Об установлении единых ставок фиксированного налога на единицу объекта налогообложения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении единых ставок фиксированного налога на единицу объекта налогообложения
- Атауы (қаз.)
- Салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемесін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 241
- Қабылданған күні
- 22.05.2018
- Көрсетілген редакция
- 17.06.2020 122474_466885.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.06.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18KN004809
- ЭКБ идентификаторы
- 122474
- Редакция идентификаторы
- 122474_466885
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:25
0 Салық салу объектісінің
бірлігіне тіркелген салықтың
бірыңғай мөлшерлемесін
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 546 бабының 3-тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемесі қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2
2. Нұра аудандық мәслихатының 2012 жылғы 16 ақпанындағы №19 «Салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 8-14-168 болып тіркелген, 2012 жылғы 7 сәуірдегі №14 (5248) «Нұра» газетінде жарияланған).
3 3. Аталған шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясына (Н.Сулейменов) жүктелсін.
4 4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың бірынғай мөлшерлемесі
Аудандық мәслихаттың
2018 жылғы «22» мамырдағы
№241 шешіміне
№ 1 Қосымша
Салық салу объектісінің бірлігіне
тіркелген салықтың бірынғай мөлшерлемесі
№ р/с
Салық салу объектісінің атауы
1 айға айлық есептік көрсеткіште бір объектіге салық мөлшерлемесі
1
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
1
2
Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
1
3
Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер
1
4
Ойын жолы
5
5
Карт
2
6
Бильярд үстелі
3
7
Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті
10