Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил синхронизации работы систем электронного закупа в отношении углеводородов и добычи урана с работой реестра товаров, работ и услуг, используемых при проведении операций по недропользованию, и их производителей

Бұйрық · № 216 · қабылданған 28.05.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-122893/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил синхронизации работы систем электронного закупа в отношении углеводородов и добычи урана с работой реестра товаров, работ и услуг, используемых при проведении операций по недропользованию, и их производителей Қолданыста Бұйрық ·№ 216 ·28.05.2018
28.05.2018 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.05.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил синхронизации работы систем электронного закупа в отношении углеводородов и добычи урана с работой реестра товаров, работ и услуг, используемых при проведении операций по недропользованию, и их производителей

Қолданыста Бұйрық ·№ 216 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил синхронизации работы систем электронного закупа в отношении углеводородов и добычи урана с работой реестра товаров, работ и услуг, используемых при проведении операций по недропользованию, и их производителей
Атауы (қаз.)
Көмірсутектерге және уран өндіруге қатысты электрондық сатып алу жүйелерінің жұмысын жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімінің жұмысымен үйлестіру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
216
Қабылданған күні
28.05.2018
Көрсетілген редакция
28.05.2018 122893_333580.kaz
Соңғы өзгеріс
28.05.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017095
ЭКБ идентификаторы
122893
Редакция идентификаторы
122893_333580
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:20

0 Көмірсутектерге және уран өндіруге қатысты электрондық сатып алу жүйелерінің жұмысын жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімінің жұмысымен үйлестіру қағидаларын бекіту туралы

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Кодексінің 131-бабының 2-тармағына және 179-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса берілген Көмірсутектерге және уран өндіруге қатысты электрондық сатып алу жүйелерінің жұмысын жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімінің жұмысымен үйлестіру қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін қағаз және электрондық нұсқада оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін жіберуді;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде ресми жариялау үшін оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;

4 4) осы бұйрық ресми тіркелгеннен кейін оның Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

5

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және
коммуникациялар министрі
___________ Д. Абаев
2018 жылғы «___» ___________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар мен даму министрі
___________ Қасымбек Ж.
2018 жылғы «___» ___________

10 Көмірсутектерге және уран өндіруге қатысты электрондық сатып алу жүйесінің жұмысын жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер тізілімінің жұмысымен үйлестіру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 28 мамырдағы
№ 216 бұйрығымен
бекітілген
Көмірсутектерге және уран өндіруге қатысты электрондық сатып алу жүйесінің жұмысын жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер тізілімінің жұмысымен үйлестіру қағидалары

1 1- тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Көмірсутектерге және уран өндіруге қатысты электрондық сатып алу жүйелерінің жұмысын жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімінің жұмысымен үндестіру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 131-бабының 2-тармағына және 179-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және көмірсутектерге және уран өндіруге қатысты электрондық сатып алу жүйесінің жұмысын жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер тізілімінің жұмысымен үйлестіру тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда Кодексте белгіленген ұғымдар мен анықтамалар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1

1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі (бұдан әрі – Тізілім) – жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды бақылау және мониторингілеу, сондай-ақ электрондық сатып алу жүргізу мен жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді тізбесін қалыптастыруға арналған мемлекеттік ақпараттық жүйе;

2 2) пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган – уранды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды барлау мен өндіру жөніндегі операцияларды реттеу бойынша мемлекеттік саясатты іске асырытын уәкілетті орган.

3 3) өтініш беруші - электрондық сатып алу жүйесінің иесі және (немесе) меншік иесі болып табылатын және электрондық сатып алу жүйелері жұмыстарының Тізілімімен үйлестіруді іске асыруға өтінім берген жеке немесе заңды тұлға.

4 4) көмірсутектер және уранды өндіру саласындағы уәкілетті орган – көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уранды өндіру жөніндегі операцияларды реттеу бойынша мемлекеттік саясатты іске асырытын уәкілетті орган.

5 5) сервис - белгілі бір қисынды іске асыратын және электрондық хабар беруге негізделген интерфейстер арқылы желілік өзара іс-қимыл үшін қол жетімді операциялар жиынтығы;

3

3. Электрондық сатып алу жүйелерінің жұмысын Тізілім жұмысымен үйлестіру (бұдан әрі – үйлестіру жұмысы) деп Интернет желісінің қазақстандық сегментінде орналасқан электрондық сатып алу жүйелерінен ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы осы Қағидалардың 9 – тармағында көрсетілген, қолданушының электрондық цифрлық қолы қойылған, ақпаратты Тізілімге беруі түсініледі.

