Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил выдачи разрешения на застройку территорий залегания полезных ископаемых

Бұйрық · № 367 · қабылданған 23.05.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-122582/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Правил выдачи разрешения на застройку территорий залегания полезных ископаемых Қолданыста Бұйрық ·№ 367 ·23.05.2018
21.04.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил выдачи разрешения на застройку территорий залегания полезных ископаемых

Қолданыста Бұйрық ·№ 367 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил выдачи разрешения на застройку территорий залегания полезных ископаемых
Атауы (қаз.)
Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
367
Қабылданған күні
23.05.2018
Көрсетілген редакция
21.04.2025 122582_752851.kaz
Соңғы өзгеріс
21.04.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017049
ЭКБ идентификаторы
122582
Редакция идентификаторы
122582_752851
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:24

0 Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы
27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 27-бабының
3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру қағидалары бекітілсін.

2

2. «Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарға құрылыс салуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 208 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10724 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
______________ Д. Абаев
2018 жылғы 29 мамыр
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________ Т. Сүлейменов
2018 жылғы 24 мамыр
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
______________Қ. Бозымбаев
2018 жылғы 25 мамыр

0 Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2018 жылғы
23 мамырдағы № 367 бұйрығымен
Бекітілген
Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 27-бабының 3-тармағына сәйкес әзiрленді және пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру тәртiбiн айқындайды.

2

2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) құрылыс салудың экономикалық орындылығы бөлігінде ұсынылған негіздеуші материалдарды қарастырады, ал жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкiлеттi органның аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) пайдалы қазбаларды алу мүмкiндігі бөлігінде ұсынылған негіздеуші материалдарды қарастырады.

2 2-тарау. Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру тәртiбi

3

3. Елді мекендерді, өнеркәсіп кешендерін және (немесе) басқа да шаруашылық объектілерін жобалауға және салуға көрсетілетін қызметті беруші аумақтық бөлімшемен келісу бойынша алдағы уақытта құрылыс салынатын учаске астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ екендігі немесе олардың елеусіз екендігі туралы оң қорытындысын алғаннан кейін ғана рұқсат етіледі.

4 4. Пайдалы қазбалар қабаттары жатқан аумақтарда құрылыс салуға аумақтық бөлімшемен келісу бойынша көрсетілетін қызметті берушінің рұқсатымен пайдалы қазбаларды алу мүмкіндігі қамтамасыз етілген немесе құрылыс салудың экономикалық орындылығы дәлелденген жағдайда жол беріледі.

5

5. Пайдалы қазбалар жатқан аумақта құрылыс салуға рұқсат алу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен «Жер қойнауын пайдалану бірыңғай платформасы» (бұдан әрі – ЖҚПБП) ақпараттық жүйесінің ақпараттандыру объектілері арқылы «Алдағы уақытта құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінімді жолдайды.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 5-қосымшада сәйкес баяндалған.
Жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды ЖҚПБП ақпараттық жүйесінің ақпараттандыру объектілері арқылы ұсынған кезде -автоматты тіркеу жүргізіледі және көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» бірегей есептік нөмірі, өтінішті тіркеу күні мен уақыты және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетілген мәртебе көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы ақпарат мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесінде автоматты режимде жаңартылады.

6 6. Көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімінде электронды түрде өтiнiмді тиісті аумақтық бөлiмшеге келісу үшiн жібереді.

7 7. Аумақтық бөлімше көрсетілетін қызметті беруші өтінішті тіркеген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде өтінішті қарайды және ЭЦҚ қолдана отырып келіседі.

8

8. Алдағы уақытта құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде болған жағдайында, көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде көрсетілетін қызметті алушының ЖҚПБП-дағы «жеке кабинетіне» ЭЦҚ қойылған осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алдағы уақытта құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытындыны жібереді.
Мұндай жағдайда пайдалы қазбалар жатқан аумақта құрылыс салуға рұқсат алу талап етілмейді.

