О ставках фиксированного налога
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О ставках фиксированного налога
- Атауы (қаз.)
- Тіркелген салық мөлшерлемелері туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 26/169-VI
- Қабылданған күні
- 24.05.2018
- Көрсетілген редакция
- 01.04.2020 122634_454153.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18VB000179
- ЭКБ идентификаторы
- 122634
- Редакция идентификаторы
- 122634_454153
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:23
0 Тіркелген салық
мөлшерлемелері туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық Кодексі) 546-бабының 3-тармағына сәйкес Семей қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Семей қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері белгіленсін.
2 2. Келесі шешімдердің күші жойылды деп танылсын:
Семей қаласы мәслихатының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы «Тіркелген салық ставкалары туралы» № 13-103-IV (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-2-102 болып тіркелген, 2009 жылғы 29 қаңтарда «Семей таңы және Вести Семей» газеттерінің № 5 сандарында жарияланған);
Семей қаласы мәслихатының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 13/103-IV «Тіркелген салық ставкалары туралы» шешімге өзгеріс енгізу туралы Семей қаласы мәслихатының 2011 жылғы 5 қазандағы № 41/279-IV шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-2-148 болып тіркелген және 2011 жылғы 25 қазанда «Семей таңы және Вести Семей» газеттерінің № 76 сандарында жарияланған).
3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Семей қаласы мәслихатының
2018 жылғы 24 мамырындағы
№ 26/169-VI шешіміне қосымша
№
р/с
Салық салу объектісінің атауы
нысанның
Тіркелген салық мөлшерлемелері
(айлық есептік көрсеткіштерімен)
1.
Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
6
2.
Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
6
3.
Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер
2
4.
Ойын жолы
13
5.
Карт
2
6.
Бильярд үстелі
8
7.
Уәкілетті ұйымның арнайы аймақта орналасқан айырбастау пункті
10