Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил о порядке выплаты денежной компенсации военнослужащим (за исключением военнослужащих срочной службы и курсантов военных (специальных) учебных заведений) для оплаты расходов на коммунальные услуги, за исключением централизованного отопления в закрытых и обособленных военных городках, на пограничных заставах и в комендатурах

Қаулы · № 593 · қабылданған 28.05.2002
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-12263/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об утверждении Правил о порядке выплаты денежной компенсации военнослужащим (за исключением военнослужащих срочной службы и курсантов военных (специальных) учебных заведений) для оплаты расходов на коммунальные услуги, за исключением централизованного отопления в закрытых и обособленных военных городках, на пограничных заставах и в комендатурах Күшін жойған Қаулы ·№ 593 ·28.05.2002
01.01.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил о порядке выплаты денежной компенсации военнослужащим (за исключением военнослужащих срочной службы и курсантов военных (специальных) учебных заведений) для оплаты расходов на коммунальные услуги, за исключением централизованного отопления в закрытых и обособленных военных городках, на пограничных заставах и в комендатурах

Күшін жойған Қаулы ·№ 593 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил о порядке выплаты денежной компенсации военнослужащим (за исключением военнослужащих срочной службы и курсантов военных (специальных) учебных заведений) для оплаты расходов на коммунальные услуги, за исключением централизованного отопления в закрытых и обособленных военных городках, на пограничных заставах и в комендатурах
Атауы (қаз.)
Әскери қызметшiлерге (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден және әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан баспа) жабық және оқшауланған әскери қалашықтардағы, шекара заставаларындағы және комендатуралардағы орталықтандырылған жылудан басқа, коммуналдық қызметтер шығыстарын төлеу үшiн ақшалай өтемақы төлеу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
593
Қабылданған күні
28.05.2002
Көрсетілген редакция
01.01.2013 AI12263_6.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P020000593_
ЭКБ идентификаторы
12263
Редакция идентификаторы
AI12263_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 23:01

0

Әскери қызметшiлерге (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден және әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан баспа) жабық және оқшауланған әскери қалашықтардағы, шекара заставаларындағы және комендатуралардағы орталықтандырылған жылудан басқа, коммуналдық қызметтер шығыстарын төлеу үшiн ақшалай өтемақы төлеу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.08.28 N 1091 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
"Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

1

1. Қоса берiлiп отырған Әскери қызметшiлерге (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшілерден және әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) жабық және оқшауланған әскери қалашықтардағы, шекара заставаларындағы және комендатуралардағы орталықтандырылған жылудан басқа, коммуналдық қызметтер шығыстарын төлеу үшiн ақшалай өтемақы төлеу тәртiбi туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) бекiтiлсiн.
📌 Ескерту. Тақырыбы мен 1-тармағына өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.08.31. N 912 қаулысымен .

2 2. Қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

4 Әскери қызметшiлерге (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден және әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) жабық және оқшауланған әскери қалашықтардағы, шекара заставаларындағы және комендатуралардағы орталықтандырылған жылудан басқа, коммуналдық қызметтер шығыстарын төлеу үшiн ақшалай өтемақы төлеу тәртiбi туралы ЕРЕЖЕ

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2002 жылғы 29 мамырдағы
N 593 қаулысымен
бекiтiлген
Әскери қызметшiлерге (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден және әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) жабық және оқшауланған әскери қалашықтардағы, шекара заставаларындағы және комендатуралардағы орталықтандырылған жылудан басқа, коммуналдық қызметтер шығыстарын төлеу үшiн ақшалай өтемақы төлеу тәртiбi туралы ЕРЕЖЕ
📌 Ескерту. Тақырыбы мен мәтініне өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.08.31. N 912 қаулысымен .

1

1. Осы Ереже әскери қызметшiлерге (мерзiмді қызметтегi әскери қызметшiлерді қоспағанда) жабық және оқшауланған әскери қалашықтардағы, шекара заставаларындағы және комендатуралардағы орталықтандырылған жылудан басқа, коммуналдық қызметтер шығыстарын төлеу үшiн ақшалай өтемақы (бұдан әрi - ақшалай өтемақы) төлеу тәртiбiн анықтайды.