9

9. Өтінім берілген алдағы құрылыс салу аумағының астында пайдалы қазбалар бар болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күнiнен кешіктірмейтін мерзімде көрсетілетін қызметті алушының ЖҚПБП-дағы «жеке кабинетіне» алдағы құрылыс салу аумағының астында пайдалы қазбалардың болуы туралы хабарламаны береді.

10 10. Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер:

1 1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтінімнің және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;

2 2) аумақтық бөлімшенің мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;

3 3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайларда.

11

11. Қорытындыны алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы «Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарды салуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЖҚПБП ақпараттық жүйесінің ақпараттандыру объектілері арқылы өтінім береді.
ЖҚПБП ақпараттық жүйесінің ақпараттандыру объектілері арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

1

1) көзделіп отырған құрылыс аумағының және оған іргелес алаңның топографиялық жоспарының электрондық көшірмесі (топографиялық жоспардың көшірмесінде тау-кен-геологиялық жағдайы, қолданыстағы және жобаланатын құрылыс контурлары, тау-кен бөлу шекаралары, құрылыс объектілеріне тау-кен әзірлемелерінің зиянды әсер ету аймақтарының шекаралары көрсетіледі);

2 2) электрондық түсіндірме жазба.

Жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды ЖҚПБП ақпараттық жүйесінің ақпараттандыру объектілері арқылы ұсынған кезде автоматты тіркеу жүреді және көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» бірегей есептік нөмірі, өтінішті тіркеу күні мен уақыты және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетілген мәртебе көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы ақпарат мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесінде автоматты режимде жаңартылады.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі құжаттар мен негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер( бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 6-қосымшада баяндалған.

12 12. Түсіндірме жазба мыналарды қамтиды:

1 1) пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға сұрау салған көрсетілетін қызметті алушы туралы, объекті жобалауды және салуды жүзеге асыратын ұйымдар туралы мәліметтер;

2 2) нысаналы мақсатын, қысқаша сипаттамасын және болжамды құрылыс аумағының көлемін қоса алғанда, объекті туралы мәліметтер;

3

3) тау-кен бөлінісі аумағында объекті құрылысы жоспарлаған жер қойнауын пайдаланушы туралы мәліметтер, жоспарланған құрылыс ауданының қысқаша геологиялық сипаттамасы (ауданның геологиялық құрылымы, шөгудің тереңдігі, негізгі дененің және олармен бірге жатқан пайдалы қазбалардын құрылымы, қорлардың сапасы мен саны, гидрогеологиялық және инженерлік геологиялық талаптары);

4 4) объектінің нысаналы бағытын, іргетас пен қабырға материалдарының сипаттамасын, жерасты құрылыстың бекітілуін; пайдалану уақытындағы өзгеру мүмкіндігін көрсете отырып, жоспарланған құрылыс объектсі туралы мәліметтер;

5 5) құрылыс салудың экономикалық орындылығын негіздеу және пайдалы қазбалар жатқан аумаққа құрылыс салуға байланысты пайдалы қазбалардың күтілетін шығындарынан экономикалық залалды есепке ала отырып, оны басқа мүмкін нұсқалармен салыстыру;

6 6) жер қыртысының және тау жыныстарының құрылыс учаскесі астында жатқан пайдалы қазбаларды алу кезінде күтілетін түрлен есебі, сондай-ақ құрылыс объектісі және техналогиялық жабдықтар үшін оларды тау-кен жұмыстарымен игерген кезде түрленуінің рұқсат берілген мөлшері.

13

13. Көрсетілетін қызметті берушінің пайдалы қазбалар жатқан аумақта құрылыс салуға рұқсат беру туралы өтінімі (бұдан әрі – рұқсат беру туралы өтінім) қабылданғаннан және оны автоматты түрде тіркегеннен кейін рұқсат беру туралы өтінім көрсетілетін қызметті берушінің және тиісті аумақтық бөлімшенің жеке кабинеттерінде автоматты түрде көрсетіледі.

