Об установлении карантинной зоны с введением карантинного режима на территории области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении карантинной зоны с введением карантинного режима на территории области
- Атауы (қаз.)
- Облыс аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 270
- Қабылданған күні
- 07.06.2018
- Көрсетілген редакция
- 17.04.2019 122947_410932.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.04.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18D0004752
- ЭКБ идентификаторы
- 122947
- Редакция идентификаторы
- 122947_410932
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:10
0 Облыс аумағында
карантиндік режимді енгізе
отырып, карантинді аймақты
белгілеу туралы
«Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Карантиндік объектілердің түрлері бойынша жалпы көлемі 37369,2075 гектар жерге аудандар (қалалар) бөлінісінде карантиндік режимді енгізе отырып, қосымшаға сәйкес облыс аумағында карантинді аймақ белгіленсін.
2
2. Алматы облысы әкімдігінің «Облыс аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы» 2017 жылғы 24 наурыздағы № 125 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4198 тіркелген, 2017 жылдың 12 мамырында Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3 3. «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3 3) осы қаулыны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастыруын;
4 4) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары С. Бескемпіровке жүктелсін.
5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
10 Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы «07» «маусым» «Облыс аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы» № 270 қаулысына қосымша
Алматы облысының аумағында карантиндік объектілердің түрлері бойынша белгіленген карантиндік аймақ көлемі
№
Аудандар, қалалар
Барлық залалданған жер көлемі, гектар
Оның ішінде карантинді
объектілердің түрлеріне шаққанда
Калифорниялық қалқаншалы сымыр
Шығыс жеміс жемірі
Жұпсыз жібек көбелегінің азиялық кіші түрі
Картоптың алтын түстес жұмырқұрты
1
Алакөл
187,5
2
Ақсу
4944
3
Балқаш
8064
4
Еңбекшіқазақ
1562,605
335
237
68,5
5
Ескелді
416,951
6
Жамбыл
2130
7
Іле
233,4
17
10
8
Қарасай
871,8
15
15
9
Қаратал
3742,51
10
Кербұлақ
5320
11
Көксу
689,0135
30
12
Панфилов
1492,92
209,5
126,5
13
Райымбек
151
10
28
14
Сарқан
921,151
53,5
15
Талғар
988,687
140
20
16
Ұйғыр
3852
17
Текелі қаласы
12
5
18
Талдықорған қаласы
147,67
19
Қапшағай қаласы
1642
Барлығы
37369,2075
746,5
408,5
137
28
кестенің жалғасы
Жеміс ағаштарының бактериалық күйігі
Жусан жапрақты ойраншөп
Жатаған (қызғылт) кекіре
Арам сояулар
0,5
130
57
4807
137
7623
441
578,105
29
164
151
44,951
320
52
2000
130
200
6,4
35,8
175
458
173
0,51
3470
272
5111
209
0,0135
517
142
7,92
869
280
87
26
9,651
713
145
180,687
83
565
3680
172
7
27,67
10
110
75
1132
435
892,8075
362
31 856
2938,4