О повышении ставок земельного налога и единого земельного налога на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения Щербактинского района Павлодарской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О повышении ставок земельного налога и единого земельного налога на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения Щербактинского района Павлодарской области
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Шарбақты ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 134/39
- Қабылданған күні
- 08.06.2018
- Көрсетілген редакция
- 26.09.2022 122812_594248.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.09.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18PM006000
- ЭКБ идентификаторы
- 122812
- Редакция идентификаторы
- 122812_594248
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:09
0 Қазақстан Республикасының жер
заңнамасына сәйкес Павлодар облысы
Шарбақты ауданында пайдаланылмайтын
ауыл шаруашылығы мақсатындағы
жерлерге жер салығының және
бірыңғай жер салығының
мөлшерлемелерін жоғарылату туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 509-бабының 5-тармағына, 704-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық Кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Заңының 50-бабы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Шарбақты ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелері 10 (он) есеге жоғарылатылсын.
2 2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Шарбақты ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері 10 (он) есеге жоғарылатылсын.
3 3. Күші жойылды деп танылсын:
1
1) Шарбақты аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 тамыздағы «Шарбақты ауданында жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» № 225/63 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4721 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі.
2
2) Шарбақты аудандық мәслихатының 2016 жылғы 10 наурыздағы «Шарбақты аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 тамыздағы «Шарбақты ауданында жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» № 225/63 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» № 262/72 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5058 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне электрондық түрде жарияланған) шешімі.