14

14. Аумақтық бөлімше көрсетілетін қызметті берушіден пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру туралы өтінімнің көшірмесі және негіздеуші материалдар келiп түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күннен кешіктірмейтін мерзімінде осы құжаттарды қарастырып, көрсетілетін қызметті берушіге пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға келісім хатты не осы Қағидалардың 16-тармағында көзделген жағдайларда дәлелдi бас тартуды бередi.

15

15. Көрсетілетін қызметті беруші аумақтық бөлімшенің келісім хаты келiп түскен сәттен бастап 2 (екi) жұмыс күннен кешіктірмейтін мерзімінде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға арналған рұқсат не осы Қағидалардың 16-тармағында көзделген жағдайларда дәлелдi бас тартуды бередi.

16 16. Көрсетілетін қызметті беруші пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беруден мынадай жағдайларда:

1 1) құрылыс салу барысында жер қойнауынан пайдалы қазбаларды алу мүмкiн болмаса немесе құрылыс салудың экономикалық орындылығы дәлелденбесе;

2 2) көрсетілетін қызметті алушының пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталса бас тартады;

3 3) пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру үшін ұсынылған материалдар, объектілер, деректер мен мәліметтер осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;

4 4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар болған жағдайларда бас тартады.

3 3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

17 17. 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 14-бабының

3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына берілуі мүмкін.
Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

1 Алдағы уақытта құрылыс салынатын учаске астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ екендігі немесе олардың елеусіз екендігі туралы қорытынды беру туралы өтінім

Пайдалы қазбалар жатқан
аумақтарда құрылыс салуға
рұқсат беру қағидаларына
1-қосымша
Нысан
____________________________
(облыстардың, республикалық
маңызы бар қаланың, астананың
жергілікті атқарушы органдары)
Алдағы уақытта құрылыс салынатын учаске астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ екендігі немесе олардың елеусіз екендігі туралы қорытынды беру туралы
өтінім
Алдағы уақытта құрылыс учаскесінің астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқтығы немесе маңыздылығы туралы қорытынды беруіңізді сұраймын
Құрылыс салу объектісі:_________________________________________
Географиялық координаттағы объектінің орналасқан жері:
Бұ­ры­штық нүк­те­лер­дің

Бұ­ры­штық нүк­те­лер­дің ко­ор­ди­нат­та­ры
Сол­тү­стік ен­дік
Шы­ғыс бой­лық
гра­дус
ми­нут
се­кунд
гра­дус
ми­нут
се­кунд
1
2
...
Өзім (-із) туралы мәліметтерді ұсынамын (-мыз):
заңды тұлғалар үшін:
атауы: ________________________________
бизнес-сәйкестендіру нөмірі __________________
телефон нөмірі (факс): ________________________________
ұялы телефон нөмірі: _________________________________
e-mail: ___________________________________________________
банктік деректемелері: ________________________________
жеке сәйкестендіру коды _____________________
банктік сәйкестендіру коды __________________________
банктің атауы ________________________________
бенефициар коды _____________________________________
Өтінішке қоса беріледі:
1) __________________________________
2) __________________________________
жеке тұлғалар үшін:
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) ________ ____________
жеке сәйкестендіру нөмірі __________________
төлқұжат деректері ____________________________
азаматтығы __________________________________

Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеуге және пайдалануға келісемін.
Өтініш берушінің ЭЦҚ деректері;
ЭЦҚ-мен қол қою күні мен уақыты.
20 _ жылғы «__» _____ _____ сағат ____ минут.

