Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, также лиц освобожденных из мест лишения свободы и граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования Байдибекского района

Қаулы · № 199 · қабылданған 30.05.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-122387/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, также лиц освобожденных из мест лишения свободы и граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования Байдибекского района Күшін жойған Қаулы ·№ 199 ·30.05.2018
19.04.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.04.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, также лиц освобожденных из мест лишения свободы и граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования Байдибекского района

Күшін жойған Қаулы ·№ 199 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, также лиц освобожденных из мест лишения свободы и граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования Байдибекского района
Атауы (қаз.)
Бәйдібек ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
199
Қабылданған күні
30.05.2018
Көрсетілген редакция
19.04.2019 122387_402454.kaz
Соңғы өзгеріс
19.04.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18UE004625
ЭКБ идентификаторы
122387
Редакция идентификаторы
122387_402454
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:18

0 Бәйдібек ауданының пробация қызметінің

есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас
бостандығынан айыру орындарынан
босатылған адамдарды және ата-анасынан
кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған
немесе ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған, білім беру ұйымдарының түлектері
болып табылатын жастар қатарындағы
азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін
жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 7), 8), 9) тармақшаларына сәйкес, Бәйдібек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2 2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

3 3. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 3-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

4

4. Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2017 жылығы 24 шілдедегі №229 «Бәйдібек ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4178 болып тіркелген, 2017 жылы 16 тамызындағы «Шаян» газетінде және 2017 жылы 16 тамызында Қазақстан
Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің этолондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

5 5. «Бәйдібек ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Бәйдібек ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

4 4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Бәйдібек ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Темірге жүктелсін.

7 7. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

12 Бәйдібек ауданы

әкімдігінің 30 мамыр
2018 жылғы №199
қаулысына 1 қосымша
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Бәйдібек ауданы ұйымдарының тізімі

Ұйым атауы
Жұмыскер-лердің тізімдік саны
Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны
1
Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «С.Ерубаев жалпы орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
138
2
2
2
Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Бәйдібек аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
857
2
17

13 Бәйдібек ауданы

әкімдігінің 30 мамыр
2018 жылғы №199
қаулысына 2 қосымша
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотасы белгіленетін Бәйдібек ауданы ұйымдарының тізімі

Ұйым атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны
1
Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Бәйдібек аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
857
2
17

14 Бәйдібек ауданы

әкімдігінің 30 мамыр
2018 жылғы №199
қаулысына 3 қосымша
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленетін Бәйдібек ауданы ұйымдарының тізімі

Ұйымның атауы
Жұмыскер-лердің тізімдік саны
Квотаның мөлшері
(% жұмыскерлер-дің тізімдік саны)
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының саны
1
Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Бәйдібек аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
857
2
17

Қолданыстағы