Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест

Қаулы · № 145 · қабылданған 23.05.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-122594/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест Күшін жойған Қаулы ·№ 145 ·23.05.2018
08.10.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.10.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест

Күшін жойған Қаулы ·№ 145 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест
Атауы (қаз.)
Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
145
Қабылданған күні
23.05.2018
Көрсетілген редакция
08.10.2019 122594_426150.kaz
Соңғы өзгеріс
08.10.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18VO000114
ЭКБ идентификаторы
122594
Редакция идентификаторы
122594_426150
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:24

0 Жұмыс орындарына квота

белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» № 412 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 13898 нөмірімен тіркелген) бұйрығына сәйкес, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Меншік түріне және меншіктің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдарда жұмыс орындарына квота белгіленсін:

1 1) ата-анасынан айырылған немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтар үшін қызметкерлердің тізімдік санынан 1 пайыз көлемде (1 қосымша);

2 2) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін қызметкерлердің тізімдік санынан 2 пайыз мөлшерінде (2 қосымша);

3 3) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін қызметкерлердің тізімдік санынан 2 пайыз мөлшерінде (3 қосымша).

2 2. «Көкпекті ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Көкпекті ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

4 4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Көкпекті ауданы әкімдігінің интернет - ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Даурен Бакытжанович Койгельдинге жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

12 Ата-анасынан айырылған немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі

Көкпекті ауданы әкімдігінің
2018 жылғы «23» мамыр
№ 145 қаулысына 1- қосымша
Ата-анасынан айырылған немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі

Ұйымның атауы
Қызметкерлердің тізімдік саны
Квотаның көлемі
(% қызметкерлердің тізімдік санынан)
Ата-анасынан айырылған немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарыныңтүлектері болып табылатын азаматтар
үшін жұмыс орындарыныңсаны
1
Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Көкпекті орталық аудандық ауруханасы" Коммуналдық Мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
107
1
1
2
Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Көкпекті орталық аудандық ауруханасы" Коммуналдық Мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
157
1
1
БАРЛЫҒЫ
264
1
2

13 Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметі есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі

Көкпекті ауданы әкімдігінің
2018 жылғы «23» мамыр
№ 145 қаулысына 2 қосымша
Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметі есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі

Ұйымның атауы
Қызметкерлердің тізімдік саны
Квотаның көлемі
(% қызметкерлердің тізімдік санынан)
Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметі есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындары саны
1
Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Көкпекті орталық аудандық ауруханасы" Коммуналдық Мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
107
2
2
2
Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Көкпекті ауданың ауданаралық ауруханасы" Коммуналдық Мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
157
2
2
3
«Мәмбет» ШҚ
78
2
3
БАРЛЫҒЫ
342
2
7

14 Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі

Көкпекті ауданы әкімдігінің
2018 жылғы «23» мамыр
№ 145 қаулысына 3 қосымша
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі

Ұйымның атауы
Қызметкерлердің тізімдік саны
Квотаның көлемі
(% қызметкерлердің тізімдік санынан)
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған
адамдар үшін жұмыс орындарының саны
1
Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Көкпекті орталық аудандық ауруханасы" Коммуналдық Мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
107
2
2
2
Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Көкпекті ауданың ауданаралық ауруханасы" Коммуналдық Мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
157
2
2
3
«Мәмбет» ШҚ
78
2
3
БАРЛЫҒЫ
342
2
7

Қолданыстағы