2

2. Ақшалай өтемақы төлеу әскери қызметшiнiң еңбек сiңiрген жылдарына қарамастан, тұрғын үй қорының кiмге тиесiлi екендiгiне қарамастан, жабық және оқшауланған әскери қалашықтардағы, шекара заставаларындағы және комендатуралардағы орталықтандырылған жылудан басқа, коммуналдық қызметтер (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, кәрiз, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау) шығыстарын төлеу үшiн жүргiзiледi.

3 3. Ақшалай өтемақының мөлшерi заңға сәйкес, тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте анықталады.

4 4. Ақшалай өтемақы төлеу туыстық қатынастары мен бiрге тұруына қарамастан (яғни күйеуiне, әйелiне, балаларына, егер олар әскери қызметшiлер болып табылса), әрбiр әскери қызметшiге (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден және әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) жүргiзiледi.

Ақшалай өтемақы әскери қызметшiлерге ағымдағы ай үшiн ақшалай үлес төлеумен бiр мезгiлде төленедi.
Ақшалай өтемақы демалыста болған, соның iшiнде бала күту, қызметтiк iссапар, емделу және басқа да жағдайлар бойынша уақытты қоса алғанда, әскери қызметшiнiң әскери қызметтегi барлық кезеңiне төленедi.
Әскери қызметшiге ақшалай өтемақы төлеу оны әскери қызметтен босатқан кезде немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.

5 5. Штаттық лауазымын сақтай отырып, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге немесе басқа да мемлекеттік органдарға қызметтік iссапарға, сондай-ақ оқуға жiберiлген әскери қызметшілерге ақшалай өтемақы штаттық лауазымының сақталу орны бойынша төленедi.

Штаттық лауазымын сақтай отырып, Қазақстан Республикасының әскери оқу орындарында оқуға iссапарға жiберiлген әскери қызметшiлерге ақшалай өтемақы оқу өткерiп жүрген орны бойынша
төленедi.

6 6. Әскери қызметші қайтыс болған жағдайда, ол алмаған ақшалай өтемақы ол қаза (қайтыс) болған айды қоса алғанда, барлық кезең үшін қайтыс болған күні бірге тұрған отбасы мүшелеріне төленеді.

11 Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2002 жылғы 29 мамырдағы
N 593 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

1 1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 29 желтоқсандағы N 2012-123 қаулысы.

2

2. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 11 қаңтардағы N 43 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгінiң әскери қызметшiлерi мен Өртке қарсы мемлекеттiк қызметтiң белгiленген тәртiппен тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерге ақшалай өтемақыға құқығы бар арнаулы атақ берiлген қызметкерлерi лауазымдарының тiзбесiнiң 1-бөлiмi (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 1, 14-құжат).

3 3. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 31 наурыздағы N 476-25 қаулысы.

4

4. "Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының тұрғын үйдi ұстауға, коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды төлеу үшiн ақшалай өтемақы төленетiн әскери қызметшiлерi лауазымдарының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 3 мамырдағы N 649 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 21, 230-құжат).

5

5. "Қазақстан Республикасы әскери прокуратура органдарының тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтердi төлеуге ақшалай өтемақы алуға құқығы бар әскери қызметшiлерi, қызметкерлерi лауазымдарының тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 26 шiлдедегi N 1127 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 31, 380-құжат).

6

6. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң тұрғын үйдi ұстау мен коммуналдық қызметтердiң шығындарын төлеу үшiн ақшалай өтемақы алуға құқығы бар әскери қызметшiлерi (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа) лауазымдарының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 15 тамыздағы N 1263 қаулысы .

7

7. "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi iшкi әскерлерiнiң тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтерге арналған шығыстарды төлеу үшін ақшалай өтемақы алуға құқығы бар әскери қызметшілері (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 қарашадағы N 1662 қаулысы .

Қолданыстағы