2 Алдағы уақытта құрылыс салынатын учаске астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ екендігі (олардың елеусіз екендігі) туралы қорытынды

Пайдалы қазбалар
жатқан аумақтарда құрылыс салуға
рұқсат беру қағидаларына
2-қосымша
нысан
Алдағы уақытта құрылыс салынатын учаске астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ екендігі (олардың елеусіз екендігі) туралы қорытынды
________________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) не заңды тұлғаның атауы,
көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
________________________________________________________________________________
(объектінің мекенжайы)
берілді.
Құрылыс объектісінің географиялық координаттары бойынша орналасқан жері:
Бұ­ры­штық нүк­те­лер­дің

Бұ­ры­штық нүк­те­лер­дің ко­ор­ди­нат­та­ры
Сол­тү­стік ен­дік
Шы­ғыс бой­лық
гра­дус
ми­нут
се­кунд
гра­дус
ми­нут
се­кунд
1
2
...
Қосымша _____________________________________________________
Қорытынды:___________________________________________________
____________________________________________________________________
(пайдалы қазбалардың болуы (болмауы) туралы қарау нәтижесі)
Көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ деректері;
ЭЦҚ-ға қол қою күні мен уақыты.
20 _ жылғы «__» _____ _____ сағат ____ минут.

3 Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру туралы өтінім

Пайдалы қазбалар жатқан
аумақта құрылыс салуға рұқсат
беру қағидаларына
3-қосымша
нысан
_________________________
(облыстардың, республикалық
маңызы бар қаланың, астананың
жергілікті атқарушы органдары)
Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру туралы өтінім
___________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) не заңды тұлғаның атауы)
пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беруді сұрайды.
Құрылыс салу объектісі:______________________________________________________
Географиялық координаттағы объектінің орналасқан жері:
Бұ­ры­штық нүк­те­лер­дің

Бұ­ры­штық нүк­те­лер­дің ко­ор­ди­нат­та­ры
Сол­тү­стік ен­дік
Шы­ғыс бой­лық
гра­дус
ми­нут
се­кунд
гра­дус
ми­нут
се­кунд
1
2
...
Алдағы құрылыс учаскесінің астында пайдалы қазбалардың жоқ екендігі немесе олардың елеусіз екендігі туралы қорытындының нөмірі және уақыты:
___________________________________________________________________
Қосымша:
1) __________________________________________________
2) __________________________________________________
3) ...
Өзім (-із) туралы мәліметтерді ұсынамын (-ыз):
заңды тұлғалар үшін:
бизнес-сәйкестендіру нөмірі __________________
телефон нөмірі (факс): ________________________________
ұялы телефон нөмірі: _________________________________
e-mail: ___________________________________________________
банктік деректемелері: ________________________________
жеке сәйкестендіру коды _____________________
банктік сәйкестендіру коды __________________________
банктің атауы ________________________________
бенефициар коды _____________________________________
Өтінішке қоса беріледі:
1) __________________________________
2) __________________________________
жеке тұлғалар үшін:
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) ________ ____________
жеке сәйкестендіру нөмірі __________________
төлқұжат деректері ____________________________
азаматтығы __________________________________
телефон нөмірі (факс): ________________________________
ұялы телефон нөмірі: _________________________________
e-mail: ___________________________________________________
банктік деректемелері: ________________________________
жеке сәйкестендіру коды _____________________
банктік сәйкестендіру коды __________________________
банктің атауы ________________________________
бенефициар коды _____________________________________
Өтінішке қоса беріледі:
1) __________________________________
2) __________________________________
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеуге және пайдалануға келісемін.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ деректері;
ЭЦҚ-мен қол қою күні мен уақыты.
20 _ жылғы «__» _____ _____ сағат ____ минут.

4 Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат

Пайдалы қазбалар жатқан
аумақта құрылыс салуға рұқсат
беру қағидаларына
4-қосымша
Нысан
(Көрсетілетін қызметті
алушының толық атауы)
Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат
_________________________________________________________________________
(пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру
туралы қараудың нәтижесі)
_________________________________________________________________________
(құрылыс объектісінің географиялық координаттар бойынша мекенжайы,
орналасқан жері)
Бұ­ры­штық нүк­те­лер­дің

Бұ­ры­штық нүк­те­лер­дің ко­ор­ди­нат­та­ры
Сол­тү­стік ен­дік
Шы­ғыс бой­лық
гра­дус
ми­нут
се­кунд
гра­дус
ми­нут
се­кунд
1
2
...
Қосымша:______________________________________________________
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ деректері;
ЭЦҚ-мен қол қою күні мен уақыты.
20 _ жылғы «__» _____ _____ сағат ____ минут.

