Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги «Приобретение прав на земельные участки, которые находятся в государственной собственности, не требующее проведения торгов (конкурсов, аукционов)»

Қаулы · № 142 · қабылданған 21.05.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-122358/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги «Приобретение прав на земельные участки, которые находятся в государственной собственности, не требующее проведения торгов (конкурсов, аукционов)» Күшін жойған Қаулы ·№ 142 ·21.05.2018
30.06.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги «Приобретение прав на земельные участки, которые находятся в государственной собственности, не требующее проведения торгов (конкурсов, аукционов)»

Күшін жойған Қаулы ·№ 142 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги «Приобретение прав на земельные участки, которые находятся в государственной собственности, не требующее проведения торгов (конкурсов, аукционов)»
Атауы (қаз.)
«Сауда–саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
142
Қабылданған күні
21.05.2018
Көрсетілген редакция
30.06.2020 122358_471810.kaz
Соңғы өзгеріс
30.06.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18U0004623
ЭКБ идентификаторы
122358
Редакция идентификаторы
122358_471810
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:26

0 «Сауда–саттықты

(конкурстарды, аукциондарды)
өткізуді талап етпейтін мемлекет
меншігіндегі жер учаскелеріне
құқықтарды алу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентін
бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. «Оңтүстiк Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Оңтүстік Қазақстан облысында таралатын мерзімді басылымдарға жіберуді;

4 4) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Е.Садырға жүктелсiн.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ә.Ш.Өсербаев
Ә.Е.Тұрғымбеков
Е.Ә.Садыр
Ұ.Сәдібеков
Т.Қ.Сәрсембаев
Е.Қ.Тасжүреков
А.С.Сәбитов
А.Б.Тасыбаев

9 Оңтүстік Қазақстан облысы

әкімдігінің 2018 жылғы
«21» мамырдағы №142
қаулысына қосымша
«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін
мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1-бөлім. Жалпы ережелер

1

1. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны - қағаз түрінде.

3

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі - жер учаскесіне құқық беру туралы шешім (бұдан әрі - шешім) немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 наурыздағы №151 бұйрығымен бекітілген «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 10-тармағында көрсетілген жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.

2 2-бөлім. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

4

4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдарды) бастауға негіздеме: көрсетілетін қызметті алушының (не оның уәкілетті өкілінің: уәкілеттілігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) (бұдан әрі - оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге Стандарттың қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынуы.

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындаудың ұзақтығы:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі көрсетілетін қызметті берушіге Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады;

2

2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетілген көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгісі бар өтініштің көшірмесін береді және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға ұсынады (10 минут ішінде);

3

3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 2 сағат ішінде құжаттарды қарайды және құзыреті шегінде облыстың, ауданның және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының жер қатынастары саласындағы не сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөліміне (бұдан әрі – уәкілетті орган) жолдайды;
Егер өтініш жер қатынастары саласындағы органда жолданған жағдайда;

4 4) уәкілетті орган екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, құжаттардың толық емес топтамасы ұсынылған жағдайда, өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тарту туралы жауап дайындайды, тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне жолдайды.

Құжаттардың толық топтамасы ұсынылған жағдайда, уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде тиісті жер комиссиясына (бұдан әрі – жер комиссиясы) құжаттарды дайындайды және қарауына ұсынады;

5 5) жер комиссиясы бес жұмыс күні ішінде қорытынды шығарады және уәкілетті органға жолдайды;

6 6) жер комиссиясы теріс қорытынды шығарған жағдайда, уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде жер учаскесіне құқық табыстаудан бас тарту туралы шешім жобасын (бұдан әрі - бас тарту туралы шешім) дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады;

7 7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы екі жұмыс күні ішінде бас тарту туралы шешімге қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды;

8 8) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері бір жұмыс күні ішінде бас тарту туралы шешімді тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне бас тарту туралы шешімнің көшірмесін жолдайды;

9 9) жер комиссиясы оң қорытынды шығарған жағдайда, уәкілетті орган екі жұмыс күні ішінде қорытындыны көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне жерге орналастыру жобасын дайындау үшін жолдайды.

Жерге орналастыру жобасын әзірлеу кезеңі мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;

10 10) уәкілетті орган жерге орналастыру жобасы бекітілген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде шешім жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушіге басшысына ұсынады;

11 11) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы жеті жұмыс күні ішінде шешімге қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды;

12 12) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері бір жұмыс күні ішінде шешімді тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне шешімнің көшірмесін жолдайды.

Егер өтініш сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органға жолданған жағдайда.

13 13) Сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті орган жеті жұмыс күн ішінде жер учаскесін орналастырудың ахуалдық схемасымен жер учаскесін таңдау актісін (бұдан әрі – таңдау акті) дайындайды.

