Отдельные вопросы государственных предприятий Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства юстиции Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Отдельные вопросы государственных предприятий Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства юстиции Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мемлекеттік кәсіпорындарының жекелеген мәселелері
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 596
- Қабылданған күні
- 29.05.2002
- Көрсетілген редакция
- 05.08.2013 AI12266_6.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.08.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P020000596_
- ЭКБ идентификаторы
- 12266
- Редакция идентификаторы
- AI12266_6
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 23:01
0 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мемлекеттік кәсіпорындарының жекелеген мәселелері
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1 1. Мыналар:
1
1) қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері "Еңбек" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының еншілес мемлекеттік кәсіпорындары оларды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері республикалық мемлекеттік кәсіпорындары етіп қайта құру арқылы қайта ұйымдастырылсын;
2
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері "Еңбек" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Еңбек-Алматы" және "Еңбек-Ерменсай" еншілес мемлекеттік кәсіпорындары оларды қосу арқылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің "Еңбек-Алматы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны етіп қайта ұйымдастырылсын.
2 2. Құрылатын кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органы болып Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті белгіленсін.
📌 Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.12.29. N 1439 қаулысымен.
3 3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің "Еңбек" республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің "Еңбек-Астана" республикалық мемлекеттік кәсіпорны деп қайта аталсын.
3-1 3-1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің, мемлекеттік кәсіпорындары қылмыстық-атқару жүйесінің ұйымдары үшін маңызды стратегиялық мәні бар ретінде олар өндіретін тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) жеткізуші болып белгіленсін.
📌 Ескерту. 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2002.12.29. N 1439 қаулысымен.
4 4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті:
1 1) құрылатын кәсіпорындардың жарғыларын бекітсін;
2 2) құрылатын кәсіпорындардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және қайта аталған кәсіпорындардың қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
3 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5 5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
6 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
13 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары етіп қайта құрылатын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері "Еңбек" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының еншілес мемлекеттік кәсіпорындарының Тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 30 мамырдағы
N 596 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары етіп қайта құрылатын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері "Еңбек" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының еншілес мемлекеттік кәсіпорындарының Тізбесі
1. "Еңбек-Ақтөбе" еншілес "Еңбек-Ақтөбе" түзеу мекемелерінің
мемлекеттік кәсіпорны республикалық мемлекеттік кәсіпорны
________________________________________________________________________
2. "Еңбек-Атырау" еншілес "Еңбек-Атырау" түзеу мекемелерінің
мемлекеттік кәсіпорны республикалық мемлекеттік кәсіпорны
________________________________________________________________________
3. "Еңбек-Өскемен" еншілес "Еңбек-Өскемен" түзеу мекемелерінің
мемлекеттік кәсіпорны республикалық мемлекеттік кәсіпорны
________________________________________________________________________
4. "Еңбек-Тараз" еншілес "Еңбек-Тараз" түзеу мекемелерінің
мемлекеттік кәсіпорны республикалық мемлекеттік кәсіпорны
________________________________________________________________________
5. "Еңбек-Орал" еншілес "Еңбек-Орал" түзеу мекемелерінің
мемлекеттік кәсіпорны республикалық мемлекеттік кәсіпорны
________________________________________________________________________
6. "Еңбек-Қарағанды" еншілес "Еңбек-Қарағанды" түзеу мекемелерінің
мемлекеттік кәсіпорны республикалық мемлекеттік кәсіпорны
________________________________________________________________________
7. "Еңбек-Қызылорда" еншілес "Еңбек-Қызылорда" түзеу мекемелерінің
мемлекеттік кәсіпорны республикалық мемлекеттік кәсіпорны
________________________________________________________________________
8. "Еңбек-Қостанай" еншілес "Еңбек-Қостанай" түзеу мекемелерінің
мемлекеттік кәсіпорны республикалық мемлекеттік кәсіпорны
________________________________________________________________________
9. "Еңбек-Ақтау" еншілес "Еңбек-Ақтау" түзеу мекемелерінің
мемлекеттік кәсіпорны республикалық мемлекеттік кәсіпорны
________________________________________________________________________
10. "Еңбек-Павлодар" еншілес "Еңбек-Павлодар" түзеу мекемелерінің
мемлекеттік кәсіпорны республикалық мемлекеттік кәсіпорны
________________________________________________________________________
11. "Еңбек-Қызылжар" еншілес "Еңбек-Қызылжар" түзеу мекемелерінің
мемлекеттік кәсіпорны республикалық мемлекеттік кәсіпорны
________________________________________________________________________
12. "Еңбек-Шымкент" еншілес "Еңбек-Шымкент" түзеу мекемелерінің
мемлекеттік кәсіпорны республикалық мемлекеттік кәсіпорны
________________________________________________________________________
13. "Еңбек-Алмас" еншілес "Еңбек-Алмас" түзеу мекемелерінің
мемлекеттік кәсіпорны республикалық мемлекеттік кәсіпорны
________________________________________________________________________
14. "Еңбек-Гранит" еншілес "Еңбек-Гранит" түзеу мекемелерінің
мемлекеттік кәсіпорны республикалық мемлекеттік кәсіпорны
________________________________________________________________________
15. "Еңбек-Семей" еншілес "Еңбек-Семей" түзеу мекемелерінің
мемлекеттік кәсіпорны республикалық мемлекеттік кәсіпорны
________________________________________________________________________
16. "Еңбек-Тас" еншілес "Еңбек-Тас" түзеу мекемелерінің
мемлекеттік кәсіпорны республикалық мемлекеттік кәсіпорны