5 «Алдағы уақытта құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Пайдалы қазбалар
жатқан аумақта құрылыс салуға
рұқсат беру қағидаларына
5-қосымша
«Алдағы уақытта құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Об­лы­стар­дың, Аста­на, Ал­ма­ты және Шым­кент қа­ла­ла­ры­ның жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші).
2
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
Өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру «Жер қой­на­уын пай­да­ла­ну бі­рың­ғай плат­фор­ма­сы» (бұ­дан әрі – ЖҚ­ПБП) ақ­па­рат­тық жүй­е­сі ар­қы­лы ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­сі­мен жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі пор­тал­ға құ­жат­тар­ды тап­сыр­ған сәт­тен ба­стап – 9 (то­ғыз) жұ­мыс кү­ні.
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған).
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет нәти­же­сі – осы Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша ал­да­ғы уа­қыт­та құ­ры­лыс учас­ке­ле­рі астын­да­ғы жер қой­на­уын­да пай­да­лы қаз­ба­лар­дың жоқ неме­се ма­ңы­зы­ның азды­ғы ту­ра­лы қо­ры­тын­ды неме­се ал­да­ғы уа­қыт­та құ­ры­лыс са­лу ала­ңы астын­да­ғы пай­да­лы қаз­ба­лар­дың бар екен­ді­гі ту­ра­лы ер­кін ны­сан­да­ғы ха­бар­ла­ма-хат не осы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар­дың тіз­бе­сі­нің 10-тар­ма­ғын­да көз­дел­ген мә­се­ле­лер негіз болған жағ­дай­да мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны: элек­трон­дық.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің уәкі­лет­ті ада­мы­ның ЭЦҚ-сы қой­ы­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да жол­да­на­ды және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның «же­ке ка­би­не­т­ін­де» сақ­та­ла­ды.
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­ға те­гін негіз­де көр­се­ті­ле­ді.
7
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс кесте­сі
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­де – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі-жұ­ма ара­лы­ғын­да са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін.
2) ЖҚ­ПБП-да – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі
Осы Қа­ғи­да­лар­ға 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес элек­трон­дық құ­жат ны­са­ны бой­ын­ша ал­да­ғы уа­қыт­та құ­ры­лыс са­лы­на­тын учас­ке астын­да­ғы жер қой­на­уын­да пай­да­лы қаз­ба­лар­дың жоқ екен­ді­гі неме­се олар­дың еле­у­сіз екен­ді­гі ту­ра­лы қо­ры­тын­ды бе­ру ту­ра­лы өті­нім (бұ­дан әрі – өті­нім).
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
1) пай­да­лы қаз­ба­лар жа­тқан аумақ­та құ­ры­лыс са­лу­ға рұқ­сат алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дәй­ек­сіз­ді­гін анық­тау;
2) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін ке­лі­су ту­ра­лы сұ­рау са­лу­ға аумақ­тық бө­лім­ше­нің те­ріс жа­у­а­бы, сон­дай-ақ са­рап­та­ма­ның, зерт­те­удің не тек­се­ру­дің те­ріс қо­ры­тындысы;
3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты бел­гі­лі бір мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін қыз­мет­ке неме­се же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі (үкі­мі) болған жағ­дай­да.
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ЭЦҚ-сы бар болған жағ­дай­да элек­трон­ды түр­де ЖҚ­ПБП ақ­па­рат­тық жүй­е­сі ар­қы­лы ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­сі­мен ала­ды.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы 1414, 8-800-080-7777 ар­қы­лы алу мүм­кін­ді­гі бар.

