Об утверждении схемы и порядка перевозки в общеобразовательную школу детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Егиндыкольского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении схемы и порядка перевозки в общеобразовательную школу детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Егиндыкольского района
- Атауы (қаз.)
- Егіндікөл ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектепке тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- а-5/89
- Қабылданған күні
- 23.05.2018
- Көрсетілген редакция
- 18.05.2023 122595_639794.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.05.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18BH006657
- ЭКБ идентификаторы
- 122595
- Редакция идентификаторы
- 122595_639794
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:23
0 Егіндікөл ауданының шалғайдағы
елді мекендерде тұратын
балаларды жалпы білім беретін
мектепке тасымалдаудың схемасы
мен тәртібін бекіту туралы
«Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 3-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес, Егіндікөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Егіндікөл ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектепке тасымалдаудың схемасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қоса берілген Егіндікөл ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектепке тасымалдаудың тәртібі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Қ. Касеновке жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
5 Егіндікөл ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды «Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдау схемасы
Егіндікөл ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 23 мамырдағы
№ а-5/89 қаулысына
1-қосымша
Егіндікөл ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды «Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдау схемасы
6 Егіндікөл ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектепке тасымалдаудың тәртібі
Егіндікөл ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 23 мамырдағы
№ а-5/89 қаулысына
2-қосымша
Егіндікөл ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектепке тасымалдаудың тәртібі
1. Егіндікөл ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектепке тасымалдаудың тәртібі «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 3-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Тасымалдаушы білім беру ұйымы болып табылады.
3. Тасымалдаулар Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген) талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.