Об изменении границ сельского округа Атамекен и сельского округа Баскудык Мунайлинского района Мангистауской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об изменении границ сельского округа Атамекен и сельского округа Баскудык Мунайлинского района Мангистауской области
- Атауы (қаз.)
- Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының Атамекен ауылдық округі мен Басқұдық ауылдық округінің шекараларын өзгерту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 19/228
- Қабылданған күні
- 30.05.2018
- Көрсетілген редакция
- 30.05.2018 122505_331090.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.05.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18M0003648
- ЭКБ идентификаторы
- 122505
- Редакция идентификаторы
- 122505_331090
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:17
0 Маңғыстау облысы Мұнайлы
ауданының Атамекен ауылдық
округі мен Басқұдық ауылдық
округінің шекараларын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Осы бірлескен қаулы және шешімнің (бұдан әрі – қаулы және шешім) қосымшасына сәйкес, Атамекен ауылдық округінің жалпы алаңы 59,74 гектар құрайтын өнеркәсіптік аймағы жерінің бір бөлігін, Басқұдық ауылдық округінің шекарасына қосу жолымен Мұнайлы ауданы Атамекен ауылдық округінің және Басқұдық ауылдық округінің шекаралары өзгертілсін.
2
2. «Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Е.Ж. Әбілов) осы қаулы және шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулы және шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.К. Сәкеевке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы және шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Маңғыстау облысы әкімдігінің
2018 жылғы 30 мамырдағы № 137
қаулысына және Маңғыстау
облыстық мәслихатының
2018 жылғы 30 мамырдағы № 19/228
шешіміне қосымша
Мұнайлы ауданы Атамекен ауылдық округінің шекараларынан шығарылатын және Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылдық округінің шекарасына қосылатын жерлердің экспликациясы
Жер пайдаланушылардың атауы
Жалпы алаңы (гектар)
Атамекен ауылдық округінің шекарасынан шығарылғанға дейінгі жерлер алаңы
830,26
Атамекен ауылдық округі шекарасының бір бөлігінен шығарылатын жерлерінің алаңы
59,74
Атамекен ауылдық округінің шекарасынан шығарылғаннан кейінгі жерлерінің алаңы
770,52
Басқұдық ауылдық округінің шекарасына қосқанға дейінгі жерлерінің алаңы
1308,0
Басқұдық ауылдық округінің шекарасына қосылатын жердің бір бөлігінің алаңы
59,74
Басқұдық ауылдық округінің шекарасына жерді қосқаннан кейінгі жердің алаңы
1367,74