4 4. Пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган, көмірсутектер және уранды өндіру саласындағы уәкілетті орган және өтініш беруші үйлестіру жұмысының қатысушылары болып табылады.

5 5. Үйлестіруді өнеркәсіптік пайдалануға беру бойынша іс-шараларды жүргізу үшін пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган жұмыс тобын құрады, оның құрамына, оның және көмірсутектер және уранды өндіру саласындағы уәкілетті органының өкілдері кіреді.

2 2-тарау. Көмірсутектер және уранды өндіруғе қатысты электрондық сатып алу жүйесінің жұмысын Тізілімінің жұмысымен үйлестіру тәртібі

6 6. Үйлестіру жұмысын жүзеге асыру үшін өтінімді беру және қарастыру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

1 1) өтініш иесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестік аттестатының нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсына отырып өтінім береді;

2 2) пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган өтiнiмдi алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде өтiнiмнiң осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес келуiн тексередi, сәйкес келген жағдайда пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкiлеттi орган өтiнiш берушiге хабарлама жiбередi.

Сәйкес келмеген жағдайда өтінім жоғарыда көрсетілген мерзім ішінде қайтару себептерін көрсете отырып, өтініш берушіге қайтарылады.

7

7. Сәйкестігі жөніндегі хабарламаның негізінде пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган жұмыс тобын шақырады, ол өтініш берушімен бірлесе отырып, хабарламаны берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтініш берушінің электрондық сатып алулар жүйесінің функционалдығын, Кодекстің 213 баптарының 2 тармақшасына сәйкес бекітілген, жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің қатты заттардың шығарылуына байланысты операцияларда пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу тәртібіне, және Кодекстің 131 және 179 баптарының 1-тармақшасына сәйкес бекітілген, жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уранды өндіруге байланысты операцияларда пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібіне сәйкестігін тексереді. (бұдан әрі – тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібі).
Функционалдығын тексеру нәтижелері хаттама түрінде ресімделеді. Хаттама үш данада жасалады (пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган, көмірсутектер және уранды өндіру саласындағы уәкілетті орган мен өтініш беруші үшін бір-бірден).
Егер электрондық сатып алу жүйесінің функционалдығы сәйкес келсе, жұмыс тобы өтініш берушімен бірлесіп үш жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 8 – тармағына сәйкес үйлестіру шараларын іске асырады.
Егер электрондық сатып алу жүйесінің функционалдығы сәйкес келмесе, өтініш беруші бес жұмыс күні ішінде анықталған сәйкессіздіктерді жояды.

8 8. Үйлестіру жұмысын өнеркәсіптік пайдалануға енгізу үшін мынадай іс-шаралар өткізіледі:

1

1) жұмысшы топпен үйлестіру жұмысының алдын ала сынақтары өткізіледі. Үйлестіру жұмысының алдын –ала сынақтарының нәтижелері хаттама түрінде ресімделеді. Хаттама үш данада жасалады (пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган, уәкілетті орган, көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган мен өтінім беруші үшін бір-бірден);
Үйлестіру жұмысының алдын –ала сынақтарының теріс нәтижелері болған жағдайда, өтініш беруші үш жұмыс күні ішінде анықталған сәйкессіздіктерді жояды.

2

2) үйлестіру жұмысының алдын –ала сынақтарының оң нәтижелері болған жағдайда жұмысшы топпен үш жұмыс күні ішінде үйлестіру жұмысының қабылдау сынақтарын өткізеді. Қабылдау сынақтарының нәтижелері хаттама түрінде ресімделеді. Хаттама үш данада жасалады (пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган, көмірсутектер және уранды өндіру саласындағы уәкілетті орган мен өтініш беруші үшін бір-бірден);
Қабылдау сынақтарының теріс нәтижелері болған жағдайда, өтініш беруші үш жұмыс күні ішінде анықталған сәйкессіздіктерді жояды.

