Құжат мәтініне өту

Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Егиндыкольском районе

Қаулы · № а-5/82 · қабылданған 11.05.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-122360/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Егиндыкольском районе Күшін жойған Қаулы ·№ а-5/82 ·11.05.2018
17.10.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.10.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Егиндыкольском районе

Күшін жойған Қаулы ·№ а-5/82 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Егиндыкольском районе
Атауы (қаз.)
Егіндікөл ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
а-5/82
Қабылданған күні
11.05.2018
Көрсетілген редакция
17.10.2019 122360_424093.kaz
Соңғы өзгеріс
17.10.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18BH006647
ЭКБ идентификаторы
122360
Редакция идентификаторы
122360_424093
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:34

0 Егіндікөл ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы

«Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3-бабы 2- тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Егіндікөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Егіндікөл ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Қ. Қасеновқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасының Ішкі істер
министрлігі Ақмола облысының Ішкі істер
департаменті Егіндікөл ауданының ішкі
істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
бастығы
Ғ. Айтмағамбетов
«11» 05 2018 жыл

4 Егіндікөл ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

Егіндікөл ауданы әкімдігінің
2018 жылғы «11» мамырдағы
№ а-5/82 қаулысына
қосымша
Егіндікөл ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

1 1-тарау. Көтермелеудің түрлері

1 1. Егіндікөл ауданы әкімінің алғыс хаты.

2 2. Ақшалай сыйақы.

2 2-тарау. Көтермелеудің тәртібі

3 3. Осы тәртіп Егіндікөл ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеуді ұйымдастырудың мәселелерін реттейді.

4 4. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Егіндікөл ауданы әкімдігінің қаулысымен құрылған комиссия (бұдан әрі – комиссия) қарайды.

5 5. «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының Ішкі істер департаменті Егіндікөл ауданының ішкі істер бөлімі» (бұдан әрі – ІІБ) мемлекеттік мекемесімен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсыныс комиссияның қарауына енгізіледі.

6 6. Комиссиямен қабылданған хаттамалық шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.

7 7. Ақшалай сыйақыны төлеуді ІІБ облыстық бюджет есебінен жүргізіледі.

8 8. Ақшалай сыйақыны төлеу үшін ІІБ бастығының комиссия қабылдаған шешіміне сәйкес қосымша бұйрығы шығарылады.

9 9. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарға ақшалай сыйақыны беру, Егіндікөл ауданы әкімінің алғыс хатын табыстау ІІБ салтанатты жиынында жүзеге асырылады.

3 3-тарау. Ақшалай сыйақының мөлшері

10

10. Ақшалай сыйақы мөлшерін қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін, сонымен қатар онымен немесе оның қатысуымен құқыққа қарсы әрекет нәтижесінде келтірілуі мүмкін залалдың алдын алған көлемін есепке ала отырып, ақшалай сыйақының мөлшері комиссиямен белгіленеді және 20 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайды.

Қолданыстағы