Құжат мәтініне өту

Об утверждении формы уведомления об изменении контроля над недропользователем

Бұйрық · № 290 · қабылданған 02.05.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-122491/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении формы уведомления об изменении контроля над недропользователем Қолданыста Бұйрық ·№ 290 ·02.05.2018
02.05.2018 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.05.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении формы уведомления об изменении контроля над недропользователем

Қолданыста Бұйрық ·№ 290 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении формы уведомления об изменении контроля над недропользователем
Атауы (қаз.)
Жер қойнауын пайдаланушыны бақылаудың өзгеруі туралы хабарлама нысанын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
290
Қабылданған күні
02.05.2018
Көрсетілген редакция
02.05.2018 122491_331165.kaz
Соңғы өзгеріс
02.05.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800016928
ЭКБ идентификаторы
122491
Редакция идентификаторы
122491_331165
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:38

0 Жер қойнауын пайдаланушыны бақылаудың өзгеруі туралы хабарлама нысанын бекіту туралы

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы
27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 47-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған жер қойнауын пайдаланушыны бақылаудың өзгеруі туралы хабарлама нысаны бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

9 Жер қойнауын пайдаланушыны бақылаудың өзгеруі туралы хабарлама

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2018 жылғы 2 мамырдағы
№ 290 бұйрығымен
бекітілді
Нысан
Жер қойнауын пайдаланушыны бақылаудың өзгеруі туралы
хабарлама
20__жылғы «___» ______________
Жер қойнауын пайдалану құқығына ие жер қойнауын пайдаланушы
(жер қойнауын пайдалану құқығының үлесі)
________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi)
жер қойнауын пайдаланушыны бақылаудың өзгеруі туралы хабарлайды.
1.Бақылауды жоғалтқан немесе алған тұлға, мемлекет немесе ұйым туралы мәліметтер (қажеттісінің астын сызыңыз)
1.
жеке тұлғалар үшін – иемденушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері, азаматтығы
2.
заңды тұлғалар үшін – атауы, орналасқан жері, мемлекеттік тиесілігін көрсету
3.
мемлекет үшін – мемлекеттің толық атауы, мемлекеттің мүдделерін білдіретін мемлекеттік органның атауы және орналасқан жері
2. Бақылаудың нысаны мен тәсілі, сондай-ақ бақылауды жоғалту немесе иелену негіздері (қажетсінің астын сызыңыз)
1.
бақылаудың нысаны, тәсілі «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 47-бабы 5-тармағына сәйкес жер қойнауын пайдаланушыны бақылауды жоғалтқанға немесе алғанға дейін тиесілі бақылау құқығының көлемін көрсете отырып
2.
бақылаудың нысаны, тәсілі «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 47-бабы 5-тармағына сәйкес жер қойнауын пайдаланушыны бақылауды жоғалтқанға немесе алғанға дейін тиесілі бақылау құқығының көлемін көрсете отырып
3.
бақылауды жоғалту немесе алу негіздері (құжаттардың деректемелерін көрсете отырып)
__________________________________________________________________
тегі,аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), жер қойнауын пайдаланушының немесе уәкілетті адамның лауазымы мен қолы (хабарламаны өкілмен жіберген жағдайда, өкілеттікті куәландыратын тиісті рәсімделген құжат салынады)
мөр орны (бар болған жағдайда)

Қолданыстағы