6 «Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Пайдалы қазбалар жатқан
аумақта құрылыс салуға
рұқсат беру қағидаларына
6-қосымша
«Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Об­лы­стар­дың, Аста­на, Ал­ма­ты және Шым­кент қа­ла­ла­ры­ның жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші).
2
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
Өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру «Жер қой­на­уын пай­да­ла­ну бі­рың­ғай плат­фор­ма­сы» (бұ­дан әрі – ЖҚ­ПБП) ақ­па­рат­тық жүй­е­сі ар­қы­лы ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­сі­мен жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі пор­тал­ға құ­жат­тар­ды тап­сыр­ған сәт­тен ба­стап – 9 (то­ғыз) жұ­мыс кү­ні.
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған).
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет нәти­же­сі – осы Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша ал­да­ғы уа­қыт­та құ­ры­лыс учас­ке­ле­рі астын­да­ғы жер қой­на­уын­да пай­да­лы қаз­ба­лар­дың жоқ неме­се ма­ңы­зы­ның азды­ғы ту­ра­лы қо­ры­тын­ды неме­се осы тіз­бе­сі­нің 10-тар­ма­ғын­да көз­дел­ген мә­се­ле­лер негіз болған жағ­дай­да мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны: элек­трон­дық.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің уәкі­лет­ті ада­мы­ның ЭЦҚ-сы қой­ы­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да жол­да­на­ды және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның «же­ке ка­би­не­т­ін­де» сақ­та­ла­ды.
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­ға те­гін негіз­де көр­се­ті­ле­ді.
7
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс кесте­сі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс кесте­сі:
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­де – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі-жұ­ма ара­лы­ғын­да са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін.
2) ЖҚ­ПБП-да – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі
1) осы Қа­ғи­да­лар­ға 3-қо­сым­ша­ға сәй­кес элек­трон­дық құ­жат ны­са­ны бой­ын­ша пай­да­лы қаз­ба­лар жа­тқан аумақ­та құ­ры­лыс са­лу­ға рұқ­сат бе­ру ту­ра­лы өті­нім;
2) көз­де­ліп отыр­ған құ­ры­лыс ау­ма­ғы­ның және оған ір­ге­лес алаң­ның то­по­гра­фи­я­лық жос­па­ры­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (то­по­гра­фи­я­лық жос­пар­дың кө­шір­ме­сін­де тау-кен-гео­ло­ги­я­лық жағ­дайы, қол­да­ны­с­та­ғы және жо­ба­ла­на­тын құ­ры­лыс кон­тур­ла­ры, тау-кен бө­лу ше­ка­ра­ла­ры, құ­ры­лыс объ­ек­ті­ле­ріне тау-кен әзір­ле­ме­ле­рі­нің зи­ян­ды әсер ету ай­мақ­та­ры­ның ше­ка­ра­ла­ры көр­се­ті­ле­ді);
3) элек­трон­дық тү­сін­дір­ме жа­з­ба.
Же­ке тұ­лға­лар­дың же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар ту­ра­лы, заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ала­ды.
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
1) құ­ры­лыс са­лу ба­ры­сын­да жер қой­на­уы­нан пай­да­лы қаз­ба­лар­ды алу мүм­кін емес неме­се құ­ры­лы­стың эко­но­ми­ка­лық дәй­ек­сіз­ді­гі анық­тал­са;
2) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу үшін, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дәй­ек­сіз­ді­гі анық­тал­са;
3) пай­да­лы қаз­ба­лар жа­тқан аумақ­тар­да құ­ры­лыс са­лу­ға рұқ­сат бе­ру үшін ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің осы Қа­ғи­да­лар­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­се;
4) мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты бел­гі­лі бір мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін қыз­мет­ке неме­се же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі (үкі­мі) бол­са.

Қолданыстағы