О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 356
- Қабылданған күні
- 18.06.2018
- Көрсетілген редакция
- 18.06.2018 122603_331842.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.06.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1800000356
- ЭКБ идентификаторы
- 122603
- Редакция идентификаторы
- 122603_331842
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:02
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 18 маусымдағы
№ 356 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1
1. «Жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, алу және оның саудасы жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1058 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 530-құжат):
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, алу және оның саудасы жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиар болып айқындалсын.».
2
2. «Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1059 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 531-құжат):
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиар болып;».
3
3. «Монтаждауды, реттеуді, жаңғыртуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, алу және өткізу жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1060 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 532-құжат):
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі монтаждауды, реттеуді, жаңғыртуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, алу және өткізу жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиар болып айқындалсын.».
–––––––––––––––––––––––