қаулыны мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

4 4) осы қаулыны оның ресми жарияланған күнінен кейін Риддер қаласы әкімінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3

3. Риддер қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы «Риддер қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы» № 1325 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4365 тіркелген, 2016 жылғы 03 наурыздағы «Лениногорская правда» газетінде, 2016 жылғы 02 наурызда


«Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Риддер қаласы әкімінің орынбасары С.А. Харченкоға жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Риддер қалалық
мәслихатының хатшысы
_________И. Панченко
«15» мамыр 2018 жыл

Қолданыстағы