Об утверждении схемы и порядка перевозки в общеобразовательную школу детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Егиндыкольского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении схемы и порядка перевозки в общеобразовательную школу детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Егиндыкольского района
- Атауы (қаз.)
- Егіндікөл ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектепке тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- а-5/89
- Қабылданған күні
- 23.05.2018
- Көрсетілген редакция
- 18.05.2023 122595_639794.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.05.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18BH006657
- ЭКБ идентификаторы
- 122595
- Редакция идентификаторы
- 122595_639794
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:23
0 Егіндікөл ауданының шалғайдағы
елді мекендерде тұратын
балаларды жалпы білім беретін
мектепке тасымалдаудың схемасы
мен тәртібін бекіту туралы
«Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 3-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес, Егіндікөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Егіндікөл ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектепке тасымалдаудың схемасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. Қоса берілген Егіндікөл ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектепке тасымалдаудың тәртібі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Қ. Касеновке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
5 Егіндікөл ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды «Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдау схемасы
Егіндікөл ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 23 мамырдағы
№ а-5/89 қаулысына
1-қосымша
Егіндікөл ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды «Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдау схемасы
6 Егіндікөл ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектепке тасымалдаудың тәртібі
Егіндікөл ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 23 мамырдағы
№ а-5/89 қаулысына
2-қосымша
Егіндікөл ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектепке тасымалдаудың тәртібі
1 1. Егіндікөл ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектепке тасымалдаудың тәртібі «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 3-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2 2. Тасымалдаушы білім беру ұйымы болып табылады.
3
3. Тасымалдаулар Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген) талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.