Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 225
- Қабылданған күні
- 31.05.2018
- Көрсетілген редакция
- 22.12.2020 122585_500788.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18VM000139
- ЭКБ идентификаторы
- 122585
- Редакция идентификаторы
- 122585_500788
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:16
0 Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 46–бабының 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығымен бекітілген мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларының 8-тармағына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 14010 нөмірімен тіркелген) сәйкес, Катонқарағай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2
2. Катонқарағай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 458 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4848 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылғы 6 ақпандағы жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі
Катонқарағай ауданының әкімдігінің
2018 жылғы «31» мамыр
№ 225 қаулысына қосымша
Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі
№
Ұйымның атауы
Жұмысшылар-дың саны (адам)
Квота мөлшері
(%)
Жұмыс орындары-ның саны (бірліктер)
1
«Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» аумақтық мемлекеттік мекемесі
451
4
18
2
Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Катонқарағай орталық аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
226
3
7
3
«Катонқарағай мәдениет және тұрғындардың демалыс орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
115
3
4
4
«Сейтқамза Ластаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
102
3
3
5
«Рыков атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
56
2
1
6
«Ново-Березовка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
52
2
1
7
«Өрел орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
68
2
1
8
«Солдатово орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
60
2
1
9
« Қабдөш Дамитов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
87
2
2
10
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Катонқарағай аграрлық техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
81
2
2
11
«Үлкен Нарын орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
66
2
1
12
«Солоновка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
57
2
1
13
«Малонарым орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
63
2
1
14
«Чернова орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
58
2
1
15
«Оралхан Бөкей атындағы Белқарағай орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
55
2
1
16
«Ново-Хайрузовка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
60
2
1
17
«Мүмкіндігі шектеулі балаларға, 18 жастан асқан психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектерге және қарт азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі Катонқарағай аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
57
2
1
18
«Үлкен Нарын ауылындағы «Балбөбек» бөбекжай бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
58
2
1
19
«Үлкен Нарын ауылдық лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
52
2
1
20
«Катонқарағай ауданының балалар, жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
52
2
1