3

3) оң нәтижелері болған жағдайда уәкілетті орган қабылдау сынақтары жүргізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде үйлестіру жұмысын өнеркәсіптік пайдалануға енгізу туралы акт жасайды. Акт үш данада жасалады (пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган, көмірсутектер және уранды өндіру саласындағы уәкілетті орган мен өтінім беруші үшін бір-бірден).

9 9. Үйлестіру жұмыстарының алдын –ала және қабылдау сынақтары кезінде Тізілімге төмендегідей ақпарат берілуге жатады:

1 1) тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді (бұдан әрі – ТЖҚ) сатып алу туралы хабарлама;

2 2) әлеуетті жеткізушінің ТЖҚ сатып алуы бойынша ашық конкурсқа, бағаны төмендетуге арналған ашық конкурсқа (электрондық сауда-саттық) қатысуға ұсынылған конкурстық өтінімдерін қарау хаттамалары;

3 3) ТЖҚ бір көзден сатып алу әдісі бойынша қорытындыларды шығару хаттамалары;

4 4) ТЖҚ сатып алуының ашық конкурс, бағаны төмендетуге арналған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық) бойынша қорытындыларды шығару хаттамалары;

5 5) деректер базасының өзгертілген объектілері;

6 6) электрондық сатып алу жүйесі лог күнтізбесі;

7 7) бақылау сомасы бойынша ақпарат;

8 8) ТЖҚ сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына), орта мерзімді (бес қаржы жылына) бағдарламаларын.

10 10. Өтініш берушінің Тізілімге қол жетімділігі күні үйлестіру жұмыстарын өнеркәсіптік пайдалануға енгізу туралы актте көрсетіледі.

11

11. Үйлестіру жұмыстарын өнеркәсіптік пайдалануға енгізгеннен кейін, өтініш беруші үйлестіру жұмыстары шарттарының өзгермеуін қамтамасыз етеді. Үйлестіру жұмыстары шарттарының өзгеріуі өтініш иесінің өтінішін қарау нəтижелері бойынша жұмыс тобының шешімімен жол беріледі. Жұмыс тобының шешімінің оң нәтижелері болған жағдайда, осы Қағидалардың 7 – тармағында қаралған тәртіптерге сәйкес аталған шешім қабылданған сәтке дейін іске асырылуы хабарланған сатып алуларды аяқтау үшін, өтініш берушімен үйлестіру жұмыстары шарттарының өзгермеуі қамтамасыз етіледі.

12

12. Берілген ақпараттардың тұтастығы мен өзгермелілігін сақтау, Тізілімде және электрондық сатып алу жүйесінде жасалатын сатып алулар туралы ақпараттың дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында, пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган Тізілім арқылы электронды сатып алу жүйесінің деректер базасына аудит жүргізуіне, атап айтқанда, оқиғалар логын, идентификаторлар мен өзгертілген сипаттары көрсетілген өзгертілген объектілердің тізімін алуына болады.

13 13. Электрондық сатып алу жүйесінде және Тізілімде алынған ақпараттың тұтастығын тексеру және жауап –хабарламаны қалыптастыру қамтамасыз етіледі. Хабарларды қабылдау – жіберу процесінде барлық уақыт параметрлерін белгілеу Астана қаласының уақыты бойынша жүргізіледі.

14 14. Үйлестіру жұмыстарын іске асыру жұмыстары электрондық сатып алу жүйесі жағында тиісті сервистерді әзірлеу және жариялауды қамтиды.

15 15. Үйлестіру жұмыстарын іске асыру жұмыстары осы Қағидалардың 2-қосымшасында деректерді беру сұлбаларына сәйкес веб-қызметтер арқылы жүзеге асырылады.

16 16. Тізілімі мен электрондық сатып алу жүйесі арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылдың нысандары осы Қағиданың 3-қосымшасында көрсетілген.

17 17. Жұмыстарды синхрондау кезінде пайдаланылатын жіктеуіштер осы Қағидалардың 4-қосымшасында көрсетілген.

