О дополнительном предоставлении лекарственных средств, специализированных лечебных продуктов, изделий медицинского назначения отдельным категориям граждан при амбулаторном лечении бесплатно
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О дополнительном предоставлении лекарственных средств, специализированных лечебных продуктов, изделий медицинского назначения отдельным категориям граждан при амбулаторном лечении бесплатно
- Атауы (қаз.)
- Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды қосымша беру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 265
- Қабылданған күні
- 23.05.2018
- Көрсетілген редакция
- 09.07.2021 122599_531409.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.07.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18N0007837
- ЭКБ идентификаторы
- 122599
- Редакция идентификаторы
- 122599_531409
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:24
0 Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Облыстық бюджет қаражаты есебінен азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін қосымша:
дәрілік заттар осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес;
бейімделген емдік өнімдер осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес;
медициналық бұйымдар осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес берілсін.
2 2. Осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қостанай облысы әкімдігінің
денсаулық сақтау басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
__________________ Е. Даутбаев
2018 жылғы 23 мамыр
4 Облыстық бюджет қаражаты есебінен азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін қосымша берілетін дәрілік заттар
Мәслихаттың
2018 жылғы 23 мамырдағы
№ 265 шешіміне
1-қосымша
Облыстық бюджет қаражаты есебінен азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін қосымша берілетін дәрілік заттар
1 1. «Бозентан» препараты, таблетка, өкпенің артериялық гипертензиясымен ауыратын азаматтарға.
2 2. «Метотрексат» препараты, егуге арналған ерітінді, жүйелі склеродермиямен ауыратын азаматтарға.
3 3. «Тобрамицин» препараты, ингаляцияға арналған ерітінді, жылауықты фиброзбен (муковисцидоз) ауыратын азаматтарға.
4 4. «Третиноин» препараты, капсула, онкологиямен ауыратын азаматтарға.
5 5. «Руксолитиниб» препараты, таблетка, ересектердегі созылмалы миелопролиферациялық аурумен ауыратын азаматтарға.
6 6. «Пирфенидон» препараты, капсула, идеопатиялық өкпенің фиброзымен ауыратын азаматтарға.
7 7. «Адалимумаб» препараты, тері астына енгізуге арналған ерітінді, ювенилдік идеопатиялық артритімен ауыратын азаматтарға.
8 8. «Тоцилизумаб» препараты, тері асты инъекциясына арналған ерітінді, ювенилдік идеопатиялық артритімен ауыратын азаматтарға.
9 9. «Митотан» препараты, таблетка, онкологиямен ауыратын азаматтарға.
10 10. «Стирипентол» препараты, капсула, таблетка, Драв синдромымен ауыратын азаматтарға.
15 Облыстық бюджет қаражаты есебінен азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін қосымша берілетін бейімделген емдік өнімдер
Мәслихаттың
2018 жылғы 23 мамырдағы
№ 265 шешіміне
2-қосымша
Облыстық бюджет қаражаты есебінен азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін қосымша берілетін бейімделген емдік өнімдер
1 1. Орта тізбекті триглицеридтер негізіндегі бейімделген емдік өнім, жылауықты фиброзбен (муковисцидоз) ауыратын азаматтарға.
2 2. Орта тізбекті триглицеридтер негізіндегі бейімделген емдік өнім, буллезді эпидермолизбен ауыратын азаматтарға.
3 3. Энтеральдық қоректендіруге арналған бейімделген емдік өнім, көмей стенозымен ауыратын азаматтарға.
19 Облыстық бюджет қаражаты есебінен азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін қосымша берілетін медициналық бұйымдар
Мәслихаттың
2018 жылғы 23 мамырдағы
№ 265 шешіміне
3-қосымша
Облыстық бюджет қаражаты есебінен азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін қосымша берілетін медициналық бұйымдар
1 1. Буллезді эпидермолизбен ауыратын азаматтарға арналған медициналық бұйымдар:
зарарсыздандырылған, ылғалды жақсы сіңіретін тоқыма емес, ауа жіберетін, гигиеналық салфеткалар;
бекітілетін, жоғары эластикті, торкөзді, түтікшелі, мақталы синтетикалық бинт;
жабыстырғыш, силиконды жабындысы бар бастырма;
зарарсыздандырылған, адсорбентті, бактерияға қарсы, атравматикалық, дәрілік қоспасы бар таңғыштар.
2 2. Көмей стенозымен ауыратын азаматтарға арналған медициналық бұйымдар:
аспираторлық катетер;
асқазандық сүңгі;
трахеостомаға арналған жылуылғалалмастырғыш;
энтеральдық қоректендіруге арналған шприц.
22 Қостанай облыстық мәслихатының күші жойылды деп танылған шешімдерінің тізбесі
Мәслихаттың
2018 жылғы 23 мамырдағы
№ 265 шешіміне
4-қосымша
Қостанай облыстық мәслихатының
күші жойылды деп танылған шешімдерінің
тізбесі
1
1. Қостанай облыстық мәслихатының 2014 жылғы 14 наурыздағы № 258 «Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды қосымша беру туралы» шешімі (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4577 болып тiркелген, 2014 жылғы 18 сәуірде «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде жарияланған).
2
2. Қостанай облыстық мәслихатының 2016 жылғы 5 қаңтардағы № 485 «Мәслихаттың 2014 жылғы 14 наурыздағы № 258 «Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды қосымша беру туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы» шешімі (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6192 болып тiркелген, 2016 жылғы 17 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3
3. Қостанай облыстық мәслихатының 2017 жылғы 15 наурыздағы № 129 «Мәслихаттың 2014 жылғы 14 наурыздағы № 258 «Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды қосымша беру туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы» шешімі (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6972 болып тiркелген, 2017 жылғы 17 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).