Құжат мәтініне өту

О снятии ограничительных мероприятий

Өзге акт · № 4 · қабылданған 12.06.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-122749/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О снятии ограничительных мероприятий Қолданыста Өзге акт ·№ 4 ·12.06.2018
12.06.2018 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.06.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О снятии ограничительных мероприятий

Қолданыста Өзге акт ·№ 4 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О снятии ограничительных мероприятий
Атауы (қаз.)
Шектеу іс-шараларын алып тастау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
4
Қабылданған күні
12.06.2018
Көрсетілген редакция
12.06.2018 122749_332477.kaz
Соңғы өзгеріс
12.06.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18NLB07839
ЭКБ идентификаторы
122749
Редакция идентификаторы
122749_332477
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:07

0 Шектеу іс-шараларын

алып тастау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және
өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қантардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау комитетінің Қарабалық аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік
мекемесі басшысының 2018 жылғы 16 мамырдағы № 01-20/305 ұсынысы негізінде, Бозкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қарабалық ауданы Бозкөл ауылдық округінің Бозкөл ауылында Октябрьская көшесі 39 үй орналасқан, Егорова Наталья Викторовнаның жеке ауласының аумағында шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.

2 2. «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» Бозкөл ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 1 шешімінің (Нормативтік құқықтық

актілерді тіркеу тізілімінде № 7586 болып тіркелген, 2018 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Бозкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңңамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы шешімді аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы әкімнің шешімін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3 3) осы шешім ресми жариаланғанынан кейін Қарабалық әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5 5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау
комитетінің Қарабалық
аудандық аумақтық инспекциясы»
мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін атқарушы
_____________ Е. Пшеничникова
2018 жылы «12» маусым
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау Министрлігі
Қоғамдық денсаулық сақтау
комитетінің Қостанай облысы
қоғамдық денсаулық сақтау
департаментінің Қарабалық
аудандық қоғамдық денсаулық
сақтау басқармасы» республиқалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_____________ Е. Даулетбаев
2018 жылы «12» маусым
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қарабалық ауданы әкімдігінің
ветеринария бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
____________ Б. Ермұхаметов
2018 жылы «12» маусым

Қолданыстағы