18 18. Үйлестіру жұмыстары кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимыл мына шарттарды сақтай отырып іске асырылады:

1 1) ақпарат синхронды немесе асинхронды режимде берілуі;

2 2) берілетін ақпараттың үздіксіз жаңартылуы;

3 3) ақпаратты, оның электрондық сатып алу жүйесінде қалыптасқаннан кейін бір сағат ішінде беру;

4 4) Тізілім техникалық жұмыстар жүргізілетіні жөнінде хабарлау;

5 5) ақпараттық өзара іс-қимылға қатысушылармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру үшін ақпаратты сипаттау тілі ретінде, XML және объектілерге қол жеткізудің қарапайым хаттамасы (SOAP) ерекшелігін пайдалану;

6 6) ақпарат беру үшін, көлік хаттамасы (TCP), гипермәтінді тасымалдау хаттамасы (HTTP / HTTPS) пайдаланылану;

7 7) ақпаратты беру процесінде авариялық жағдай туындаған кезде, сондай-ақ зақымданған (бұрмаланған) жағдайда, олардың пайда болу себептерін анықтау және жою үшін дереу шаралар қабылдау;

19 19. Үйлестіру жұмыстары кезінде кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимыл, ақпаратты қорғауды қамтамасыз етуге арналған және пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз ету, техникалық және басқа да құралдарды пайдалана отырып іске асырылады.

1 Электрондық сатып алу жүйесінің жұмысын көмірсутектерге және уран өндіруге қатысты жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер және оларды өндірушілер тізілімінің жұмысымен үйлестіруді іске асыруға ӨТІНІМ

Көмірсутектерге және уран өндіруге қатысты электрондық сатып алу жүйесінің жұмысын жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер тізілімінің жұмысымен үйлестіру қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Кімге ________________________
(уәкелетті органның атауы)
Электрондық сатып алу жүйесінің жұмысын көмірсутектерге және уран өндіруге қатысты жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер және оларды өндірушілер тізілімінің жұмысымен үйлестіруді іске асыруға
ӨТІНІМ
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(өтініш иесінің атауы, өтініш иесінің тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)
_____________________________________________________________________
(электрондық сатып алу жүйесінің атауы)
электрондық сатып алу жүйесінің жұмысын пайдалы қатты қазбаларға
қатысты жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу
кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін
қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімімен үйлестіру
жұмыстарына дайындығы туралы мәлімдейді.
1. Электрондық сатып алу жүйесінің веб-мекен жайы:
_________________________________________________________________.
2. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестік аттестатының
нотариалды куәландырылған көшірмесі _________ парақта қоса беріледі.
3. __________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(өтініш иесінің атауы, өтініш иесінің тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда))
электрондық сатып алу жүйесінің жұмысын Тізілімнің жұмысымен
үйлестіру жөніндегі іс-шараларды жүргізуге дайын.
_________________________________
Мөр орны (болған жағдайда) (қолы)
20____ жылғы «____» _____________

2 Деректерді беру сызбасы

Көмірсутектерге және уран өндіруге қатысты электрондық сатып алу жүйесінің жұмысын жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер тізілімінің жұмысымен үйлестіру қағидаларына
2-қосымша
Деректерді беру сызбасы

1 1. «Электрондық сатып жүйесінен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алулары туралы ақпаратты беру» сызбасы

Ата­уы:
Жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­шы­лар­дың са­тып алуы ту­ра­лы ақ­па­рат­ты бе­ру
Қы­сқа­ша си­патта­ма:
Жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­шы­лар­дың са­тып алуы ту­ра­лы ақ­па­рат­ты бе­ру
Мәнм­әтін:
Жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­шы­лар­дың са­тып алуы ту­ра­лы ақ­па­рат­ты бе­ру жа­ңа/өзгер­ті­л­ген жа­з­ба­лар бар болған кез­де үй­ле­сті­ру ре­жи­мі­де жүр­гі­зі­ле­ді
Негіз­гі про­цесс
ЭСЖ
Ті­зі­лім
ЭСЖ жа­ңа/өзгер­ті­л­ген жа­з­ба­лар­ды бе­ре­ді және Ті­зі­лім­ге жі­бе­ре­ді.
2. Ті­зі­лім қа­был­дан­ған де­ректер­дің тұ­та­стығ­ын тек­се­ре­ді.
3. Ті­зі­лім элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба сер­ти­фи­ка­ты­ның бар бо­луын және нақ­ты­лы­ғын/өзек­ті­лі­гін тек­се­ре­ді.
4. Ті­зі­лім қа­был­дан­ған де­ректер­ді ав­то­мат­ты ре­жим­де фор­мат­тық-ло­ги­ка­лық ба­қы­ла­уды жү­зе­ге асы­ра­ды.
Ба­ла­ма­лы про­цесс. Де­ректер қа­был­дан­ды
5. Ті­зі­лім де­ректер­ді қа­был­дау ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ра­ды.
6. ЭСЖ ха­бар­ла­ма­ны қа­был­дай­ды.
Ба­ла­ма­лы про­цесс. Де­ректер қа­был­дан­ба­ды
7. Ті­зі­лім қа­те ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ра­ды.
8. ЭСЖ жа­ңа/өзгер­ті­л­ген жа­з­ба­лар­ды қай­та бе­ре­ді және Ті­зі­лім­ге жі­бе­ре­ді.

