Құжат мәтініне өту

Об утверждении объемов субсидии

Қаулы · № 288 · қабылданған 15.06.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-122845/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об утверждении объемов субсидии Күшін жойған Қаулы ·№ 288 ·15.06.2018
29.04.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.04.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении объемов субсидии

Күшін жойған Қаулы ·№ 288 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении объемов субсидии
Атауы (қаз.)
Субсидиялар көлемдерін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
288
Қабылданған күні
15.06.2018
Көрсетілген редакция
29.04.2019 122845_402927.kaz
Соңғы өзгеріс
29.04.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18D0004754
ЭКБ идентификаторы
122845
Редакция идентификаторы
122845_402927
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:04

0 Субсидиялар көлемдерін

бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы, «Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 9 маусымдағы № 237 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15452 тіркелген) сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы қаулыны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастыруын;

4 4) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары С. Бескемпіровке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

9 Алматы облысы әкімдігінің

2018 жылғы «15» маусымдағы
№ 288 қаулысына қосымша
Акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері

Тауарлы балық өсіру
өнімінің түрі
Акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) 1 (бір) килограмм өнімін өндіруге жұмсалатын азық мөлшері (килограмм)
Балық азығы үшін тиесілі субсидиялар сомасы
(теңге)
Субсидияланатын көлемі (тонна)
Шығыны
(%)
Субсидиялар сомасы
(мың теңге)
1)
Албырт және оның буданы
1,2
360
427,7
30
55 429,8
2)
Бекіре және оның буданы
1,5
300
22,9
30
3 087,7
3)
Тұқы және оның буданы
4,0
30
148,2
30
5 335,5
Барлығы
598,8
63 853,0

Қолданыстағы