14 14) таңдау актісін бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, тиісті қызметтерге және Мемлекеттік корпорацияға мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша жер учаскесін беру мүмкіндігі туралы тиісті қорытынды дайындау үшін келісуге жолдайды, дайындау мерзімі он екі жұмыс күн;

15 15) оң шешім қабылданған жағдайда үш жұмыс күні ішінде сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысы түпкілікті таңдау актісін қарайды және оған қол қояды.

Теріс шешім кезінде бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды;

16

16) жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушымен келісу үшін Мемлекеттік корпорацияға түпкілікті таңдау актісін және Мемлекеттік корпорация ұсынған жер-кадастрлық жоспарды дайындауға арналған есепті (сметаны) немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жолдайды – үш жұмыс күн ішінде;

17 17) жер қатынастары бойынша уәкілетті орган жер-кадастрлық жоспарды үш жұмыс күні ішінде бекітіледі, шешім жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушіге басшысына ұсынады;

18 18) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бес жұмыс күні ішінде шешімге қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды;

19 19) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері бір жұмыс күні ішінде шешімді тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне шешімнің көшірмесін жолдайды.

3 3-бөлім. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3 3) уәкілетті орган;

4 4) жер комиссиясы.

8 8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің орындалу мерзімі көрсетілген сипаттама осы регламенттің 2-бөлімі 5-тармағында келтірілген.

4 4-бөлім. Мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

8 8. Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің қосымшасында көрсетілген.

«Сауда–саттықты
(конкурстарды, аукциондарды)
өткізуді талап етпейтін мемлекет
меншігіндегі жер учаскелеріне
құқықтарды алу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
Кеңсе қызмет-кері
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы
Уәкілетті
орган
Жер комис-сиясы
Уәкі­лет­ті
ор­ган
Көр­се-ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру-ші­нің бас­шы­сы
Кең­се қыз­мет­ке­рі
Уәкі­лет­ті
ор­ган
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­сы
Кең­се қыз­мет-ке­рі
Құжат-тарды тіркейді, көрсе-тілетін қызметті алушыға не оның өкіліне құжаттар топта-масын қабылдау күні мен уақыты көрсе-тілген көрсе-тілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгісі бар өтініштің көшір-месін береді және құжат-тарды көрсе-тілетін қызметті беру-шінің басшы-сына қарауға ұсынады
(10 минут ішінде).
Құжаттарды қарайды және құзыреті шегінде облыстың, ауданның және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының жер қатынастары саласындағы не сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөліміне (бұдан әрі – уәкілетті орган) жолдайды
(2 сағат ішінде).
Ұсыныл-ған құжат-тардың толық-тығын тексереді, құжат-тардың толық емес топта-масы ұсыныл-ған жағдайда, өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тарту туралы жауап дайын-дайды, тіркейді және көрсе-тілетін қызметті алушыға не оның өкіліне жол-дайды (екі жұмыс күні ішінде); жер комис-сиясына (бұдан әрі – жер комис-сиясы) құжат-тарды дайын-дайды және қарауына ұсынады (бес жұмыс күні ішінде).
Қоры-тынды шыға-рады және уәкілетті органға жол-дайды (бес жұмыс күні ішінде).
Жер учас­ке­сіне құқық та­быс-та­удан бас тар­ту ту­ра­лы ше­шім жо­ба­сын (бұ­дан әрі - бас тар­ту ту­ра­лы ше­шім) дай­ын-дай­ды және көр­сеті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы-сы­на ұсы­на­ды (бес жұ­мыс кү­ні ішін­де).
Бас
тар­ту
ту­ра­лы ше­шім­ге
қол
қо­яды
және көр­се-ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру-ші­нің кең­се қыз­мет-ке­ріне
жол-дай­ды
(екі жұ­мыс
кү­ні ішін­де).
Бас тар­ту ту­ра­лы ше­шім­ді тір­кей­ді және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға не оның өкі­ліне бас тар­ту ту­ра­лы ше­шім­нің кө­шір­ме­сін жол­дай­ды (бір жұ­мыс кү­ні ішін­де).
Жер ко­мисси­я­сы оң қо­ры-тын­ды шы­ғар-ған жағ-дай­да, қо­ры-тынды­ны көр­сеті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға жер­ге ор­нала­сты­ру жо­ба­сын дай­ындау үшін жолдай­ды (екі жұ­мыс кү­ні ішін­де).
Ше­шім-ге қол қо­яды және көр­сеті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру-ші­нің кең­се қыз­мет-ке­ріне жол-дай­ды
(же­ті жұ­мыс кү­ні ішін­де).
Ше­шім-ді тір­кей­ді және көр­сеті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға не оның өкі­ліне ше­шім-нің кө­шірме­сін жолдай­ды (бір жұ­мыс кү­ні ішін­де).

Қолданыстағы