2 2. «Тізілімнен өзгертілетін деректерге сұрау салу»

сызбасы
Ата­уы:
Ті­зі­лім­нен өзгер­ті­л­ген де­ректер­ге сұ­рау са­лу
Мәнм­әтін:
Анық­та­ма­лық­тар­дың өзгер­ті­л­ген жол­да­рын бе­ру жа­ңа/өзгер­ті­л­ген жа­з­ба­лар бар болған кез­де ав­то­мат­ты ре­жим­де жүр­гі­зі­ле­ді
Негіз­гі про­цесс
ЭСЖ
Ті­зі­лім
1. ЭСЖ Ті­зі­лім­нен де­ректер­ді алу­ға сұ­рау са­лу­ды ба­ста­ма­шы­лық ете­ді. Сұ­рау са­лу топ­та­ма­сы қа­лып­та­сты­ры­ла­ды және бе­рі­ле­ді.
2. Ті­зі­лім сұ­рау са­лу­ғу ва­ли­да­ци­я­лау жүр­гі­зе­ді.
Ба­ла­ма­лы про­цес. Сұ­рау са­лу бой­ын­ша де­ректер­ді өзгер­ту та­лап етіл­мей­ді
3. Де­ректер­ді тол­ты­ру­дың қа­жет­ті­лі­гі емес ту­ра­лы,Ті­зі­лім ЭСЖ-ға жа­у­ап бе­ре­ді
Ба­ла­ма­лы про­цес.Сұ­рау са­лу бой­ын­ша де­ректер­ді өзгер­ту қа­жет
4. Ті­зі­лім де­ректер­ді тол­ты­ру­ға сұ­рау са­лу­ды қа­лып­та­сты­ра­ды.
5. ЭСЖ сұ­рау са­лу бой­ын­ша қо­сым­ша де­ректер­ді қа­лып­та­сты­ра­ды.
6. Ті­зі­лім алын­ған де­ректер­дің сәй­кестен­дір­гіш­те­рін қай­та жі­бе­ре­ді.
7. ЭСЖ ха­бар­ла­ма­ны қа­был­дай­ды.

3 3. «Тізілімнен анықтамалық деректерді сұрау салу» сызбасы

Ата­уы:
Ті­зі­лім­нен анық­та­ма­лық де­ректер­геі сұ­рау са­лу
Мәнм­әтін:
Анық­та­ма­лық­тар­дың жол­да­рын бе­ру үй­ле­сті­ру ре­жи­мін жүр­гі­зі­ле­ді
Негіз­гі про­цесс
ЭСЖ
Ті­зі­лім
1. ЭСЖ Ті­зі­лім­нен де­ректер алу үшін сұ­рау са­лу­ға ба­ста­ма­шы­лық ете­ді. Сұ­рау са­лу топ­та­ма­сы қа­лып­та­сты­ры­ла­ды және жі­бе­рі­ле­ді.
2. Ті­зі­лім сұ­ра­уды са­лу­ға ва­ли­да­ци­я­ла­уды жүр­гі­зе­ді.
3. Ті­зі­лім сұ­рау са­лу бой­ын­ша ЭСЖ-ға анық­та­ма­лық­тар­дан де­ректер бе­ре­ді.
4. ЭСЖ ха­бар­ла­ма­ны қа­был­дай­ды.

