Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил ведения реестра выданных лицензий на недропользование

Бұйрық · № 306 · қабылданған 03.05.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-122438/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил ведения реестра выданных лицензий на недропользование Қолданыста Бұйрық ·№ 306 ·03.05.2018
03.05.2018 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.05.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил ведения реестра выданных лицензий на недропользование

Қолданыста Бұйрық ·№ 306 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил ведения реестра выданных лицензий на недропользование
Атауы (қаз.)
Жер қойнауын пайдалануға берілген лицензиялардың тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
306
Қабылданған күні
03.05.2018
Көрсетілген редакция
03.05.2018 122438_330543.kaz
Соңғы өзгеріс
03.05.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800016954
ЭКБ идентификаторы
122438
Редакция идентификаторы
122438_330543
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:37

0 Жер қойнауын пайдалануға берілген лицензиялардың тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 29-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдалануға берілген лицензиялардың тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
____________ Д. Абаев
2018 жылғы 11 мамыр

0 Жер қойнауын пайдалануға берілген лицензиялардың тізілімін жүргізу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 3 мамырдағы
№ 306 бұйрығымен
бекітілген
Жер қойнауын пайдалануға берілген лицензиялардың тізілімін жүргізу
қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Жер қойнауын пайдалануға берілген лицензиялардың тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 29-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және жер қойнауын пайдалануға берілген лицензиялардың тізілімін жүргізу (бұдан әрі – тізілім) тәртібін айқындайды.

2 2-тарау. Жер қойнауын пайдалануға берілген лицензиялардың тізілімін жүргізу тәртібі

2 2. Осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша Кодекстің негізінде жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияны берген мемлекеттік орган тізілімді жүргізуді жүзеге асырады.

3 3. Тізілімге жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияны беру күні, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияны қайта ресімдеу күнінің мәліметтері енгізіледі.

4 4. Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияның қолданылуын тоқтату немесе жарамсыздығы туралы мәліметтер Кодекстің 33 және 34-баптарында көзделген негіздер бойынша жер қойнауын пайдалануға берілген лицензия тоқтатылған немесе жарамсыз деп танылған күніне енгізіледі.

5 5. Лицензияларды беру немесе оны қайта ресімдеу кезінде жіберілген грамматикалық немесе арифметикалық қателерді, қателесіп жазуларды немесе басқа да осыған ұқсас қателерді түзету туралы мәліметтер қателерді түзеткен күні енгізіледі.

6 6. Тізілім мынадай мәліметтерді қамтиды:

1 1) жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияның түрі;

2 2) операциялардың кіші түрі (жер қойнауының кеңістігін пайдалануға арналған лицензиялар бойынша);

3 3) жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияның нөмірі мен күні;

4 4) жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияның мерзімі;

5 5) жер қойнауы учаскесі аумағының шекаралары;

6 6) жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияны беру негізі;

7 7) жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияны берген мемлекеттік органның атауы;

8 8) жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия берілген тұлға туралы мәліметтер:

жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері, азаматтығы;
заңды тұлғалар үшін – атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

9 9) жер қойнауын пайдалану құқығының ортақ иелері болып табылатын тұлғалар үлестерінің мөлшері туралы мәліметтер;

10 10) жер қойнауын пайдаланушыны бақылаушы, ұйымдар және тұлғалар туралы мәліметтер:

өздеріне (өзіне) тиесілі бақылау тәсілі мен нысаны;
жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), азаматтығы;
заңды тұлғалар үшін – атауы, орналасқан жер;

11 11) жер қойнауын пайдалану құқығына қатысты тіркелген ауыртпалық туралы;

12 12) жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияға енгізілген өзгерістер туралы мәліметтер (енгізілген өзгерістердің негізі мен сипаттамасы, өзгерістер енгізілген күні);

13 13) жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияларға енгізілген түзетулер туралы мәліметтер (түзетулер сипаттамасы);

14 14) жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялардың қолданылуын тоқтау немесе жарамсыздығы туралы мәліметтер.

7 7. Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияларды берген мемлекеттік орган өз интернет-ресурсында тізілімді орналастыруды және тиісті мәліметтер өзгертілген күні интернет-ресурста орналастырылған тізілімді жаңартуды жүзеге асырады.

1 Жер қойнауын пайдалануға берілген лицензиялардың тізілімі

Жер қойнауын пайдалануға
берілген лицензиялардың тізілімін
жүргізу қағидаларына қосымша
нысан
Жер қойнауын пайдалануға берілген лицензиялардың тізілімі

р/с
Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияның түрі
Операциялардың кіші түрі (жер қойнауының кеңістігін пайдалануға арналған лицензиялар бойынша)
Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияның нөмірі мен күні
Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияның мерзімі
Жер қойнауы учаскесі аумағының шекаралары
Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияны беру негізі
1
2
3
4
5
6
7
кестенің жалғасы
Жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­ға ар­нал­ған ли­цен­зи­я­ны бер­ген мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ата­уы
Жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­ға ар­нал­ған ли­цен­зия бе­рі­л­ген тұл­ға ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
Жер қой­на­уын пай­да­ла­ну құқы­ғы­ның ор­тақ ие­ле­рі бо­лып та­бы­ла­тын тұ­лға­лар үле­сте­рі­нің мөл­ше­рі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
Жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­шы­ны ба­қы­ла­у­шы, ұй­ым­дар және тұ­лға­лар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
Жер қой­на­уын пай­да­ла­ну құқы­ғы­на қа­ты­сты тір­кел­ген ауырт­па­лық ту­ра­лы
Жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­ға ар­нал­ған ли­цен­зи­я­ға ен­гі­зі­л­ген өзге­рі­стер ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (ен­гі­зі­л­ген өзге­рі­стер­дің негі­зі мен си­патта­ма­сы, өзге­рі­стер ен­гі­зі­л­ген кү­ні)
Жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­ға ар­нал­ған ли­цен­зи­я­лар­ға ен­гі­зі­л­ген тү­зе­ту­лер ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (тү­зе­ту­лер си­патта­ма­сы)
Жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­ға ар­нал­ған ли­цен­зи­я­лар­дың қол­да­ны­луын тоқ­тау неме­се жа­рам­сызды­ғы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
8
9
10
11
12
13
14
15

Қолданыстағы