О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах
- Атауы (қаз.)
- Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін көмек беру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 36-3
- Қабылданған күні
- 31.05.2018
- Қолданысқа енгізілген күні
- 08.07.2018
- Көрсетілген редакция
- 20.04.2020 122780_457139.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18GJ003859
- ЭКБ идентификаторы
- 122780
- Редакция идентификаторы
- 122780_457139
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:16
0 Ауылдық елді мекендерде тұратын
және жұмыс істейтін мемлекеттік
денсаулық сақтау, әлеуметтік
қамсыздандыру, білім беру, мәдениет,
спорт және ветеринария ұйымдарының
мамандарына отын сатып алу үшін
көмек беру туралы
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 5 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек берілсін.
2
2. «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы» Талас аудандық мәслихатының 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 41-6 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2605 болып тіркелген, «Талас тынысы» аудандық газетінде 2015 жылы 22 сәуірде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3
3. «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешені мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы» Талас аудандық мәслихатының 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 41-6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Талас аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 маусымдағы № 43-6 шешімнің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2698 болып тіркелген, «Талас тынысы» аудандық газетінде 2015 жылғы 22 шілдеде) күші жойылды деп танылсын.