4 4. «Жеткізушінің анықтамалық деректерін алу» сызбасы

Ата­уы:
Жі­бе­ру­ші­нің анық­та­ма­лық де­ректе­рін алу
Мәнм­әтін:
Жет­кі­зу­ші­лер­дің кар­точ­ка­ла­ры бой­ын­ша өзгер­ті­л­ген жол­дар­ды бе­ру де­ректе­рін алу жар­ты­лай ав­то­мат­ты ре­жим­де жүр­гі­зі­ле­ді
Негіз­гі про­цесс
ЭСЖ
Ті­зі­лім
1. ЭСЖ Ті­зі­лім­нен де­ректер алу үшін сұ­рау са­лу­ға ба­ста­ма­шы­лық бо­ла­ды. Сұ­рау са­лу топ­та­ма­сы қа­лып­та­сты­ры­ла­ды және бе­рі­ле­ді.
2. Ті­зі­лім сұ­рау са­лу­ға ва­ли­да­ци­я­ла­уды жүр­гі­зе­ді.
Ба­ла­ма­лы про­цесс. Сұ­рау са­лу бой­ын­ша де­ректер­ді өзгер­ту та­лап еті­ле­ді
3. Ті­зі­лім де­ректер­ді тол­ты­ру­ға сұ­рау са­лу­ды қа­лып­та­сты­ра­ды.
4. ЭСЖ Ті­зі­лім­нен де­ректер алу үшін сұ­рау са­лу­ға ба­ста­ма­шы­лық ете­ді. Сұ­рау са­лу топ­та­ма­сы құ­ры­ла­ды және бе­рі­ле­ді.
Ба­ла­ма­лы про­цесс. Сұ­рау са­лу бой­ын­ша де­ректер­ді өзгер­ту та­лап етіл­мей­ді
5. Ті­зі­лім ЭСЖ та­ра­пы­нан таң­дау үшін ті­зім­ді қа­лып­та­сты­ра­ды.
6. ЭСЖ жар­ты­лай ав­то­мат­ты ре­жим­де таң­да­уды жү­зе­ге асы­ра­ды. Сұ­рау са­лу топ­та­ма­сы қа­лып­та­сты­ры­ла­ды және бе­рі­ле­ді.
7. Ті­зі­лім қа­был­дан­ған де­ректер­дің тұ­та­стығ­ын тек­се­ре­ді.
8. Ті­зі­лім элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба сер­ти­фи­ка­ты­ның бар бо­луын және нақ­ты­лы­ғын/өзек­ті­лі­гін тек­се­ре­ді.
9. Ті­зі­лім қа­был­дан­ған де­ректер­ді ав­то­мат­ты ре­жим­де фор­мат­ты-ло­ги­ка­лық ба­қы­ла­уды жү­зе­ге асы­ра­ды.
Ба­ла­ма­лы про­цесс. Де­ректер қа­был­дан­ды
10. Ті­зі­лім де­ректер­ді қа­был­дау ту­ра­лы ха­бар­ла­ма қа­лып­та­сты­ра­ды және бе­ре­ді.
Ба­ла­ма­лы про­цесс. Де­ректер қа­был­дан­ба­ды
11. Ті­зі­лім қа­те ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ра­ды.
12. ЭСЖ жа­ңа/өзгер­ті­л­ген жа­з­ба­ны қай­та жі­бе­ре­ді және Ті­зі­лім­ге жі­бе­ре­ді.

5 5. «Тізілімнен Электорондық сатып алу жүйесіне хабарламалар жіберу» сызбасы

Ата­уы:
Ті­зі­лім­нен ха­бар­ла­ма­лар жі­бе­ру
Мәнм­әтін:
Ті­зі­лім­нен ЭСЖ-не оқи­ға­лар ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­лар жі­бе­ру
Негіз­гі про­цесс
ЭСЖ
Ті­зі­лім
1. Ті­зі­лім ЭСЖ-не бе­ру үшін ха­бар­ла­ма мәті­нін.
Де­ректер топ­та­ма­сы қа­лып­та­сты­ра­ды және бе­рі­ле­ді.
2. ЭСЖ де­ректер топ­та­ма­сын ала­ды.

6 6. «ЭСЖ деректер базасы тұтастығының аудиті» сызбасы

Ата­уы:
ЭСЖ де­ректер ба­за­сы тұ­та­стығ­ы­ның ауди­ті
Мәнм­әтін:
Негіз­гі про­цесс
ЭСЖ
Ті­зі­лім
1.Ті­зі­лім ЭСЖ аудит­ке сұ­рау са­лу­ды қа­лып­та­сты­ра­ды.
2. ЭСЖ-ны қа­лып­та­сты­ра­ды және де­ректер топ­та­ма­сын бе­ре­ді

7 7. «ОМСБ және (немесе) ЖСБ-ын ЭСЖ-ден Тізілімге жүктеу» сызбасы

Ата­уы:
ОМ­СБ және (неме­се) ЖСБ ЭСЖ-нен Ті­зі­лім­ге жүк­теу
Мәнм­әтін:
Жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­шы­лар­дың ОМ­СБ және (неме­се) ЖСБ са­тып алу­ла­рын жа­ңа/өзгер­ті­л­ген жа­з­ба­лар­дың бар болған жағ­дай­да үй­ле­сім­ді ре­жим­де жүк­теу.
Негіз­гі про­цесс
ЭСЖ
Ті­зі­лім
1. ЭСЖ жа­ңа жа­з­ба­лар­ды ОМ­СБ және (неме­се) ЖСБ Ті­зі­лім­ге бе­ре­ді.
2. Ті­зі­лім де­ректер топ­та­ма­сы­ның то­лық­тығ­ын тек­се­ре­ді.
3. Ті­зі­лім элек­трон­дық цифр­лық қол­та­ба сер­ти­фи­ка­ты­ның бар бо­луын және нақ­ты­лы­ғын/өзек­ті­лі­гін тек­се­ре­ді.
4. Ті­зі­лім қа­был­дан­ған де­ректер­ді ав­то­мат­ты ре­жим­де фор­мат­ты-ло­ги­ка­лық ба­қы­ла­уды жү­зе­ге асы­ра­ды.
Ба­ла­ма­лы про­цесс. Де­ректер қа­был­дан­ды
5. Ті­зі­лім де­ректер­ді қа­был­дау ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ра­ды.
6. ЭСЖ ха­бар­ла­ма­ны қа­был­дай­ды.
Ба­ла­ма­лы про­цесс . Де­ректер қа­был­дан­ба­ды
7. Ті­зі­лім қа­те ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ра­ды.
8. ЭСЖ ОМ­СБ және (неме­се) ЖСБ жа­ңа жа­з­ба­лар­ды сұ­ра­уды қай­та бе­ре­ді және Ті­зі­лім­ге жі­бе­ре­ді.

8 8. «Тізілімде және (немесе) ЭСЖ-нен ЖСБ деректерді өзгертуге сұрау салу» сызбасы

Ата­уы:
Ті­зі­лім­де және (неме­се) ЭСЖ-нен ЖСБ де­ректер­ді өзгер­ту­ге сұ­рау са­лу
Мәнм­әтін:
Жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­шы­лар­дың ор­та мер­зім­ді са­тып алу жос­па­рын және жыл­дық са­тып алу жос­па­рын са­тып өзгер­ті­л­ген жа­з­ба­лар бар болған жағ­дай­да үй­ле­сті­ру ре­жи­мін­де жүк­теу.
Негіз­гі про­цесс
ЭСЖ
Ті­зі­лім
СЭЗ Ті­зім­де­гі ЖСБ және ОМ­СБ жа­з­ба­ла­ры­ның де­ректе­рін өзгер­ту ту­ра­лы сұ­рау са­ла­ды.Сұ­рау са­лу топ­та­ма­сы қа­лып­та­сып бе­рі­ле­ді.
2. Ті­зі­лім сұ­рау са­лу­дың ва­ли­да­ци­я­сын жүр­гі­зе­ді.
Ба­ла­ма­лы про­цесс. Сұ­рау са­лу бой­ын­ша де­ректер­ді өзгер­ту та­лап етіл­мей­ді
3. Ті­зі­лім сұ­рау са­лу бой­ын­ша ЭСЖ-не жа­у­ап бе­ре­ді.
Ба­ла­ма­лы про­цесс. Сұ­рау са­лу бой­ын­ша де­ректер­ді өзгер­ту та­лап еті­ле­ді
4. Ті­зі­лім де­ректер­ді тол­ты­ру­дың сұ­рау са­луын қа­лып­та­сты­ра­ды.
5. ЭСЖ сұ­рау са­лу бой­ын­ша қо­сым­ша де­ректер­ді қа­лып­та­сты­ра­ды.
6. Ті­зі­лім алын­ған де­ректер­дің сәй­кестен­дір­гіш­те­рін қай­та жі­бе­ре­ді.
7. ЭСЖ ха­бар­ла­ма­ны қа­был­дай­ды.
Ескертпе:
аббревиатуралардың түсіндірмесі:
ЭСЖ – электрондық сатып алулар жүйесі;
ОМСБ – орта мерзімді сатып алулар бағдарламасы;
ЖСБ – жылдық сатып алулар бағдарламасы;
ЭЦҚ – электрондық -цифрлық қолтаңба.
Тізілім – жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі.

3 Тізілім мен электрондық сатып алу жүйелері арасында ақпараттық өзара іс-қимылдың түрлері

Көмірсутектерге және уран өндіруге қатысты электрондық сатып алу жүйесінің жұмысын жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер тізілімінің жұмысымен үйлестіру қағидаларына
3-қосымша
Тізілім мен электрондық сатып алу жүйелері арасында ақпараттық өзара іс-қимылдың түрлері

Түр­ле­рі
Ба­ста­ма­шы
Мы­сал
Алушы
1.
Де­ректер­ді бе­ру
ЭСЖ
Са­тып алу­ды құ­ру;
кон­кур­стық құ­жат­та­ма­ны өзгер­ту;
Са­тып алу­ды ұзар­ту;
Бір көз­ден са­тып алу негі­зін­де са­тып алу­ды құ­ру;
Бе­рі­л­ген кон­кур­стық өті­нім­дер­дің ті­зі­мін құ­ру;
Кон­кур­стық құ­жат­та­ма­ны жүк­те­ген жет­кі­зу­ші­лер­дің ті­зі­мін құ­ру;
Хат­та­ма­лар­ды жа­сау;
Са­тып алу­ды, хат­та­ма­лар­ды өзгер­ту;
Са­тып алу­ды хат­та­ма­лар­ды алып та­стау;
Жет­кі­зу­ші­ні қо­су;
Жет­кі­зу­ші­ні алып та­стау;
Жет­кі­зу­ші­ні өзгер­ту
Ті­зі­лім
2.
Жа­ңар­ту­ға сұ­рау са­лу
ЭСЖ
Анық­та­ма­лық­тар жол­да­рын жа­ңар­ту;
Жет­кі­зу­ші­лер­дің бар бо­луын тек­се­ру
Ті­зі­лім
3.
Уа­қыт­ты үй­ле­сті­ру
ЭСЖ
Жүй­е­лік да­та­лар­ды жа­ңар­ту
Ті­зі­лім
4.
Ва­ли­да­ция
ЭСЖ
Жет­кі­зу­ші­лер үшін анық­та­ма­лық де­ректер­ге сұ­рау са­лу
Ті­зі­лім
5.
Ха­бар­ла­ма­лар­ды та­ра­ту
Ті­зі­лім
Ақ­па­рат­тық та­ра­ту­лар­да,анық­та­ма­лық­тар­да­ғы өзге­рі­стер ту­ра­лы ха­бар­дар ету
ЭСЖ
6.
Аудит
Ті­зі­лім
Де­ректер қо­ры­ның тұ­та­стығ­ын тек­се­ру;
Ба­қы­лау со­ма­ла­рын алу;
Оқи­ға­лар­дың ло­гын алу
ЭСЖ
Ескертпе:
аббревиатуралардың түсіндірмесі:
ЭСЖ – электрондық сатып алулар жүйесі;
Тізілім – жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі.

4 Жұмыстарды үйлестіру кезінде пайдаланылатын жіктеушілер мен анықтамалықтар

Көмірсутектерге және уран өндіруге қатысты электрондық сатып алу жүйесінің жұмысын жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер тізілімінің жұмысымен үйлестіру қағидаларына
4-қосымша
Жұмыстарды үйлестіру кезінде пайдаланылатын жіктеушілер мен анықтамалықтар
р/с №
Жіктеуіштің атауы
1
Әкімшілік-аумақтық бірліктер жіктеуіші
2
Өнімнің статистикалық жіктеуіші
3
Өлшеу және есептеу бірліктерінің халықаралық жіктеуіші
4
Әлем елдерінің жіктеуіші
5
Шаруашылық ету нысандарының ұйымдық-құқықтық жіктеуіші

Қолданыстағы