Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера местного масштаба
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера местного масштаба
- Атауы (қаз.)
- Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 5
- Қабылданған күні
- 19.06.2018
- Көрсетілген редакция
- 26.07.2019 122637_416272.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.07.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18UA004641
- ЭКБ идентификаторы
- 122637
- Редакция идентификаторы
- 122637_416272
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:01
0 Жергілікті ауқымдағы техногендік
сипаттағы төтенше жағдай
жариялау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі №756 «Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» қаулысына және Шымкент қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысының 2018 жылғы 16 мамырдағы №5 хаттамасы негізінде Шымкент қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. «Южполиметалл» өндірістік корпорациясы» акционерлік қоғамының аумағында орналасқан темір бетон мұржаның құлау қауіпіне байланысты, жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2 2. «Шымкент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы әкімнің шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;