Құжат мәтініне өту

О корректировке базовых ставок земельного налога

Өзге акт · № 28/238-6с · қабылданған 29.05.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-122730/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О корректировке базовых ставок земельного налога Күшін жойған Өзге акт ·№ 28/238-6с ·29.05.2018
14.09.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.09.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О корректировке базовых ставок земельного налога

Күшін жойған Өзге акт ·№ 28/238-6с · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О корректировке базовых ставок земельного налога
Атауы (қаз.)
Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
28/238-6с
Қабылданған күні
29.05.2018
Көрсетілген редакция
14.09.2020 122730_482117.kaz
Соңғы өзгеріс
14.09.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18UA004632
ЭКБ идентификаторы
122730
Редакция идентификаторы
122730_482117
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:18

0 Жер салығының базалық

мөлшерлемелерін түзету туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 510 бабының 1 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Шымкент қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 маусымындағы №37/257-5с шешімімен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2736 нөмірімен тіркелген) Шымкент қаласының жерді аймақтарға бөлу схемасы негізінде, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 504, 505, 506 баптармен белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері:
жоғарылатылсын:
1,2,4,5,6 аймақтарда автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына орналасқан жерлерді қоспағанда 50 пайызға;
7 аймақта автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына орналасқан жерлерді қоспағанда 40 пайызға.
3,8,9,10 аймақтарда автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына орналасқан жерлерді қоспағанда, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 505 және 503 баптарына сәйкес белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері қалдырылсын.

2

2. Шымкент қалалық мәслихатының 2015 жылғы 29 қырқүйектегі №50/388-5с «Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3386 тіркелген 2015 жылғы 06 қарашадағы «Шымкент келбеті» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы