О признании утратившими силу некоторых решений Таласского районного маслихата
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых решений Таласского районного маслихата
- Атауы (қаз.)
- Талас аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 35-3
- Қабылданған күні
- 24.05.2018
- Қолданысқа енгізілген күні
- 08.07.2018
- Көрсетілген редакция
- 24.05.2018 122791_332659.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.05.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18GJ003861
- ЭКБ идентификаторы
- 122791
- Редакция идентификаторы
- 122791_332659
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:22
0 Талас аудандық мәслихатының
кейбір шешімдерінің күші жойылды
деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Талас аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихат аппаратының басшысы Рысбаев Сабырғали Әбдірахымбайұлына жүктелсін.
3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Талас аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Талас аудандық мәслихатының
2018 жылғы 24 мамырдағы
№35-3 шешіміне қосымша
Талас аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1 1. «Тіркелген салық ставкалары туралы» Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 наурыздағы №19-7 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6-10-76 болып тіркелген, «Талас тынысы» газетінде 2009 жылы 13 мамырда жарияланған);
2
2. «Тіркелген салық ставкалары туралы» Талас аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 наурыздағы №19-7 шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 маусымдағы № 21-14 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6-10-82 болып тіркелген, «Талас тынысы» газетінде 2009 жылы 15 тамызда жарияланған);
3
3. «Қаратау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын және коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму, кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы» Талас аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 маусымдағы №34-6 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2279 болып тіркелген, «Талас тынысы» газетінде 2014 жылы 02 тамызда жарияланған);
4
4. «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарлату туралы» Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 қарашадағы №47-4 шешімнің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2853 болып тіркелген, «Талас тынысы» газетінде 2015 жылы 26 желтоқсанда жарияланған).