Құжат мәтініне өту

Об определении минимальной рейтинговой оценки для подтверждения наличия у заявителя финансовых возможностей, достаточных для проведения операций по разведке или добыче твердых полезных ископаемых

Бұйрық · № 371 · қабылданған 24.05.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-122676/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об определении минимальной рейтинговой оценки для подтверждения наличия у заявителя финансовых возможностей, достаточных для проведения операций по разведке или добыче твердых полезных ископаемых Қолданыста Бұйрық ·№ 371 ·24.05.2018
24.05.2018 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.05.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении минимальной рейтинговой оценки для подтверждения наличия у заявителя финансовых возможностей, достаточных для проведения операций по разведке или добыче твердых полезных ископаемых

Қолданыста Бұйрық ·№ 371 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении минимальной рейтинговой оценки для подтверждения наличия у заявителя финансовых возможностей, достаточных для проведения операций по разведке или добыче твердых полезных ископаемых
Атауы (қаз.)
Өтініш иесінің пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жеткілікті қаржылық мүмкіндігінің болуын растау үшін ең төменгі рейтингтік бағаны айқындау туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
371
Қабылданған күні
24.05.2018
Көрсетілген редакция
24.05.2018 122676_332032.kaz
Соңғы өзгеріс
24.05.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017078
ЭКБ идентификаторы
122676
Редакция идентификаторы
122676_332032
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:22

0 Өтініш иесінің пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жеткілікті қаржылық мүмкіндігінің болуын растау үшін ең төменгі рейтингтік бағаны айқындау туралы

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 187-бабы 5-тармағының 4) тармақшасына және 204-бабы 4-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Өтініш иесінің пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жеткілікті қаржылық мүмкіндігінің болуын растау үшін ең төменгі рейтингтік баға Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ССС» төмен болмайтын ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's ұлттық шкаласы бойынша «kzССС» төмен емес рейтингтік баға немесе Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын, қатты қазбаларды барлау немесе өндіруге лицензия беруге арналған өтініш берілген күннің алдындағы жыл ішінде өтініш берушінің қаржылық мүмкіндігін растайтын, қор биржасы таныған рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша ұқсас деңгейдегі рейтінгі деңгейінде айқындалсын.

2

2. Өтініш иесінің пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жеткілікті қаржылық мүмкіндігінің болуын растау үшін ең төменгі рейтингтік баға Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «В» төмен болмайтын ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's ұлттық шкаласы бойынша «kzВ» төмен емес рейтингтік баға немесе Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын, қатты қазбаларды барлау немесе өндіруге лицензия беруге арналған өтініш берілген күннің алдындағы жыл ішінде өтініш берушінің қаржылық мүмкіндігін растайтын, қор биржасы таныған рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша ұқсас деңгейдегі рейтінгі деңгейінде айқындалсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
________________ Б. Сұлтанов
2018 жылғы «___»__________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________ Т. Сүлейменов
2018 жылғы «___»__________

Қолданыстағы